Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Зинол-Ғабден Бисенғали: «Қанша қаламгер болса, сонша проблема бар»

Зинол-Ғабден Бисенғали: «Қанша қаламгер болса, сонша проблема бар»

Зинол-Ғабден Бисенғали: «Қанша қаламгер болса, сонша проблема бар»

– «Қазан төңкерісіне дейін қазақта түк те болған жоқ» деген заманда «ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы» деген тақырыпты қорғап шықтыңыз, тың тақырыпқа қалай келдіңіз?

– ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихына, оның ішінде прозаға мен Бейсенбай Кен­жебаевтың арқасында келдім

 

десем де бо­лады. Университетті бітіріп, арада 6 жыл­дай уақыт жұмыс істеп, аспирантураға қайта келген соң Мұқағалидың поэзиясын зерттеймін деген болатынмын. Сонда ма­ған жетекші етіп Бейсекеңді тағайындады. Жетекшім «Мұқағалиды зерттесең, жетекші бола алмаймын, егер менімен жұмыс істе­гің келсе, ХХ ғасырдың басындағы әдебиетті аласың» деген соң біраз ойландым. Кафед­ра меңгерушісі Зейнолла Қабдолов қалай болғанда да, Бейсекең айтқанды орын­дауым керектігін қадап айтты. Нақты ны­сан­ды анықтауда да қиналдық. Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Қадыр Мыр­залиевтердің поэтикасына қарағанда өткен ғасыр басындағы дидактикалық ағарту ісін баяндайтын әдебиет маған қарабайырлау көрінді, ұнамады. Біраз жүріп, кітапханаларды аралаған соң, «ХХ ғасыр басындағы проза» деген тақырыпты таңдап едім, Бейсекең қатты қуанып, «Ой, айналайын, жақсы тақырып таңдадың, енді зерттеуге кіріс» деп батасын берді. Осылай ХХ ғасырдың басындағы прозаға келдім. Ол кезде енді белгілі ғой, 30-шы жылдарға дейін қазақта дені дұрыс проза болған жоқ, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы» эскиз, ал Спандияр Көбеев­тің «Қалың малы» эксперимент, нашар үлгі делініп жүрді. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалын» оқуға мүмкіндік жоқ еді. Түпнұсқасын тауып оқысақ та, айта алмайтын, тіпті атын атай алмайтын заман еді. Жүсіпбек Аймауытовтың да прозасы қолға тимейтін, белгісіз қалып келді. Мен зерттеуге 1978 жылы келгенде Мұхтар Әуезовтің «Қилы заманы» елге енді ғана қайтып келіп жатқан тұсы еді. Оны 1976 жыл­дарға дейін қазақ әдебиеттану жур­нал­дары еркін басып шығара алған жоқ. 1967 жылы Рымғали Нұрғалиев алғаш газетке жазып, Ғабит Мүсірепов пен Ахмет Жұбановтар мақұлдаған соң шықты. Міне, осындай жағдайлар да болатын. Енді осы тақырыптарды зерттеу керек болды, сонда ең бірінші сүйенген мәліметім «Айқап» жур­налы мен «Қазақ» газеті болған. Ағыл­шын тілін оқып, араб қарпінен сауатым болмағандықтан, ептеп, ежіктеп оқитын деңгеймен жүрдім.

– Ұлттық әдебиет пен ортақ әдебиет тарихы деген түсініктерге ойысып келе жатырмыз. Бізде «Абайға дейін әдебиет болмады» деген канонды осы мәселелер бұзып-жаратындай әсер қалдырады...

