Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Кітапты қалай көп оқуға болады?

Кітапты қалай көп оқуға болады?

Кітапты қалай көп оқуға болады?

Көп оқыңыз, бірақ санаулысын.

Жылына қанша кітап оқисыз? Айына қанша? Кітап оқу қайта сәнге айналып келе жатыр. Бүгінде жастардың көпшілігі кітаптардың бірінен-соң бірін кеміріп жатыр (тура мағынасында). Мұндай күйде олардың құмарлығы тоқтап қалмақ емес, керісінше, библиографиялық әлемдегі тәбеттері ашылған үстіне ашыла түспек. 

Егер сіз де кітап оқитын жандардың қатарынан саналып және айына ең кемі екі кітап оқитын болсаңыз, онда бұл мақала сізге арналады. Бұл тұста (төменнен) кітап оқу барысын реттестіруге үйреніп, кітапты көбірек оқуға мүмкіндігіңіз ашылады. 

Жаңа кітаптарды қарап жүріңіз

Күнде шығып жатқан кітаптарды назардан тыс қалдырмау үшін, Amazon’e немесе т.б. секілді сайттардың жаңалықтарына тіркеліп қойыңыз. Күнделікті шыққан кітаптардың тізімі хабарлама болып келіп тұрады. 

Әсіресе, осы тұста мобильді нұсқаның мүмкіндігін шет қалдыра алмаймыз. Қалтада жүретін қондырғыға ұнатқан кітапты жүктеп алуға болады.

Абай көшесінің бойында "Баспалар" үйі орналасқан. Сол жерде әр қабат сайын бірнеше баспаны кезіктіресіз. Әрі баспа кітаптары арзанға түседі.

Тізім жасаңыз

Оқитын кітаптарыңызды жеке парақшаңызда немесе қағаз бетіне тізіп шығыңыз. Қай уақытта болмасын, сіз оқуға тиісті кітаптар ондап, жүздеп табылып жатады. Сосын, кітап тізімін жасарда шатасып кетпеу үшін, екі бөлік жасаңыз. Бір бөлікте сіз оқитын кітаптардың тізімі тұрса, екінші бөлікте қосымша кітаптар қарастырылсын.

Сол арқылы жақын айларда оқитын кітаптарыңыздың түр-түсі айқындалады. Ал қосымша бөлікте қалып қойған кітаптар уақыты келгенше күте тұрмақ. Ұмытпай тұрғанда, әр жолы кітап дүкендеріне бас сұғып, оқитын кітап іздеп жатсаңыз, "оқуға ұсынылатын кітаптар" тізіміне көз жүгіртіңіз. 

Оқыңыз

Бір, екі, үш, төрт кітаптарды бір уақытта оқып жүретіндер адамдар бар. Елестету қиын, әрине, мұндай адамдардың милары ашып кететін шығар. Өйткені, бір кітапта қаншама кейіпкер, асуы күрделі оқиға желілері кездеседі. Ал соның бәрін бір уақытта бір басқа сыйдырып, көркемдік қасиетін жоғалтып алмай оқу қиын шаруа.

Сондықтан, егер бір кітапты бар ынтамен, зейін қоя отырып оқығыңыз келіп жатса, ең алдымен өзіңізге ереже бекітіңіз: бір мезгілде бір кітаптан артық оқымау және соңына дейін оқып шығу. Романды 20-бетіне келген жауып тастап, сөреге қойып жататын тұс – көптеген адамдардың қателігі. Себебі, кейбір романдардың ең қызықты, "ең дәмді" жері аяқ жағына қарай кездеседі. 

Оқығаныңызды есте сақтаңыз

Егер сіз жүз кітап оқи тұрып, сол уақытта бірде-біреуі еш нәрсеге үйретпесе, онда өзіңізді ешқашан кітап оқымағаныңызға сендіре беріңіз. 

Кітапты зерделеп оқу қажет. Әр беттен кем дегенде бірді-екілі маңызды ақпарат табуға болады. Ол үшін мектеп кезіндегідей конспекті жүргізіңіз: кітаптан даналық ойларды теріңіз, қызықты беттердің нөмірі, маңызды саналатын адам аттары мен даталар.

Егер сіз қағазсүйер қауымнан саналмасаңыз, онда технологиялық жүйелерде белгі қалдырып отыру әлдеқайда оңтайлы. Және белгілеп алған дүниелер кез келген уақытта еш қыиндықсыз табыла кетпек.

Конспекті жасалған кітаптар ішкі мәтінін жақсы сақтауға көмектесіп қана қоймай, әрқилы уақытта сүйікті авторыңыздың ой ұшқындарына бөлемек.

сурет:Shutterstock

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

4550 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 28 маусым 2013, 18:07
Пікірлер
+0
28 маусым 2013, 19:18

Абай жолы 1-том оқып жатрым...өте қызықты. :) бірақ шынымды айтсам басым аурып кетет... :oops: бырақ мен бір күнде 10-20 беттен оқып журмін... :roll:

+0
29 маусым 2013, 00:31

ал менин уакытым жок :(

+0
29 маусым 2013, 06:56

қазір мүлде оқымаймын, оқыған кітаптарым аяқсыз қалып қояды(

+0
30 маусым 2013, 21:57

и так коп оким

+0
07 шілде 2013, 20:31

Электрондық кітапты сатып алуға да болады.

+0
26 тамыз 2013, 18:56

:) Кітаптың ұнаған жерлерінің астын сызып оқып шығамын... Екінші рет оқығым келгенде бір бір қарап есіме түсірем... Болмаса биыл "Махаббат қызық мол жылдарды" қайталап оқығым келген... Қайта оқығаннан жалығасың... Амал жоқ бірде астын сызып оқымағаным үшін қайта оқуға міндеттімін... Кезінде сессияны ысырып бір кун бір тунде аяқтап ем... Нұршайықов шығармасында кермек дәм бар ғой....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...