Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Интернет, кітап және әдебиет

Интернет, кітап және әдебиет

Интернет, кітап және әдебиет

Интернет заманы басталды. Ал кітаптың жайы бір басқа. Өтпелі кезеңде осы екеуінің арасында қақпақылға түскен әдебиеттің хал-күйі жайлы жас қаламгерлермен сұхбат жүргізген болатынбыз. Енді соның алғашқы қонағы Бағашар Тұрсынбайұлы мен Арман Әлменбет. 

Бағашар Тұрсынбайұлы                          Арман Әлменбет

        Жас ақын, сыншы, журналист.             Жас жазушы, журналист.                          

Қ.Қ: Интернет кейбір қаламгерлеріміздің, тіпті, көпшілік қаламгерлеріміздің уайымына айналған секілді. Кей ағаларымыз: «Интернет әдеби ортаны жаулап алды. Онда отырған жастар әдебиетті ұмытты, арзандап барады» дейді. Осыған не дейсіз?

Арман: Рас, сөз арзан кетті. Оған белгілі бір дәрежеде интернеттің де кінәсі бар. Бірақ бар айыпты интернетке жаба салуға болмайды. Бұл топтасып жасалған «қылмыс». Асабалардың арзан сөзі, жайдарманшылардың дарақы қалжыңы, әншілердің үлгіге айналып кетуі, осының бәрі бірігіп келді де, сөзді буындырып тастады. Тек сөз ғана емес, халықтың әні де, дәстүрі де қазір хал үстінде. Ұлт жанының бір аяғы жерде, бір аяғы көрде болып тұр. 

Бағашар: Бұлай ойлауға әбден негіз бар. Бұрын интернет түгілі теледидар тапшы заманда адам рухани шөлін кітаппен басты. Ал қазір оның орнында интернет. Рухыңызды немен суарғыңыз келсе, соның бәрі бар. Тек дұрыс суара білу крек. Біз үнемі шөл үстінде жүреміз ғой.

Ал әдебиеттің интернетке жүктелуі құптайтын іс. Интернет әдебиетті емес, әдебиет интернетті жаулап алса, несі жаман?! Тек жастар соны дұрыс жағынан игерсе болды. Үлкендерді уайымдататыны сол шығар. Бірақ меніңше, адам баласы өте қиын ғой, бұл интернеттен де жалығады. Сонда бәлкім кітаппен қайта қауышатын шығармыз.

Қ.Қ: Повесть, роман секілді жанрларды газет-журналдың көлемі көтере бермейді. Ал интернетте ол жағынан қиындық жоқ. Бірақ сондай артықшылығы бола тұра, сайттардағы көлемді дүниенің оқырманы соншалықты көбейіп кете қойған жоқ. Бұның себебі неде?

Арман: Оқырманды кітапханадан не болмаса компьютер алдынан іздеудің қажеті жоқ. Оқырман бар болса, қай жерден де табылады. Жоқ болса, итпен іздеп таба алмайсың.   

Бағашар: Повесть пен романды әрине газет баспайды. Тек үзінділер ғана береді. Ал журналдар бөліп-бөліп беріп жатады. «Жұлдыз» журналы «Шыңғысханды», «Туажатты» т.б. солай берді емес пе?!

Интернетте ұзақ нәрсені оқу қиын. Қысқа әңгіме, мақаланың өзін әрең оқисың.   

Қ.Қ: «Кітап – маған тақтан да қымбат» дейді Шекспир. Ал қазір «Интернет түбінде кітаптың орнын басады. Алдағы уақытта кітапты ешкім де оқымайтын болады» деп жатады. Сонда кітапты келесі ғасырдың ұрпақтары мұражайдан ғана көретін болғаны ма?

Арман: Қазір кітап оқымайтын адам ешкімнен де кенде емес. Сен білетін нәрсені ол да біледі. Шекспирдің жоғарыдағы сөзін кез келген заман ағымына ілескен адам интернеттен тауып алады. Шаң басқан, мұқабасы тозған кітаппен дос болғаның үшін ешкімнен артық бола алмайсың. Егер осылай кете беретін болса, кітап оқу ұят шаруаға айналады. Әрине, бәрін де бір Алла біледі ғой. Бірақ әр жерден жұлып жиған білімнің пайдасы орасан болатынына өз басым сенбеймін. Интернеттен алынған білім информация ғана, сол себепті сананы астаң-кестең етеді. Астаң-кестең сана білімді боп жарытпас.

