Биіктігі бір метр ертегілер кітабы

Биіктігі бір метр ертегілер кітабы

Жақында Тернаполь қаласында балаларға арналған әдеби "Дивокрай" фестивалі өтті. Үш күнгі уақыт аралығында Украинаның ең атақты һәм танымал ақын-жазушылары бас қосты. Олар өздерінің шығармаларынан үзінділер оқып беріп, дүкен мен кітапханаларда кездесу өткізді. Және фестиваль кезінде қала бойында ретро-троллейбустар кітаптар турасында ақпар таратып, қызмет жасады. Ал оқу конференциялары Тернополь бөгетінде жалғасын тапты. 

Gazeta.ua сайтына берген сұхбатында фестивальд ұйымдастырушыларының бірі Ирина Мацко авторлармен 29-ға жуық кездесу өткендігін жария етті. 

Салтанатты ашылымның басты жаңалығы - "Дывокрая ертегілері" деп аталатын алып кітап. Бұл жинақтың биіктігі 1 метрді құрайды (айналдырғанда 2 метр). Ойлап тапқан авторы - Ирина Мацко. Көмекті Тернопольдің бес мектебінің балаларынан алған көрінеді. Есесіне, балалар сүйіп тыңдайтын ертегілерін қоса алған сыңайлы. Кітаптың он бетіне бес ертегіден келеді.

Кітаптың таныстырылымы қалалық Тернополь орталық балалар кітапханасында өтті. 

"Авдекейлерге" арналған ертегілерді қалалық жазушылар жазып шыққан. Сол арқылы жазушылардың шығармашылығымен қоян-қолтық араласу мүмкіндігі туатындығын айтады. 

Аталған жинақтың Ирина Мацко болмаса, шығуы неғайбыл еді. Бірақ, оған қайғырып жатқан Ирина жоқ. Бастысы кішкене жастағы балалардың назарын аударту, солардың кітапханаларға жиірек келуге деген ниетін арттыру дейді. 

Кітапты Украинаның рекордтар Кітабына енгізуді қалап отыр. Бір уақыт аралығында жиналған кітаптың күнде тіркеле бермейтіні анық. 

Сурет: gazeta.ua

Л. Лига