Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Ертегі / Ақ көжектің махаббаты (Махаббат ертегісі)

Ақ көжектің махаббаты (Махаббат ертегісі)

Ақ көжектің махаббаты (Махаббат ертегісі)

Махаббат жайлы бір ертегі бастап көрелік. Мүмкін біздің өміріміздегі ең бір әлсіз тұсымызды, ең бір өзімшіл, пендешіл сәттерімізді айтып қалармыз...

Күндер өтіп, Ақ көжек бой жетіпті. Көңілінде махаббатқа деген талпынысы күн сайын артып, шырын қиялға шоматын болыпты. Ақыры ол өз бақытын табу үшін орманға кірмек болыпты. Мұны естіген Сұр көжек оны іздеп келіпті:

- Ақ көжек, орман іші тым қатерлі. Онда көптеген жыртқыш аңдар өмір сүреді. Оның үстіне сен онда өзің ұнатып жейтін сәбіз де өнбейді. Қиналасың ғой?..

- Алаңсыз бол. Мен жетерлік азық-түлік алдым. Ашықпаймын, - депті де, тәкәппар Ақ көжек еш елеместен сөмкесін асынып, өз жолына түсіпті. Сұр көжек амалсыздан, қимастықпен ол кеткен жолға қарап үнсіз қалыпты.

Ол орман ішінде ұзақ жол жүріпті. Қарыны ашса, арқасындағы сөмкесінен сәбіз алып жеп отырыпты. Сонда да оның алған азығы еш таусылмапты. Күндердің бірінде, ол бір Бөріге кездесіпті. Бір көріп, оның келіскен келбетіне, қауқарлы тұлғасына қарап ғашық болған Ақ көжек оған көңілін білдіріпті.

-  Болмайды, - депті Бөрі, - менімен бірге болу сен үшін қатерлі.

-  Қорықпаймын. Жанымда тек сен болсаң болғаны, мен ештеңеден де қорықпаймын.

Бөрі сүйіп тұрмаса да, мына сүйкімді көжектен айрылып қалғысы келмей мақұл болыпты. Ол Ақ көжекті басқа бөрілерден қорғап жүретін болыпты. Ақ көжек те өзін тым бақытты сезініпті. Оның сөмкесіндегі сәбіз де таусылмапты. Бірақ күндер өте келе басқа бөрілер «Біз қасқыр текті жыртқыш халықпыз. Біздің ортамызда бір әлжуаз қоянның болғаны жараспайды» деп ақыл салыпты. Сонымен өз ортасының салт-дәстүрін ұстанған бөрі Ақ көжектен айрылысыпты.

Қайырымсыз махаббаттан жүрегі жаралы болған көжек көз жасын көлдете отырып тағы да сапарға шығыпты. Махаббаты баянсыз болғанымен, ол азықтан еш қиналмапты. Өйткені, оның сөмкесіндегі сәбіз қашан да таусылмайды екен. Ол жолда тағы бір алып Аюға кездесіпті. Ақ көжекті бір көріп, ғашық болған Аю оған сезімін білдіріпті.

- Қандай сүйкімді едің?! Саған ғашықпын. Менің етегімнен ұста. Сенен айрылмауға ант етейін. Сені бақытты етемін, - депті.

Біраз күннен соң әрі үміт, әрі қорқыныш ішінде Ақ көжек ақыры оған мақұлдығын білдіріпті. Сонымен олар бірге орман ішінде үй салыпты. Жүрегіндегі Бөріге деген махаббат та ұмытыла бастап, ғашықтық дерті жазылыпты. Ет қоректі аюмен бірге тамақтана алмаса да, ол азықтан еш тарықпапты. Әйтеуір, белгісіз себеппен оның арқасына асқан сөмкесіндегі сәбіз таусылмайды екен...

Күндер өте келе Аю үнемі үйге қайтпайтынды шығарыпты. Бір күні Ақ көжек аюдың мойнынан әлдебір аңның әдемі түгін тауып алыпты да, күмәндана бастапты.

- Не деген күмәншіл, қызғаншақ едің! Мүмкін қатты соққан желдің әсерінен ұшып келген түк шығар, - деп зекіп тастапты Аю.

Үнемі ұрыс-керіспен өткен күндердің бірінде Ақ көжек сырттан әдемі гүлдерді теріп әкеліпті. Ол Түлкі бикештің үйінің маңынан өтіп бара жатып, терезеден Аюдың онымен бірге құшақтасып тұрғанын көріп қалыпты. Ақ көжек қатты қайғырыпты. Дереу үйге келіпті де, шарбағын асынып, мәңгі қайтып келместей болып шыға жөнеліпті. Жылай-жылай әлі құрыған Ақ көжек кеш бата бір ағаш саясында қалғып кетіпті. Әлде түсі, әлде өңі екені белгісіз, ол баяғы Сұр көжекті көріпті. Ұйқылы-ояу қалғып кеткен Ақ көжектің қасына келіп, сөмкесіне көптеген сәбіз салыпты да, кері бұрылып жүре бергенде, Ақкөжек көзін ашып:

- Сұр көжек, бұл сен бе?! Не істеп жүрсің? – депті әлсіз үнмен.

- Мен... Мен, - депті, - өзін кінәлі сезінген Сұр көжек, - Сені ашығып қалмасын деп, үнемі соңыңнан қалмай жүрдім...

Мұны естіген Ақ көжектің көз жасы көл болыпты...

Міне, ертегі аяқталды. Не түсіндің? Не ойладыңдар? Біз қашан да қасымызда жүрген, шексіз махаббатын арнаған адамдарды тым кеш байқаймыз. "Тең теңімен, тезек қабымен" деген мақал осыдан қалған-ау...

 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: vospitatel.com.ua

11645 14
Рейтинг: +11

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 16 қаңтар 2013, 19:28
Пікірлер
+0
16 қаңтар 2013, 19:13

Мына ертегі ойландырды әбден...

+0
16 қаңтар 2013, 20:20

Өмірдің заңы ғой....

+0
16 қаңтар 2013, 21:21

күнде сумкамды карап жүрмесем ба тез табам со кезде :)

+0
17 қаңтар 2013, 01:23

шынымен де дәл қазыргы қыздардың махаббаты ғой мынау. Ақбозатты ханзадамызды іздейміз деп, қасымызда жүрген адамдарды байқамай қалатын сәттер болады.

+0
17 қаңтар 2013, 09:40

Тең теңімен, тезек қабымен деуші ме еді?)

+0
17 қаңтар 2013, 10:47

керемет ертегі, өте әсерлі, бірінші рет мынандай ертегі оқып ерекше күйге түсіп қалдым..

+0
17 қаңтар 2013, 19:48

ай, осындай жазбаларың көп ақ еді. сұйылып, азайып барасың ғой, бауырым.

+0
18 қаңтар 2013, 01:40

ия шыныменде ойландыратын ертеги екен

+0
18 қаңтар 2013, 02:19

керемет жазылған ертегі

+0
19 мамыр 2013, 18:36

жақсы ертегі. авторы кім?
Алшын Матай?

+0
11 қазан 2015, 19:01

сәбіз туралы ертегі керек өтініш тауып беріңіздерші

+0
11 қазан 2015, 20:15

Сәбіз туралы ертегіні таңертең шығарамыз, бұйырса..)

+0
12 қазан 2015, 12:34

http://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/33323/

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...