– Бұл мәселе көп айтылып келе жатыр. Қазақ әдебиеті бірде Орхон-Енисейден басталады деді, одан кейін тіпті әрмен қарай біздің дәуірімізге дейінгі VІ ғасырдан басталады делінді. Оған «Диуани лұғат ат-түрікте» жолығатын әдебиет үзінділерін, Шу батыр туралы дастанды, Ергенеконды қосады. Ол кезде өзбек, қазақ деген жоқ. Осы аймақтарда тұратын этникалық топтың мұрасын ортақ әдебиетке жатқызамыз. Осының барлығын айта келе, біз кейінгі Абайдың да оқығанын, Біржан мен Сара­ның айтысында кездесетіндіктен, Сараның да сол ортақ әдебиетті оқығанын біліп отыр­мыз. Халық прозасы негізінде жазыл­ған «Қисса-сүл-Әнбий-я» жинағында діни, мистикалық шығармалардың, ауыз әде­бие­тінің алуан түрлі жыр-дастандары бар. Жалпы, халық прозасы деген терминнің өзі орыс әдебиетінде 1960 жылдарда шыға бастады. Бізге де кейін келіп, оның теория­сын жасап, Сейіт Қасқабасов «Қазақтың халық прозасы» деген үлкен еңбек жазып шықты. Айтайын деп отырғаным, Роберт Оуэн деген америкалық жазушының 1958 жыл жарық көрген, ал бізге 1978 жылы аударылып келген «Әдебиет теориясы» деген кітабында оның жазба әдебиет пен халықтық әдебиет жайлы қызықты ойлары бар. Сол еңбекте олардың ортасындағы айырма соншалықты айтарлықтай емес делінеді. Оқып та, естіп те керемет әсер алуға болады. Енді Бейімбетке оралсақ, «Шұғаның белгісін» біреуден естіген әңгіме арқылы жазғанын білеміз ғой. Абайды мысалға алайық, ол шетелдің кітаптарын оқып отырып, сол сюжетін Баймағамбетке айтып берген. Енді Абайдан естіген дүниені Баймағамбет өзгелерге өз қиялы мен әсе­рін қосып әңгімелей бастаған. Міне, осын­дай әдебиет те бар. Және ол әдебиеттің тари­хы ертеде. Б.Кенжебаев та қазақ романының қайнарын іздесек, сол «Қисса-сүл-Әнбий-я» жинағынан, ондағы «Жүсіп-Зылиқа» хиссасынан басталатынын айтқан. Бұл – 78 беттік көлемді шығарма. Сол сияқты Бабырнаманы, Мұхамед Хайдар Дулатиды біздің прозаның басы ретінде тексеруге болады. Өкінішке қарай, біз осы мұралардың барлығын да жауып қойып отырмыз.

– Сонда осы ортақ әдебиеттен ұлттық әдебиетке өткен тұстары­мыз деп қай дәуірлерді, кезеңдер­ді атағанымыз дұрыс болмақ?

– Бұл – өте қиын сұрақ. Бізде бұған дейін Жәнібек пен Керей 1465 жылы бөлініп шықты, сосын сол жерде Қазақ хандығы пайда болды деген түсінік болатын. Бірақ оған Мұхтар Мағауин бастаған бірқатар тарихшы қарсы шықты. Расында да, Жәні­бек пен Керей бөлініп шықпас бұрын қа­зақ­та ел болмады деу сауатсыз адамның айтатын сөзі. Қазақ мемлекеті құрылғанға дейін қазақ этносы болды және оның дәлелі түрлі архивтерден шығып та жатыр. Жалпы, қазақ деген сөз VІ ғасырларда тарихи деректерде болды деген де пікірлер бар. Ал енді қазақты ұлт ретінде идеоло­гиялық дүниетанымы дәл қашан анықтала бастағанын ажырату оңай емес. Оның үстіне назар аударарлық жайт, бүгінгі тіл мен ғасырлар қойнауында қалған тілдің айырмашылығы бар. Мысал үшін айтайық, орыста «Слово о полке Игорове» деген бар. Ал соны қазір орыстар оқыса түсінбейді. Бірақ ол орыстың жәдігері ретінде қалып қойған. Сондықтан да біз көне тіліміз, көне философиямыз, көне әдебиетіміздің бар­лы­ғын кезең-кезеңге дәуірлеуде назарға алуымыз қажет.

– Қазіргі ақын-жазушылардың шы­­ғар­маларын оқисыз ба? Бүгінгі көркем әдебиет жайлы қандай көз­қарас­та­сыз? Көркемдікке қатысты қандай сыныңыз бар?

