Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Бүгін - ұлы ақын Пушкиннің туған күні

Бүгін - ұлы ақын Пушкиннің туған күні

Бүгін - ұлы ақын Пушкиннің туған күні

Бүгін орыстың аяулы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің туылған күні. Осы орайда назарларыңыздан осы ұлы кісінің өмір жолын өткізбекпіз.

Пушкиннің өмірі 1799 жылдың 6 маусымында Мәскеуде басталды. Туылғанынан-ақ ақындардың ортасында өсіп, тәлім алған ол осы өнердің дәмін сезіп өсті. Неге десеңіз, жақын ағасы сол кезеңнің танымал ақыны болатын. Карамзин, Дмитриева, Жуковский секілді дүлдүлдерді қонақ қылып, өмірін ақындықпен өткізген ағасының өнері оған жұқпай қоймады. Әкесі де өз кезегінде баланы әдеби кітаптарға үйір қылуға тырысып бақты.

Пушкиннің адам ретінде қалыптасуына көп әсерін тигізген  Арина Родионованы да айтпай кетуге болмайды. Бала кезінде бағып-қағып ертегі айтып тәрбиелеген сол мейірімді әйелді болашақ ақын өле-өлгенше ұмытпады. Тіпті оған бірнеше өлең арнап, соның ауызынан естіген ертегілерді көркем тілде жазып, халыққа ұсынды.

1811 жылы Пушкин жаңадан ашылған патшалық лицейге оқуға аттанады. Сонда жүріп, болашақ қайраткерлермен танысып, ажырамас дос болады. Антон Дельвиг, Иван Пущин, Вильгельм Кюхельбекер сияқты майталмандармен бірге жүріп-тұрған ол сол кезеңдерден бастап алғашқы өлеңдерін жаза бастайды. Мәселен 1814 жылы, 15 жасында "Ақын досыма" деген өлеңі БАҚ беттеріне басылды.

1817 жылы лицейді бітірген соң ақын жігіт Петерборға көшіп, шет тілдері коллегиясына түседі. Осы кезеңдерде басқа да ақындармен етене араласып жүрді. Үш жыл өткен соң, әйгілі «Руслан мен Людмила» поэмасын жазып шығады. 

Қалжыңбас Пушкин түрлі адамдарға эпиграмма жазуымен де көзге түсе білді. Бірақ бұл ісі үшін 1823 жылы шығысқа айдалды. Айдауда жүріп, 1823 жылы өзіне ұлы абырой әкелген «Евгений Онегин» романын жазып шығады. 

1827 жылды ақын Михайловское селосында өткізді. Осында жүріп, желтоқсаншы достарының өлімі туралы ақпарды алғаш естіді.

Александр Сергеевич 1831 жылы Наталья Гончарованы әйелдікке алады. Осы жылдары оның «Дубровский», «Капитан қызы» секілді көптеген туындылары дүниеге келеді. Белинский, Гоголь секілді әдеби сыншылармен жолдас болады.

Ұлы ақын 10 қаңтар күні Дантэспен дуэлінен алған ауыр жарақаттан қайтыс болады.

сурет: 1001fact.ru

2732 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 06 маусым 2012, 13:24
Пікірлер
+0
06 маусым 2012, 14:36

Туған күн құтты болсын!

+0
06 маусым 2012, 14:41

мерейтой барлық халыққа ортақ. құтты болсын!

+0
07 маусым 2012, 19:43

Ершовтың "Конек Горбуногын" да Пушкин жазған дейді. Картадан ұтылып, ақысына қолжазбасын беріпті-мыс. Өтірік-шынын кім білсін, бірақ стилі келіп-ақ тұр

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...