Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Ақын-жазушылар журналистикада күн көру үшін жүр ме?

Ақын-жазушылар журналистикада күн көру үшін жүр ме?

Ақын-жазушылар журналистикада күн көру үшін жүр ме?

Журналистика шығармашылықты жұтып қояды. Бұл – ауызекі тілде соншалықты жаттанды, қалыпты сөз тіркесіне айналған сөз. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірқатары журналистика мамандығын таңдайды. Сонда ақын-жазушылардың мамандығы қандай болуы керек?

«Лениншіл жас» (Қазіргі «Жас Алаш») газетінен бастап қырық жылға таяу журналистика саласының майталманы болған Шерхан Мұртаза, 1962 жылдан бастап «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі қызметінде болған, кейінде «Жұлдыз» журналын басқарған Мұхтар Мағауин, «Коммунизм туы» («Дидар»), «Лениншіл жас», «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған Оралхан Бөкей сияқты қаламгерлердің мамандығы журналист емес пе еді? Мұндай тізімді мысал етіп жинақтай берсек, ақын-жазушылардың барлығын да атап шығуға керек болар. Әрине, шығармашылық пен журналистиканы екі бөлек қарастырғанымыз қаншалықты дұрыс екенін пайымдамай, тек осы «Қаламгердің мамандығы қандай?» деген жалаң сұраққа жауап іздеп көрсек қайтеді?

Журналистика шығармашылыққа қаншалықты әсер етеді? Оң-терісін саралап көрсек? Бұл туралы шығармашылық адамдары не айтады екен?

Қаламгер азаматтардың мамандығы қайсы? Журналистика шығармашылыққа зиян ба, әлде пайдалы ма?

Алмат Исәділ, ақын, «Алаш айнасы» газетінің өркениет бөлімінің жетекшісі:

"ЖУРНАЛИСТИКА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ АСЫРАЙДЫ"

 

- "Шығармашылықты журналистика жеп қояды" деген бос сөз. Бұрынғы, кейінгі ақын-жазушыларымыздың дені осы журналистиканың сапырылысқан тірлігінен қайнап шыққан. Әсіресе баспа, баспасөз саласы шығармашылық адамының белгілі бір дәрежеде шыңдалып, өсуіне кәдімгідей ықпал етеді. Өз басым журналистикаға көбіне кәсіп тұрғысынан қараймын. Былайша айтқанда, журналистика шығармашылықты асырайды деуге болады.

 

Қанат Ескендір, жазушы, "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі:

"КҮНДІЗ ЖУРНАЛИСТИКА, ТҮНДЕ ӘДЕБИЕТ"

- Жазушы қауым журналистикада күн көру үшін емес, шығармашылықты қаржылай қамтамасыз ету үшін жүр.

Қазір баспамен келісімшарт жасасып, нақты тақырыпты белгілі бір мезгілге дейін кертіп жату деген жоқ. Әрі-беріден соң баспа үшін жекелеген жазушылар, оның ішінде "пиары" келісіп тұрғандарының өзі бір мезеттік "жоба". Сондықтан да "басқа салса баспақшыл" деп, күндіз журналистика үшін, түнде әдебиет үшін қағаз кеміреміз. Жалпы, әдебиет қалың оқырман үшін жазылмайды, әрбір шығармашылық иесі өзі үшін жазады. Бұрын да солай болған, қазір де солай... Солай бола береді де!

Тоқтарәлі Таңжарық, ақын, «Дала мен қала» газетінің тілшісі:

 "ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ДЕМЕУ БЕРЕДІ"

- Журналистиканың онымен пайдаланған адамға зияны жоқ. Әлемдегі көптеген қаламгерлер журналистік қызмет істеген.

 

Хемингуэйіңіз де, Маркесіңіз де кезінде қаламақыға мақала жазып, күн көрген. Қара мақалаға жұтылмай, өзін аяп әрі сақтап жазса, қаламгерлігіне зияны тимес. Тіпті кейде пайдалы тұстары да болуы мүмкін. Сіз әдетте байқай бермейтін нәрсеңізді журналистикаға етене араласқанда білесіз, күнделікті ақпарат тасқынының ішінде жүресіз, егер шығармашылық қуатыңыз болса, осы қайнаған өмірден ойып алып, көркем туынды жазуыңызға болады. Достоевскийдің негізгі романдарының желісі газеттегі күнделікті оқиғалардан өрістегені сондықтан. Ал зиянды тұсы кейде өлеңге жұмсар қуатыңды қара мақалаға салып жіберуің кәдік...

 

Бейбіт Сарыбай, жазушы, «Алаш айнасы» газетінің тілшісі:

"БІРАЗ ЖАЗУШЫЛАРЫМЫЗ ЖУРНАЛИСТИКАДА КҮН КӨРУ ҮШІН ЖҮР"

- Шерхан Мұртаза, Мұхтар Мағауин, Оралхан Бөкейлердің заманының ертегі болғаны біз үшін аңыз. Ол кезде жазушылықпен-ақ күн көруге болатындығынан хабарымыз бар. Ал бүгін... Жағдай қиын. Өлеңнің маңдайынан сипап, прозаға ақша төлейтін ақымақ үкімет жоқ. Демек ақындықпен, жазушылықпен бала-шаға бақпақ тұрмақ, жеке басыңды алып жүру қиын. Сол үшін де ақыныңыз да, жазушыңыз да журналистиканың қамытын киюге мәжбүр. Қаласа да, қаламаса да. Бір кітабыңыздың қаламақасы 60 мың теңге. Ол дегеніңіз журналистикадағы жарты айлығыңыз. Демек, біраз жазушыларымыз журналистикада күн көру үшін жүр. Жеке өзіме салса, егер жазуға жағдай жасалса, тек қана жазушылықпен айналысып, жазып, оқып жатар едім. Таза журналист достарымның тарысына таласпай. Амал жоқ, солардың нандарына ортақтасуға тура келіп тұр. Олар қаласа да, қаламаса да.

Ал Шерағаң, Орағаңдардың жағдайы басқа. Мұхтар Мағауин де ақпарат іздеп сандалып, қарапайым тілшінің күйін кешкен жоқ. Шерханның күллі жазбаларын ақтарып, "Кеше бәленше жерде, түгенбай деген жиын өтті. Оған түгенше бастаған бірқатар адамдар қатысып, баяндама жасады" деген жолды таба алмайсың. Олар тұлғалық қызмет атқарды. Көш бастады. Ол дегеніңіз шығармашылыққа соншалық зиян емес. Қара мақала жазып, жазуыңызды құртып алсаңыз, сол зиян. Кішігірім тілші болып жүрген құрдастардың шығармашылығына зиян. Ал қорыта айтсақ жазушылық мамандық емес, өнер. Ақсүйек өнер.

P.S. Түптің түбінде әр қаламгердің өз ебі мен ыңғайы бар, журналистиканың қыры мен сырын жазбай таныған шығармашылық адамдары жоғарыдағыдай топшылады. Әдебиет мамандық емес. Десек те, қазіргі кезде жазушыларға ең жақын мамандық журналистика екенін мойындағанымыз дұрыс. Ал оны «Жазушылар журналистикамен күн көріп жүр» дейсіз бе, әлде «Жазушылар журналистикаға дем беріп жүр» дейсіз бе – әрменгісі сіздің ой...

Сауалнаманы жүргізген: Ардақ Құлтай

1101 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 20 мамыр 2013, 17:23
Пікірлер
+0
20 мамыр 2013, 18:45

Өздері солай десе солай шығар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...