– Оқимын. Қолдан келгенше оқуға ты­рыс­сам да, олардың көптігінен көз жазып қалмау қиын болып кетті. Қазір баспалар да, ақын-жазушы да көп. Қазіргі баспалар­дың жиынтық моделі мынадай: директоры сол баспаның қожайыны, оның бухгалтері әйелі, балалары мен туысқандары редак­тор­лары. Кейін кітапқа «Мәтінде кеткен қатеге редакция жауап бермейді» деп жа­зып қояды. Өз басым, кітап оқуды бастаған соң оны аяқтағым келеді. Себебі оның соң­ғы жағында керек бірдеңе қалып қой­ғандай болады. Дегенмен де қазақ әде­биетін шетел әдебиетімен салыстырып көрсек, мықты екенін аңғарамыз. Мықты прозашыларымыз бен ақындарымыз бар. Біздің поэзия кез келген елдің ақынымен сынаса алады. Драматургия да дамып келеді. Жалпы, постмодернизмге бармай тұрып, модернизмнің не екенін ұғынып алайық. Егер модернизм шығармадағы идеялық жаңа бағыттар болатын болса, оны біз қазақ әдебиетінде ХХ ғасыр басында-ақ болғанын айта аламыз. Мәсе­лен, соғыстан кейінгі заманда жалқы адам­ның қоғамға тәуелді екені жайлы идеялық, стильдік бағыттар көрінсе, ал постмодер­низмде көбіне жалқы авторлық идея сан түрлі әдістер арқылы беріледі. Десек те, постмодернизмнің ірі-ірі қағидалары әлі де қалыптасып үлгерген жоқ. Әлі де қалып­тасып жүргенін экспериментті зерттеуші ғалымдар да айтып жүр. Осы экспериментті жазып жүрген жазушыларымыз Төлен Әбдіков, Мұхтар Мағауин, Дидар Амантай, Айгүл Кемелбаева, Алтай Асқарлардың ізденістері бар. Өмірден өтіп кеткен Баққо­жа Мұқайды, жаңа тақырыпты өзінше жазып жатқан Смағұл Елубайды айтуға болады. Дей келе, әдеби сынның алдында­ғы проблеманың көптігін айта кетейік. Се­бе­бі мен қаламгермін деп жүрген қаншама адам болса, соншама проблема бар. Қазақ әдебиетінде 700-ге жуық қаламгер бар. Ал әдеби сын жоқ. Тіпті кейде кітап бетін парақтап шыға салып, сын жазатындар кө­бейді. Сыншы нағыз парасатты адам болуы керек, дамыған, эстет, сезгіш, сұңғыла бо­луы қажет. Бізге қазіргі түсініксіздеу болып жүрген постмодернистік шығармаларды жалпыға түсіндіріп бере алатын адам керек.

– Ғаламтордың көркем әдебиет ті­лі­не, әдебиеттануға ықпалын байқап отыр­­сыз ба? Жалпы, ақпараттық тех­но­­логияның әдебиетімізге, сөз өнеріне алып-қосары не болмақ?

– Ақпараттық технологияның әдебиет­ке, қоғамдық санаға деген ықпалы өте зор. Қазір қағазсыз әдебиет пайда болды. Бірден сол компьютер бетіне түсіре алатын адам бұрынғылардан гөрі аса дарынды, өте ақылды, байқампаз болуы керек. Себебі монитор алды мен қағаз бетіндегі мәтін екі бөлек дүние. Қате сөз тіркестері де кетуі мүмкін. Сондықтан да қаламмен жұмыс жасау қауіпсіздеу.

– Шәкірттеріңізге әдебиетте не нәрсеге көңіл бөліп оқуын қадағалап, талап етесіз?

– Қазіргі студенттер оқулықта жазылған қысқа білімді оқып алады да, қайта айтып бергеннен басқа дым да істемейді. Бұрын шәкірттеріме бір семестрдің ішінде 20-30 кітап оқуын талап ететінмін. Қазір олай емес, олардың басқа да салалардағы білімі жетілуін ойлап, талапты жұмсарттым. Бірақ Абайдың өлеңдерін, ғақлияларын, қара сөздерін қарау, М.Әуезовтың романдарын, Ғ.Мүсіреповты, Ә.Кекілбаевты, Ә.Нұрпейі­сов­ты, М.Мағауинды оқу – әрбір жастың міндеті. Қазір 100 кітап оқу деген ұран шығып жатыр, расын айтсам, бұл көп кітап­ты ешқайсысы да оқи алмайды. Сондықтан да орындалатын тапсырмалар беруге тырысып келе жатырмыз. 40 жыл бойғы педагогикамның мақсаты да – осы.

Сұхбаттасқан: Алшын Матай

Сурет: Жеке мұрағаттан

1444 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 24 маусым 2013, 11:31
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...