Тәубенің зоры – Тәуелсіздік

Тәубенің зоры – Тәуелсіздік

Құрметті оқырман, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 22 жыл толуына орай біз сіздерге тәуелсіздік туралы мақал-мәтелдердің топтамасын ұсынамыз.

Азат елдің аспаны ашық

Егемен елдің еңсесі биік 


Тәуелдінің соры қалың, тәуелсіздің бағы басым


Азат елін сүйген ұл  бақытты

Жаңа жұртын сүйген қыз бақытты

Тәуелсіздік туы — асқақ

Егеменді ел көрікті

Бетегелі бел көрікті

Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, тәуелсіз елдің ұлтаны бол!

Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің ырысы жарымайды

 Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні

Тәубенің зоры – Тәуелсіздік

Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман


Ханның да, қараның да рухани өзегі  – тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: goo.kz, altaynews.kz  

А. Әбілхан