Бағашар: Мен бұл сұраққа жоғарыда жауап беріп тастадым-ау. Кітапқа оралады деп сенемін. Тіпті олай болмағанның өзінде, электронды кітаптар қазірдің өзінде бар ғой.

Қ.Қ: Өзіңіз шығарманы кітаптан оқығанды тәуір көресіз бе, әлде интернеттен де емін-еркін оқи бересіз бе?

Арман: Кітапты сарғайған қағазын иіскеп отырып оқығанға не жетсін. Бірақ тиімді болғандықтан, кей шығармаларды ұялы телефоннан оқыған кездерім де болған. Интернеті бар компьютерде отырып, басқа сайттарға кіріп кетпей, тек қана шығарманы оқитындай діні берік адам болса, оқи берсін. Егер ондай адам бар болса…

Бағашар: Кітаптың ләззатын компьютер сыйлай алмайды екен.

Қ.Қ: «Көркем сөзі бар болғырдың өзін орақпен орып, күрекпен күреп ала алмайсың. Оны бір-бірлеп тересің, бір-бірлеп тізесің» дейді Ғабит Мүсірепов. Ал интернет бетіндегі қаптаған дүниелердің асылы қайсы, жасығы қайсы, білінбей қалмай ма? Газет-журналдағы немесе кітаптағы секілді талғаммен шығарып отырар редактор жоқ қой бұл жерде?

Арман: Жақсылап қаржыландыратын адамы бар, білек сыбанып кірісер редакциясы бар бір әдеби сайт болса, шіркін. Сол сайт монополияға айналып, өзге сайттарды соңынан ертіп әкетсе. Сонда интернеттегі әдебиетте өлшем пайда болып, тәртіпке келер ме еді, кім білсін.

Бағашар: Оны жазарманның ұятына қалдырайықшы. Жазарман Ғабеңнің осы сөзін басшылыққа алып, жазуы керек шығар.

Қ.Қ: Интернет желісін пайдаланбау жаңалықтан құр қалу деген сөз болса, кітап оқымаудың зардабы не болмақ?

Арман: Кітап оқу деген кезде оның қандай кітап екенін анықтап алу керек секілді? Егер білім алатын, танымдық кітап болса, ол оқылмай қалмайды, оған бас қатырудың қажеті жоқ. Ал енді көркем әдебиет туралы олай айта алмаймыз. «Қазақ әдебиеті» газетіне осы тақырыпта бірнеше материал дайындадық, қаншама сұхбат алдық, көптеген мақала да бастық. Сол материалдарды әзірлей жүріп түсінгенім, қазір Ресей, Еуропа мемлекеттері, АҚШ секілді алдыңғы қатарлы елдерде детектив, фантастика сияқты оқиғасы қым-қуат жанрлар ғана аман қалған. Достаевскийше немесе Толстойша жазып, ешкімді таң қалдыра алмайсың. Біз дабыра етіп жүрген постмодерннің де оқырманы санаулы ғана. Демек дами-дами біз де соған барамыз деген сөз. Лириканы, сезімді тек кинодан ғана іздейтін боламыз.

Бағашар: Интернет дегеніңіз кең ұғым. Әлеуметтік желіңіз бар, сайтыңыз бар. Кітап оқымаудың зардабы, «данышпандыққа» әкеледі. «Апалы-сіңлілі үшеуде» доктордың «Кафеге бардық дейді. Сонда бәрі Шекспир, Мольер деп айтып отыр. Ал мен болсам, оларды оқымағамын. Сонда да оқыған адам сияқты отырдым. Олардың өздері де оқымаған. Сонда да оқыған адамдарша сөйледі» деген мазмұндағы сөзі бар еді. Зардабы сондай болатын шығар.

