Толстойдың ғашықтық хаты

Толстойдың ғашықтық хаты

Сүйікті Андревна:

Мен осыдан әрі қарай төзуге шарасызбан, үш аптаға созылды. Құдайдың құтты күні өзіме-өзім: «Бүгін қалай да барлығын айтуым керек» деймін, бірақ, қасіретті, өкінішті, қорқынышты және бақытты сезімдерге шомған көңіл-күй тағы да тайсақтай береді. Әр күні кеште дәл бүгінгідей өзіме-өзім қапа болып: «Неге айтпадың?» деймін. Осы жолы мына хатты ала келдім. Егер тағы да айта алмасам, сізге көңілімдегіні ақтаруға дәрменсіздік етсем, онды мына хатты беруіме рұқсат еткейсіз.

Меніңше сіздің үйдегілер мені әпкеңіз Лизаға күйіп қалды деген қате түйсікте сияқты. Мұның жөні жоқ. Сіздің повесіңіз көкірегіме терең ұялады. Оны оқығаннан кейін мына бір нәрсеге кәміл сендім. Мен Добролиский (Софияның повесіндегі ер кейіпкер) бақытты аңғара білуге де жарамайды. Сізде махаббатқа деген ләззат, лирикалық ынтызарлық бар... Сіз кімді сүйсеңіз де, қызғанбаймын. Келешекте де қызғаншақтық жасамаймын. Қайта, сіз үшін сәбиге қуанғандай қуанамын.

Кезінде сізбен бірге бола қалсам-ақ жасымның үлкендігі (сол кезде Толстой 34 жаста, София 18 жаса ғана еді) мен бақытқа кенеле алмайтыным дереу есіме оралады деп жазған едім. Рас, сол - дәл өзіңіз.

Бірақ содан бастап бертінге дейін өзімді-өзім алдап келемін. Егер сол кезде барлығын қайырып тастай алған болсам, өзімнің баяғы адамдық қалпыма қайта оралып, айдай «Бұтханамда» беріле қызмет істеген болар едім. Ал қазір еш нәрсе істей алар емеспін. Отбасыларыңызға лаң салғандай, әрі, сіз сияқты адал жанмен болатын қарапайым да қымбатты достықтан айырылып қалғандаймын, бірақ, мен одан айырыла алмаймын.

Солай да оны сақтап қалуға дәрменсізбін. Сіз адал жансыз, албырттық істемей, аспай-саспай айтыңызшы, қайтуым керек? Егер бір адам әлде нені әжуаласа, сол орынсыз күлкісіне бодау беру керек. Егер бір айдың алдында маған, дәл менің қазіргідей күйік тартқан біреу бар десе, оған ішегім қатқанша күлер едім. Бірақ, мен қазір бақыт үшін азап шегудемін. Адал жан, айтыңызшы, менің жұбайым болуға келісесіз бе, жоқ па? Ойлағаныңыздай болса батылдықпен «Қосыламын!» деуіңізге болады. Егер өзіңізге өзіңіздің зәредей күмәніңіз болса, онда, «Қосылмаймын!» десеңіз болғаны.

Өтінемін, алты қайтара ойланып көріңіз!

... Қосылмаймын десеңіз мен үшін қорқынышты екені аян, бірақ, мен бұған төзе аламын. Егер мен сіздің жұбайыңыз болып қалсам,сіз менің сізді сүйгенімдей мені сүйе алмасаңыз, онда қорқыныштың үлкені сол болады.

Құрметпен: Толстой

Аударған: Сұңқар Ақбоз

Сурет:the100.ru  

M. Auelkhan