Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Интернет, кітап және әдебиет - 2

Интернет, кітап және әдебиет - 2

Интернет, кітап және әдебиет - 2

Осы тақырыптағы сауалнамалық сұхбатымыз жалғасын табуда. Бүгінгі қонағымыз ҚазҰУ-дың филология мамандығы бойынша PHD докторанты Нұраддин Садықов пен "Массагет.кз" порталының жоба жетекшісі Болат Қосмағамбет. Қазіргі қоғамның негізгі тартысына айналған "интернет және кітап" тақырыбындағы қызықты, тартымды сауалнамамыздың оқырманы болыңыз. 

Нұраддин Садықов

ҚазҰУ-дың филология мамандығы бойынша PHD докторанты

Қ.Қ: Интернет – Кейбір қаламгерлеріміздің, тіпті, көпшілік қаламгерлеріміздің уайымына айналған секілді. Кей ағаларымыздың аузынан «Интернет әдеби ортаны жаулап алды. Онда отырған жастар әдебиетті ұмытты, арзандап барады» дейді. Осыған не дейсіз?

Нұраддин: Әрине, белгілі бір дәрежеде, қаламгерлеріміздің бұлайша алаңдауы орынды. Себебі, қазіргі таңда жастар арасында жаппай кітап оқу сәннен қалғаны рас. Қазіргі жас тағылымдық-тәрбиелік мәні зор классикалық туындыларды оқып, уақыт кетіргісі келмей, қажетті ақпаратты ғаламтордан ала салғанды тәуір көретін болды. Барлығы демесек те, жастардың негізгі бөлігінің келбеті осындай. Соның салдарынан, жұтаң сөйлеу, бір ойды аяғына дейін жеткізіп айта алмау жастар арасындағы «қалыпты құбылысқа» айналды. Бұлардан өзге, жастар арасында соңғы кезде «әлеуметтік желі лексикасы» деген сөйлеу, жазу стилі қалыптасты. Бұған сәйкес, жастар айтар ойын жұптап, сөйлем ретінде бермек түгілі, жарты сөзбен, тіпті бірді-екілі дыбыстардың қосындысымен (сөз деуге келмейді) береді. Бұл да өз алдына бас қатыратын мәселе.

Болат Қосмағамбет

"Массагет.кз" порталының жоба жетекшісі

Болат: Мен бұл пікірмен мүлде келіспеймін. Аға буын жазушылардың алаңдауы тым ерте басталған болатын. Интернет етек алмай жатып-ақ біздің жастар әдебиетті ұмыта бастаған. Әдебиеттің ауылынан алшақтай бастаған тұста біздің қоғамға интернет келіп қосылды. Демек, бұған кінәлі интернет емес, қайта әдебиеттің өзінен. Әдебиеттің адам тәрбиелей алмауынан болып отыр.

Тағы бір себеп, егер кезіндегі кеңес одағы тұсындағыдай том-том кітаптар неше жүз мың тиражбен әр ауылға, әр қазақ баласына жетіп тұрса неге оқымасқа?! Қазыр интенетті әр жас меңгерген, әр кімге де қолжетімді. Бәрі соны пайдаланады. Ал жас қаламгерлердің 1000 данамен тарайтын кітабы, тіпті, Алматының оқырмандарына да жетпейді. Бұған кімді кіналайсыз енді?!


Қ.Қ: Повесть, роман секілді жанрларды газет-журналдың көлемі көтере бермейді. Ал интернетте ол жағынан қиындық жоқ. Бірақ сондай артықшылығы бола тұра интернет сайттардағы көлемді дүниелердің оқырманы соншалық көбейіп кете қойған жоқ. Бұның себебі неде?

