Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Антон Чехов: тәрбиелі адамның 8 қыры

Антон Чехов: тәрбиелі адамның 8 қыры

Антон Чехов: тәрбиелі адамның 8 қыры

Орыстың классигі 100 жыл бұрын өз бауырына хат жазады. Маскүнемдікке салынған дарынды суретші рухани құлдырауға ұшырайды.

Антон Павлович Чехов бауырының бұл әлсіздігін білген, әрқашан уайымдап, Николайдың өз дарынын жерлеп жүргеніне налыған екен. Ол: «Орыстың дарыны құрып барады, бұл тектен-текке емес» деп жазады. Оның өмір салтына қарны ашатынын айтып оңалдырғысы да келген. Бірқатар хаттарының ішінде Антон өзекті тақырыпты қозғап, ащы болса да, шындықты айтады. Оның хаты көңіл-күйге толы, сол үшін де оны біз де оқып шықсақ, күнә емес. Әрбіріміз маскүнемдікке салынбасақ та, «мені ешкім түсінбейді» деп торығуды бастан кешіруіміз мүмкін. Қоршаған ортаның аяушылығын тудыру, өмірлік жеке проблемаларды қаузап отырып, біз өзіміз үшін де, өзгелер үшін де қиындық тудырамыз.

Осы хатты оқып шығуға кеңес береміз, орыс әдебиетінің ұлы классигі біз бен сіз күткендей жауыр әңгіме айтады дегенге кім сенер?

“Мәскеу, 1886.

Сен жиі зарыңды айтатынсың. «Мені ешкім түсінбейді!» деумен келесің. Мұндай жағдайды бастан өткерген Гете де, Ньютон да зарын төкпеген еді... Сені бәрі де түсінеді... Ал өзіңді-өзің түсіне алмай жүруіңе өзгелер кінәлі емес...

Сенің жақын бауырың ретінде бар қайғы-зарыңды түсінемін. Сенің жақсы қасиеттеріңді де жазбай танимын, құрмет тұтамын. Ал егер сенбесең, дәлелдеп-ақ берейін. Меніңше, сен өте қайырымды адамсың, эгоист емессің, соңғы тиыныңмен де бөлісе аласың, шынайысың, көреалмаушылық пен қызғаныштан адасың, қарапайымсың, адамдар мен жануарларды аяйсың, залым емессің, кекшіл емессің, өзгеге оңай сенесің... Сен дарындысың, бұл қасиет өзгелерде жоқ. Бұл дарының сені миллиондаған адамнан биік қояды, ал әлемде 2 000 000 адам болса, соның ішінде біреуі ғана дарынды суретші...  

Сол дарының сені әлемі бөтен бір жағдайға апарады. Сен тіпті бақа немесе бүйі болсаң да, сенің сол дарындылығың үшін бәрі құрметтейтін еді. Сенде бір ғана кемшілік бар. Сол кемшілік сенің қайғыңды, қате тұжырымыңды тудырып отыр. Бұл – сенің тым тәрбиесіздігің. Кешір, әрине, бірақ veritas magis amicitiae... Өмірдің өз талаптары мен заңдылықтары бар... Зиялылар қауымында өзіңді судағы балықтай сезінуі үшін әрбір адам ең бірінші кезекте тәрбиелі бола білуі керек...

Дарындылығың сені осы зиялылар қауымына алып келді. Бірақ сен бұл ортадан безіп кеткің келеді. Сен сол зиялылар қауымы мен vis-a-vis тұрғындарының ортасында қалбалақтап жүрсің... Ауылдың көң иісімен өскен адамға бұл қиын, өте қиын.

Антон Павлович Чехов және оның бауыры Николай

Менің пікірімше, тәрбиелі адамдар мына талаптарға жауап бере алуы тиіс:

1) Олар адамның жеке басын сыйлауы керек, сол үшін де әрқашан сыпайы, тәртіпті, көнгіш... Олар әрбір себеп үшін дауласпайды; әлдекімнің бірге өмір сүргенін міндетсінбейді, ал кетер кезде «Сізбен өмір сүру мүмкін емес!» демейді. Олар шуға да, аштыққа да, тіпті қатты қуырылған етке де, ащыға да, тұщыға да, ортада бөтен біреудің болғанына да мойынсұнады, кешіреді...

2) Олардың жаны ауырып жатқандар мен мысықтарға ғана ашымайды. Олар жәй көзге көріне бермейтін сәттер үшін де жанымен, тәнімен уайым қылады...

3) Олар өзгенің мүлкін де құрметтейді, сол үшін де қарыздарын өтейді.

4) Олардың жүрегі таза, сол үшін де жалған сөзден аулақ жүреді. Олар болмашы жағдайда да өтірікке бармайды. Өтірік сөз тыңдаушының намысына тиеді, оның көзінде өтірікші барлық жағынан да ұятсыз болып көрінеді. Олар үйде де, түзде де өзін бірқалыпты ұстайды, сырт көзге өзге қырынан көрінбейді. Олар сұрамаған жағдайда бос сөз айтып, әңгіме жалғамайды. Бөтен құлаққа құрмет көрсеткендіктен, көп жағдайда үнсіз қалады.

5) Олар өзгенің аяушылығын туғызып, көмек сұрау үшін өзіне өзі қол жұмсаудан аулақ. Олар өзге адамдардың жанын ауыртпайды. Олар «Мені ешкім түсінбейді!» демейді!..

6) Олар абдырамайды. Олар танымал адамдармен кездесуге еш қызықпайды...

7) Оларда дарын болмаса да дарындыларды құрмет тұтады. Оларға тыныштық береді...

8) Олар өз бойындағы эстетиканы жаттықтырады. Олар сырт киіммен ұйықтамай алмайды, қабырғада өрмекшінің өрмегін көргісі келмейді, сасық ауада демала алмайды, түкіріп тастаған еденді баспайды...

Міне, тәрбиелі адамдар осындай... Тәрбиелену үшін және өз қоғамыңнан төмен болмауың үшін Пиквикті оқумен немесе Фаусттың монологын жаттап алумен шектелмейді.  

Мұнда үздіксіз еңбек керек, түнде де, күндіз де... Мәңгілік кітап оқу, сараптау, ерік-жігер керек... Мұнда әрбір сағат құнды... Кел бізге, қолыңдағы арақ графинын сындыр да, кітап оқуға кіріс... Жат та, кітап оқи бер... Ең болмағанда Тургеневты оқы, оқымағаныңды...”

Аударған: Ардақ Құлтай

Сурет:masterandmargarita.eu

4066 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 02 мамыр 2013, 14:23
Пікірлер
+0
02 мамыр 2013, 17:33

Ойландыратын хат. Чеховтың көзімен қарағанда менің тәрбием 50 де 50 болып кете ме, қалай өзі? :oops:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...