Мұхтар Әуезов туралы деректер

Мұхтар Әуезов туралы деректер

Мұхтар Әуезов туралы әр қазақ білуі тиіс деректер.

Мұхтар Әуезов күзде туған (28 қыркүйек).

Мұхтар Әуезов Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор боп орналасып, дәріс оқыған. 

Германияға, Үндістанға, Чехословакияға, Жапонияға, АҚШ-қа, Өзбекстанға т.б. жиырмадан астам елге қызмет барысымен барып қайтқан. 

Он алты жасында Абай өлеңдерін жатқа айтқан.

Мұхтар Әуезовтің алғашқы шығармасы – "Дауыл".

1943 жылы 1942 жылы жарыққа шыққан "Абай" романын талқылау халық арасында үлкен науқанға айналған. 

Семей қалалық мұғалімдер семинариясында оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасында қойған.

Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітірген. 


Мұхтар Әуезов – ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының негізін қалаушы.

Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды.

Мұхтар Әуезов театрда да жұмыс істеген. 

Жазушы 4 рет үйленген. 

Жүсіпбек Аймауытовпен бірге «Абай» журналын шығарған. 

«Жыл келгендей жаңалық сеземіз» деген бір ауыз атақты сөзін 1960 жылы 26 желтоқсанда ҚазҰУ-да әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен өткен жастар поэзиясының кешінде айтқан. 

1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде, 63 жасында қайтыс болған.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Материалды дайындау барысында kk.wikipedia.org деректері пайдаланылды

Сурет: turkiya.kz, өңделген

Мұхтар Әуезовтің қанша ұрпағы бар?

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #1

М. Оңғарова