Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Оралханның орамды сөздері

Оралханның орамды сөздері

Оралханның орамды сөздері

Атақты сөз зергері Оралхан Бөкейдің шығармашылығынан жүрекке жатталып қалар, орамды ойларын ұсынып отырмыз.

***

Тек қана алға, алға ғана тура тартқан, жастық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қың етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес көкбеттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба?!

***

Махаббат - тәбиғат өзі берген құдіретті сезім. ондағы ең үлкен сыйлық - айнымас сыйластық. ол әркімге де тән қасиет, ал нағыз сыйластық кез-келгеннің қолынан келмейді...

***

Бақыт дегеніміз әр таңды тірі қарсы алып, әр күнді көзімізбен шығарып салу. өзгенің бәрі өзіңді алдау үшін тапқан қитұрқылар...

***

Біздің білетініміз: замана көші байсалданып, баянды ғұмыр кешкен сайын, өмір сүру жеңілдеп, сауық-сайран көбейген сайын, санамыз сарабдал тартып, таңғажайып оқиғаның куәсі болған сайын құлқынымызға құм түскендей қатал да, қайырымсыз, ешкімге де, ешнәрсеге де сенбейтін сезімсіз "Сергектік" жайлағандай еді...

***

Дер кезінде өле білуден үлкен өнердің жоқ екені сол, ондай жаңғырып қайта туар, қайта жасар иманды талантты сізге жазбаған, сіз бар болғаны жер бетімен қи домалатқан қоңыз пенде ғанасыз, қандай аянышты мүскіндік...

***

Мықты болсаң қайталама менің өмірімді, бөрінің артынан бөлтірік ақылдылығынан еріп жүрген жоқ.

***

Мәңгілікке ұласатын ұлылық - жалған дүниені майша шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, тіпті, ілініп-салынып алжығанша жасауда емес, артыңа өшпес із қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу, яғни өз өміріңді оқыс әрі әдемі аяқтату.

***

Бақилық ғұмырыңа жетер қайғы мен қуаныш адам басында өлшеулі ғана болады.

***

Біз қатігезденіп барамыз, біз имансызданып барамыз, біз айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз. Біз бабамыздың батасын ұмыттық, біз тарихымызды таспен бастырып, бір күні қыз-қызды қызыққа мастанып тасыраңдадық, көзімізді шел басты, көңіліміз көр, жігеріміз құм болып құрдым дәуреннің әләулайын шырқап жүрміз... Берекесі де бекер ішім-жемнің құлы болсақ, біз үшін жалғыз жанын садақалаған ата-баба әруағынан ұят емес пе?! Йә, әруаққа адалдық, өткенге иман болмайынша тірілерге салауат жоқ. Тіпті біз күні бүгінге дейін ұлттық адамгершілік, имандық бет-бейнесі мен болмысын, келбеті лайықтылығын анықтай алмай жүрміз...

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: egemen.kz

6618 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 05 мамыр 2013, 21:20
Пікірлер
+0
07 мамыр 2013, 02:35

арғымаққа мінгендей зулап өте шығу

+0
21 мамыр 2013, 12:16

Қара сөзбен жырлаған, қайран ағам-ай!

+0
16 маусым 2013, 13:06

Еркіндікті аңсаған ақын жүрегі

+0
11 шілде 2013, 17:23

Оралхан жастай кеткен жазушы, ол жазғанда өмірдегі болып жатқан оқиғаларды айнытпай жазады.Ол арманына жете алмаса да әдебиеттегі қалатын өз атын мәңгі қалдырды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...