Нұраддин: Филология факультетінде кей-кездері студенттермен қоян-қолтық жұмыс жасауға тура келетіндіктен, қазір қандай кітап оқып жүргендерін білу «бақыты» бұйырып тұратыны бар. Сонда көзім жеткені, былайғы мамандықтар тұрмақ, болашақ әдебиетші-тілшілердің өзі сіз сөз етіп отырған кең көлемді шығармаларды індете оқи қоймайды. Араларында классикалық шығармалардың кейбірін тиіп-қашып оқығандарының өзі некен-саяқ. Олардың өзі көбіне, мектеп бағдарламасында оқытылған әдебиеттен әріге бармай жатады. Бұған кінәліні интернеттен іздеп табудың қажеті жоқ. Себебі, бұл жүйесі жақсы дамыған еуропа елдерінің өзінде қоғамдық көлікте жаппай кітап оқу үрдісі сәннен қалған жоқ.  

***

Болат: Жоғарыда айттым ғой. Көлемді дүние интернетте ғана емес, кітапта да оқылмайды. Мен кейде осы ақсақалдарға таң қалам. «Тәбиесіз, санасыз, кітап оқымайды» деп жатады. Ендеше, сол жастарды тәрбиелеген кім?! Енді келіп жаңа ғасырдағы интернетті кіналаймыз. Жоқ! Біздің жастардың осы хәлі тәуелсіздіктен басталған. Алғашқы аласапыран кезде ұрпағына «Кітап оқы, білім ал» демек түгілі, өз қамын күйіттей алмай қалды ата-аналар. Айдалада қалғандай күй кешіп, тұрмыс қиындасты. Енді ғана етек-жеңімізді түзеген кезде бас алмай кітап оқуға үйренбеген біз әлдеқашан буынымыз қатып, есейіп кеттік. Ендігі досымыз интернет болды. Ал Еуропада 90-жылдары ондай өтпелі, руханияты құлдыраған кезең болған жоқ. Бір қалыпты дамып жатты. Сондықтан да олар әлі де кітапқа құмар. Бұйыртса қалыпты дамып отырсақ, бізде де кітап оқылатын, рухани жан-дүниеміз кеңейетін дәуір басталады.

Қ.Қ: «Кітап - маған тақтан да қымбат» дейді Шекспир. Ал қазір «Интернет түбінде кітаптың орынын басады. Алдағы уақытта кітапты ешкім де оқымайтын болады» деп жатады. Сонда кітапты келесі ғасырдың ұрпақтары мұражайдан ғана көретін болғаны ма?

Нұраддин: Бұқаралық тұтыну жағынан алып қарағанда, ғаламтордың кітаптың орнын басатыны ақиқат. Алайда, мұражайдан көретіндей, ешкім оқымайтындай қажетсіз дүние болып қалады дегенмен келісу қиын. Бар болғаны, таралу, тұтыну аясы тарылып, таңдаулы, қажет еткен адамдар ғана тұтынатын тауарға айналуы мүмкін.

***

Болат: Барлығы тәрбиеде жатыр. Кітаптың адамзатпен дос болғанына мың жылдан асқан шығар. Ақыл-есі түзу адамзат баласы досын ұмыта қояды дегенге мен сенбеймін. Жұмыс бабымен Еуропа елдерінде болдым. Сонда көзім жеткені техника саласы бізден көш ілгері елдерде де интернет әлі кітаптың орынын баса қоймапты. Басқаны былай тұрсын, олар біз секілді интернет пен кітапты салыстырып отырмайды. Олардың кітапқа деген көзқарасы түзу, махаббаты терең. Қоғамдық көліктерде болсын, саябақтарда болсын, аялдамада болсын кітап оқып отырған жастарды көре аласыз, әдеби кітаптар. Қолына кітап ұстап, үңіліп отырған замандасымды мен Алматының метросынан көрген де емеспін. Интернет – заманнан кейін қалып қоймас үшін, информация қабылдайтын, жаңалықтан хабардар ететін желі. Ал жас қаламгерлер, ақындар үшін өз жарнамасын жасайтын орта ғана. Ал кітап – әлі де ұшан теңіз білімнің қайнар бұлағы, рухани азық. Өкініштісі біздің рухымыз жұтаң, білімге құштар емеспіз.

Қ.Қ: Өзіңіз шығарманы кітаптан оқығанды тәуір көресіз бе әлде интернеттен де емін-еркін оқи бересіз бе?

