Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / "Бәйшешек" әдеби бірлестігі

"Бәйшешек" әдеби бірлестігі

Бәйшешек - қыстың ызғарын қуып, ерте көктемде бүр жарып шығатын гүл. Бәйшешектің басқа гүлдерден ерекшелігі де сонда...

60-шы жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде бүр жарған "Бәйшешек" әдеби бірлестігі бүгінде кең даланың ауасында еркін тыныстап, жайқалып өсіп келеді. Мұндай іргелі рухани бірлестік техникалық жоғарғы оқу орындарында тұрмақ, педогогикалық университтерде де  жоқ. Болса да, тек аты ғана, жастарды шығармашылыққа баулу ісінде бел шешіп, білек сыбанып жатқан ешбірі жоқ. Ұйым болғасын ондағы ұйымшылдық деген нәрсе де болуы міндетті. Мұндай ұйымшылдық осы ортаның жастарын бір шаңырақ астына жинап, шығармашылық шырынымен азықтандыруда. Әр оқу орынынан сейсенбі күні студент жастар осында асығып жетеді. Себебі оларды мұнда рухани шабыт пен жарқын жүзді достар күтеді. Олар бірі-бірімен жарысып отырып, сиясы кеппеген жырларын оқиды, кеше ғана дүниеге келген прозалық шығармаларымен таныстырады. Олар осындағы ақындар жазған өлеңдерге ән жазып, өздері орындайды. Күй тартылады, дәстүрлі әндер шырқалады. Сын айтылады. "Бәйшешектің" басқа ұйымдардан  ерекшелігі де сонда...

Оларға әдебиет теориясының  өлең жазудың қыры-сыры бойынша сабақ жүргізіп, жетекшілік етіп жүрген қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, жазушы Аспандияр Әденұлы Өмірбеков.

Ең алғаш бірлестікке бірінші жазылып, ақ батасын берген Ақжан Машани болды. Ал Бәйшешектің алғашқы әдеби кеші Ілияс Есенберлинмен кездесуден басталады.

Сол кездегі Политехникалық институттың студенті, бүгінгі ғалым-философ, университеттің оқу, тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ұлықпан Сыдықов ұйымдастырған бұл ұйымнан Иран Ғайып, Қасымхан Бегманов, Бауыржан Қарабек, Бақтылы Өскенбаева, Бақытжан Тобаяқов секілді танымал ақындар өсіп шықты. Әйгілі Дос-Мұқасан ансамбілі мүшелері қалыптасты. Бұл ұйым Кеңес кезеңіндегі ұлттық рухтың ұлт мәдениетінің жандануына көп септігін тигізді. 1990-жылғы тоқыраудағы үзілістен кейін 2000-жылдардан бастап, «Бәйшешек» тағы да жанданып, бой көтере бастады.

Жақында әдеби бірлестіктің өз жыр жинағы шықпақ.

Ақындықтың  аспанында қалықтап қанатын кеңге жайған ұйымның белді мүшелері:

Мұрат Сұлтанбай - ҚазҰТУ магистранты, күйші, жас композитор,  үш әннің авторы

Қайсар Қауымбек - ҚазҰУ студенті, ақын

Жақсылық Қазымұрат - ҚазҰУ студенті, ақын, "Қара ала сырмақ" жыр жинағының авторы

Ретбек Мағаз - ҚазҰПУ студенті, айтыскер ақын, "Жастар жырлайды" сайысының бас жүлдегері

Алтыншапақ Хаутай - ҚазҰПУ магистранты, жас ақын

Қаламдарыңызға қарым тілейміз!

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: exclusiveflowers.ru, "Бәйшешек" әдеби бірлестігінің жеке сурет қоры

8064 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 31 мамыр 2012, 17:05
Пікірлер
+0
31 мамыр 2012, 19:24

Бәйшешектің басқа гүлдерден ерекшелігі де сонда...

+0
01 маусым 2012, 11:27

керемет жазады бәрі де! Сөз жоқ!

+0
03 маусым 2012, 17:56

Мен туралы жазбапсың ғой!!!!!!!!!! :lol:

+0
04 маусым 2012, 12:52

Ұйымның белді де, беделді мүшесі, ақын, КазҰТУ студенті - Асхат Сыдық! Айтпақшы, ол әрі блогер!!! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...