Қ.Қ: Арнайы әдеби сайттардан бөлек, шығармаларыңызды интернет желісінде (Facebook, VK, агент) бөлісіп отырасыз ба? Бұл сіз үшін қаншалықты маңызды? Өзгелердің солай бөліскеніне қалай қарайсыз?

Арман: Бір-екі рет әңгімелерімнен үзінді беріп көргенмін. Шүкір, азын-аулақ жақсы пікір естіп қалдым. Бірақ мен әлеуметтік желілердің жұлдызы емеспін, сондықтан менде ол жақта дос та көп емес (салыстырмалы түрде), маған «лайк» қою немесе пікір жазу да «мода» емес.

Бағашар: Фейсбук бүгінде кез келген сайтыңыздан артық болмаса, кем емес. Басында қарсы едім. Өйткені кейбір адамдар шектен тыс өздерін жарнамалап, тықпыштай береді. Сіздің лентаңызда бір ғана менің жазғандарым шығып тұрса, зығырданыңыз қайнамай ма? Ал өз орнымен арасында, өлең салып тұрғанға қарсы емеспін. Бұл да танылудың бір жолы. Әркімнің өз оқырманы бар. Дер кезінде пікірлер де айтылады. Мен арасында өлеңдерімді салам. Бірақ мен үшін соншалықты маңызды емес. Жақсы ақын ағаларымның өлеңдерінің астына пікір жазғым келеді.

Қ.Қ: Шығармаларыңыздың қолжазбасы компьютер ме, әлде қағаз-қалам пайдаланасыз ба? Қандай артықшылығы бар?

Арман: Компьютермен жазамын. Бұның бір артықшылығы – қара жұмысты азайтады. Қағазбен жазсаң, оны түзейсің, қайта көшіресің. Көшірген соң, тағы түзейсің, одан соң тағы көшіресің. Осы жағынан ыңғайлы. Одан соң қаламмен жазу біршама баяу жүретін процесс. Ойыңа жазуың ілесе алмайды. Ал компьютермен теру жылдам, қағазға бір әріп жазғанда компьютерде үш әріпті теріп үлгеруге болады.

Кемшілігі де бар. Ол – жалқаулыққа әкелетіндігі болса керек. Неғұрлым оңай болса, соғұрлым жалқаулана бересің. Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған келеді.

Бағашар: Қағаз бен қаламды қазір пайдаланбайтын болдық қой. Өйткені ол екі жұмыс болады. Жазасың, сосын тересің. Бірақ қаламмен жазудың өзінің рахаты бар екен. (Мен бәрін рахатпен байланыстырып жібердім-ау). Әлде сағынасың ба? Түсініксіз сезім. Бірақ рахат.

Сұхбаттасқан: Қайсар Қауымбек

Сурет: Жеке мұрағаттан

3516 0
Рейтинг: +5

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 16 сәуір 2013, 17:11
Пікірлер
+0
16 сәуір 2013, 18:23

Әйтеуір рахат, қайда, мейлі қашан - рахатпен өмір сүргіміз келеді. Комфорт әдебиетте болса несі жаман? Екі бауырым да жақсы ой айтыпты, бар болыңдар!

+0
17 сәуір 2013, 01:07

....Арман айтқын келген ойларыңды түсіндім....сіздер интернетті бөлек ұғым ретінде қарамаңыздар.....интернет бұл жерде ақпарат берудің жаңаша формасы болуы тиіс.....кез-келген шығармаңызды интернетке орналастыруға болады емеспе.....

+0
17 сәуір 2013, 07:21

Жақсы жазыпты

+0
17 сәуір 2013, 10:09

Маған керісінше іздеген әдебиетіңе тез қолым жетіп жатқан сияқты және қалаған нәрсемді оқи алам

+0
17 сәуір 2013, 23:47

Жақында ғана 9-сынып әдебиетінен "Абай жолы" романын өткенбіз. Оқушыларыма "Қайтқанда" тарауын оқып келуді тапсырдым. Келесі сабағымда олардан кітаптан оқыған ұнайды ма, интернеттен оқыған ұнайды ма деп едім. Міне, қызық: көпшілігі "Кітаптан оқыған керемет !!!" деп жауап берді. Іштей разы болып қалдым. Көркем әдебиетті кітаптан оқығанға не жетсін!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...