Нұраддин: Әрине, қолым қалт еткенде кітап оқып отырамын. Оның берер пайдасы мен ләззатын ешбір ақпарат құралы бере алмайды. Күнделікті ақпарат пен салмақты дүниені шатастыруға болмайды. Ендігі мәселе, қандай кітап оқисыз дегенге саятын шығар. Бұл тұрғыдан алғанда, әрине, әдеби көркем дүние оқығаннан өткен рахат жоқ. Құдды бір кертіп қазы-қарта жеп, қымыз ішкендей сезімде боласың, жақсы шығарма оқысаң. Өкінішке орай, үнемі әдеби шығарма оқып отыруға мүмкіндік бола бермейді. Зерттеп жүрген тақырыбыңа қатысты деректер мен теориялық еңбектерді сүзіп шығуға тура келеді. Қала берді, соңғы уақытта «бестселлерге» айналған футурологиялық-сараптамалық дүниелерге де ілесіп отырғанды жөн көрем. Күніне нақты мынанша уақыт кітап оқып отырамын деп айта алмаймын. Дегенмен, қазіргі «жұмысым» осы болғандықтан, уақытымның негізгі  бөлігін соған арнауға тырысамын. Әрине, заман талабына сай, электронды кітаптардың шығып кеткені рас. Бірақ, ол мен үшін классикалық кітап үлгісін ауыстыра алмайды.

***

Болат: Шығарма оқимын, жата-жастанып кітап оқимын деп айтпаймын. Замандастарым кітап оқымайды деп алып, өзім саналы оқырманмын десем сіз сенбейсіз. Әрине, кітапқұмар адаммын дегенге тіпті өзім де сенбеймін. Бізде кітапты кім оқиды? Әдебиеттің айналасында жүрген адамдар ғана оқиды. Өздері жазады. Сосын бір-бірін оқиды. Мысалы, қазыр әдебиетте өз орыны бар отызға тола қоймаған жас ақындардың бірде-біреуін қарапайым халық білмейді. «Мынау ақын (жазушы)» деп біреу айтса немесе теледидардан, интернеттен көрсе «Е, ақын деген осы екен ғой» деп жүре береді. Бірде-бір шығармасын білмейді. Мен де сол интернет желілерінен өзін жарнамалап, шығармаларын салып жүретін ақындарды білем. Бірақ,  шығармаларына ден қойып көрмеппін.


Қ.Қ: «Көркем сөзі бар болғырдың өзін орақпен орып, күрекпен күреп ала алмайсың. Оны бір-бірлеп тересің, бір-бірлеп тізесің» дейді Ғабит Мүсірепов. Ал интернет бетіндегі қаптаған дүниелердің асылы қайсы, жасығы қайсы білінбей қалмай ма? Газет-журналдағы немесе кітаптағы секілді талғаммен шығарып отырар редактор жоқ қой бұл жерде?

Нұраддин: Оның рас. Бізге дәріс оқыған профессорлар «Бұл көркем сөз ғылымы миларыңды ашып салып алатын зат емес. Оны сендер тірнектеп жинайсыңдар» деп айтатын.  Оған кейін әдеби процесстерге араласып, өзіміз мақала жаза бастағанда көз жеткіздік. Мәтінің жұтаң, құрғақ шықпас үшін, қазақ тілінің шұрайлы тұсынан сөздер, сөз тіркестерін келтіруге тура келетін. Тап бір түрлі дәмдеуіштер (приправа) қосып, тамақ істейтін аспаз секілді. Дәмдеуішті ауадан алмайтының секілді, ұтымды сөздер мен сөз тіркестерін, қажетті деректерді де ойдан жаза салмайтының белгілі. Оны оқыған кітаптарыңнан түртіп, жазып, теріп жүресің үнемі. Сосын орайы келетін тұсын бағып, қарап жүріп, салып жібересің.

