Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Қытай ақындары – 2

Қытай ақындары – 2

Қытай ақындары – 2

Хастүлек бауырымыздың "Қытай ақындары" тақырыбындағы аудармасының жалғасын ұсынамыз. Бүгін назарларыңызда Шуй Жиңя есімді қытайлық ақынның Хайзы туралы мақаласы. 

 

Ақын Хайзы

Шуй Жиңя (Ақын, сыншы. Хай Нан поэзия зерттеу орталығының профессоры)

Хайзы қандай ақын?

Мүмкін, Хайзы Жоңгодағы бірден-бір тірлігінде ат-атақсыз жүріп, өлген соң, даңқы әлемді шарлаған ақын шығар. Мұндай ақын аса сирек. Өйткені, мұндай ақын сөзсіз мына екі шартты орындау керек: біріншісі, жастай һәм тосын қаза болуы, екіншісі, өлең жұртты мойындатуы қажет.

Есімде қалуынша, Хайзының жырлары қымбат бағалы жібек талшығындай шыдамды да жылтыр болып, дамылсыз дірілдеп, өзі сырға, мұңға толып тұратын. Міне, осы қасиеті арқылы Хайзы жырлары соңғыларға «Ақын заттарды соншама зейін салып, бар пейілімен бақылайды. Сондықтан да оның тілінен шынайылық пен қарапайымдылықтың иісі аңқып тұрады, әрі мұндай көріністегі қарапайымдылықтың артында тіл жетпес нәзіктік пен діріл жасырынып жатады екен-ау» дейтін аса мағыналы, қос мәнді ой салды. Сондықтан, тілінің айшықтығы мен жан дүниесінің жабырқаулығы Хайзы өлеңдеріндегі сырлы қарама-қарсылықтың қайнары.

Хайзы Жоңго осы заманғы ең үздік ақындардың бірі екені шүбәсіз. Бірақ мұның Хайзы өлеңдері мен өлімімен, сондай-ақ өлеңдерінің өзіндік орнымен ешқандай себеп-салдарлық қатынасы жоқ. Қоғамдық жағдайы бөлекше жылдардың бөлектеу түрткісіне жолыққан ақынның өлімі оның жырларының жапа-тармағай оқылуына мұрындық болды. Тіпті, аяқ астынан аяқталған дәурені оның өлімінен соң өлеңдерінің жалғасты оқылу формасымен жалғаса түсті. Сондықтан кейбіреулер «Ақын Хайзының өлімі дәуіріміздегі аңыздардың біріне айналды» десті. Тағы біреулер «1989 жылдың 26 наурыз күні жыр дәуірінің аяқталғаны жарияланды...» деді. Кейінгілер бұл сөздерді сандырақ деуі де мүмкін. Бірақ бұл белгілі жыр тарихының бұлтартпас шындығы.

Поэзия сыншысы салауатыммен менің бек қынжылатыным Хайзының «Көктемнің бөленейін, құлпырған гүлдерімен» деген жыр жолдарын оқырманның қате түсініп, қате қолдануы мен сауда саласындағы бұрмалануы:

Хайзы:

Ертеңнен бастап, бәлем, бақытты жан болайын,

Ат жемдеп, отын жарып, әлемді айналайын.

Ертеңнен...

Көңіл бөліп, астық пен көкөніске,

Үй болып, бетім төсеп көктемгі желемікке.

Құлпырып гүл-бәйшешек, көктеммен амандасып,

Айтайын құшқандығын мені де сараң бақыт...

– дейді. Анау арсыз қора-жай саудагерлеріне олардың бақытты тұрмысының «жарнама сөзін» жазған адамның бұл өмірден түңілген біреу екендігін, тек «Ертеңнен бастап» қана көктемі келіп, көңіл гүлдері бүр жаратын, бұл пәниден көңілі қалған тірі өлік екендігін айтып түсіндірер жан бар ма екен, сірә?!

Хайзының бүгінгі поэзияға ықпалы

Хайзы дәуіріміздің ақындарына өлеңнің тылсымдығы мен лирикалылығын танытты.

Тылсымдық – поэзияның мәңгілік қанаты. Поэзия күні көктен түспегенде ғана оның сәулесі он сегіз мың ғаламды нұрландыра алады. Мен адамзаттың көлемді лирикалы дәуірінің әлдеқашан ақырласқанын мойындаймын. Өйткені, лирика өзін ұната білуден немесе жазатайым етуден туынадйды. Өзінің рухы мен тәніне айырықша көңіл бөлуден, адамдар шоғырының көбейуінен, сондай-ақ информация мен қарым-қатынасытың қалыптан тыс етек етек жайуына байланысты лириканың үні өзге дүниеден парықталудан қалып барады. Әрине, бұлар өлеңнің лирикалылығынан айырылуына себеп бола алмайды. Адамзаттың өзгеру қарқыны қалпынан жазбаса, іштей өзіне өзі күбірлеуден танбаса, лириканың мәңгілік дәурені өтпейді. Мен бұрын «Лирика – адамзаттың мәңгілік танымы» деген болатынмын. «Сезім мен лирика адамзат жыр өзенінің ең сарқылмас бастау көздері» дегенді де айтқанмын.

Ендеше, Хайзыға құлақ түрелік:

Көктемнің бөленейін құлпырған гүлдерімен...

Ертеңнен бастап, бәлем, бақытты жан болайын,

Ат жемдеп, отын жарып, әлемді айналайын.

Ертеңнен...

Көңіл бөліп астық пен көкөніске,

Үй болып, бетім төсеп көктемгі желемікке.

 

Құлпырған гүл-бәйшешек, туыспен амандасып,

Айтайын құшқандығын мені де сараң бақыт.

Бақыттың жай оттары бойыма тарағанда

Сездірген бар мұң-сырын айтайын бар адамға.

 

Сыйлайын өзен-тауға жақсы есім, шат қуантып,

Саған да, бейтаныс жан, тілеймін шаттық, бақыт –

Алдағы сапарларың болсын деп жарқын, жақұт.

 

Сыйлайын өзен-тауым жағымды ат бірден-бірден,

Сен-дағы сұм өмірде жұптасып сүйгеніңмен

Бақытқа кенел,

Ал мен бетке алып көк теңізді

Көктемнің бөленейін құлпырған гүлдерімен...

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: dashiw.com

1504 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 04 мамыр 2013, 12:37
Пікірлер
+0
04 мамыр 2013, 12:02

Ертеңнен бастап, бәлем, бақытты жан болайын...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...