Ғаламтор бетіндегі талғамсыздық әдебиеттегі көркемдікті жоюы мүмкін. Себебі, ғылыми-техникалық прогресс заманындағы жұрт прагматизмге бейім. Оның алғышартының бірі – кез-келген нәрсені стандарттауға, бір қалыпқа салуға ұмтылу. Демек, бұл кезеңде сөз де, көркем тіл де қысқарып, стандартталып, белгілі бір шаблондардан аспай қалуы кәдік. Сол себепті, қазірден бастап атқарылар шаруа – қолда бар мұраны көптеп заман талабына сәйкес электрондауға, дыбыстап, тыңдайтын кітапқа айналдыру қажет. Өзге елдер бұған әлдеқашан кірісіп, жолға қойып алған. Кез-келген классикалық шығармаларының электронды аудио нұсқалары бар. Біз де осыны шұғыл жолға қоя алсақ жақсы болар еді.

***

Болат: Әрине, интернетте кітаптағыдай редактор жоқ. Әр автор өзіне редактор. Міне, кітаптың рухани құнын арттыру үшін бұл тамаша орай емес пе?! Егер әр кітап баспадан шықпас бұрын талқы таразысына түсіп, сындық кеңестен өтіп отырса, көркемдігі  жетіспейтін, берер тәрбиесі аз, рухани құндылығы таяз кітаптарды елгезерден өткізіп алуға керек. Сонда ғана шынайы ірі дүниелер өмірге келетін болады. Кітаптың да құндылығы, оқырман назарындағы бағасы артады. Қазір кітап та интернеттегі шығарма секілді боп кетті. Екінің бірі шығара береді. Асылы қайсы, жасығы қайсы? Мұны кітапхана сөресінде тізіліп тұрған кітаптан да біле бермейсің. Жазушылар одағы не бітіреді сонда?! Кітапқа ден қою керек қой. Кітап дегеннің қасиетті дүние екенін оқырман емес, алдымен сол жазушылар одағы білу керек!


Қ.Қ: Интернет желісін пайдаланбау жаңалықтан құр қалу деген сөз болса, кітап оқымаудың зардабы не болмақ?

Нұраддин: Қазіргі белсенді тұтынушылар үшін ғаламтор – су мен азық секілді өмірлік маңызы бар қажеттілікке айналмағанымен, электр жарығы секілді жұмыс жүргізудің негізгі құралына айналып үлгерді. Сондықтан, ХХІ ғасыр адамын онсыз елестету мүмкін емес. Кітап оқымау – бір қарағанда өмірлік маңызы бар кемшілік болмауы мүмкін. Бірақ, оны өзге мақлұқаттан ерекшелеп тұратын да осы мүмкіндігі екенін ескерген жөн. Бұл үрдіс кейін жаппай тілдік жұтаңдануға әкеліп соқтырады. Алайда, біздер «мынаның аясының тарылуына мынау кінәлі» деп біріне бірі кінәлі етіп қоюдан сақтанғанымыз жөн.

***

Болат: Мұның зардабы өте ауыр. Бұл бір-екі адамды ғана емес, бүкіл бір ұрпақты, бүкіл бір ұлтты білімсіз, таяз саналы етіп шығарады. Экономикамыз дамып, ел алдына шыққанымызбен, рухани кеңістігіміз тар, надан болсақ «Алдаркөсеге алданған байдың» сиқына кіреміз ғой. Қазір ұлтжанды ағаларымыз шырылдап жүрген тіл тағдыры да сол ұрпақтың кітапқа әуес болмауынан бастау алады. Жоғарыда айтқанымдай, интернет – барлық саладан хабардар еткенімен, тек бетін ғана көрсетіп бере алады. Ал кітаптағы білім – ұшан теңіз. Тереңіне бойлай аласың. Ғылымның асылын тек содан ғана сүзіп аласың. Интернетті қанша оқыса да адам ғалым болмайды. Тек том-том кітаппен сусындап, зерделеп оқыған адам ғана білімді болмақ.

Сұхбаттасқан: Қайсар Қауымбек

 

2548 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 17 сәуір 2013, 20:21
Пікірлер
+0
17 сәуір 2013, 19:50

Жақсы жазыпты

+0
18 сәуір 2013, 09:51

Болатттың ойына қосылам

+0
18 сәуір 2013, 11:08

Екеуінің де ойы дұрыс

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...