Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Адам жеңеді...

Адам жеңеді...

Асқар Сүлейменовтың аударма саласында да біршама еңбектенгені мәлім. Өз алдына бір бөлек әлем құрған жазушының ой-түкпірі күні бүгінге дейін көпшілікке бейтаныс. Алайда, осы бір аудармасын оқи отырып, жазушының сәл де болса көксеп кеткен арманын, сол арманның жарқылын көруге болатындай.

Ендеше, өрелі де талғампаз оқырманның рухани игілігіне айналса деген ниетпен аталған аударманы тұтастай беріп отырмыз. Айтпақшы, дәл осы іспетті аудармалар мен жазушының әр жылдары газет беттеріне басылған сыни-мақалаларын 2001 жылы шыққан "Болмыспен бетпе-бет" жинағынан оқи аласыз.

Уильям Фолкнердің Нобель сыйлығын алғандағы сөзі

Менің ойымда, осынау сыйлық маған пенденің жеке басына емес, менің бүкіл ғұмырлық еңбегіме, еңбекке – адам рухының азаптан сауылған табан ақы  маңдай теріне беріліп отыр. Еңбек болғанда, атақ пен даңқ, лауазым-мансап үшін, әсіресе ақша аталатын буын құрт үшін айқасқа шыққан еңбек емес, жаңағы адам рухының иін-иірімдерін бұрын әлем көрмеген әлдене жасап, оны дүние-жарыққа  олжалау үшін буынған, ышқынған, шыңғырған еңбек. Бұл сыйлықты менің аманат-кепілдік санатында қабылдау себебім де осы. Оның, сыйлықтың, ақша-қаржы аталатын бөлігін көзін тауып жұмсау көп қиындық әкеле қоймастай. Бұл мінбеге көтерілгендегі бірегей міндет: мен, маған көрсетілген сый-құрмет, көңіл-пейілді де сарқып пайдалансам деп ем.  Ол міндет, таратып айтқанда, мынаған саяды: мен көрген, мен көрген азап пен ғазаптың қамытын киіп үлгерген, жұлдызы оңына туған күнде дәл осы кафедрадан дабыс берер ақжолтай жас қаламның бірі менің дауысымды естір ме деген үміт.

Біздің басымыздағы бүгінгі трагедия: қара түндей қара үрейдің бізді ерттеп мініп алғаны. Ол үрейге бойымыздың үйренгені соншалық, біз оның ашса алақанында, жұмса жұдырығында қалдық.  Бүгіндері рух ныспылы ұлы ұғым құрдымға кетті; басы ашық жалғыз, жалқы  сауал қалды: адам тәнін кім, қашан, қалай бұтарламақ? Еркегі бар, әйелі бар  бүгінгі жас қаламгерлердің өз-өзімен қаржасып, қырқысып өт, ер адам жүрегіндегі зар-запыранға сырт беру себебі де осында. Ал, хас әдебиеттің құнары тек осынау қырқысу, тек осы конфликт. Қат-қабат тірлікте азап пен тердің өтеуіне жүрер, қайран қаламның қадіріне, қастеріне, қасиетіне жетер басқа түк те жоқ.

Жас қаламгерлер дәл осы шындықты қайрылып қарап, қайтадан ұрпаққа керек; бүкіл табиғатта үрейден басқа нәкәстік (гнустность) болмасына өзін сендіру керек; сенген бетте онымен – үреймен, ат құйрығын үзілді кесіспеске керек, кесіскен бетте адам жүрегінің байырғы мұраттары – махаббат пен намыс, аяныш пен құрбандық, бауырмалдық пен рақымнан басқасын шеберханасынан сыпырып тастау керек. Байырғы мұраттардың деңгейінен табылмаған әдебиетті ақта десе де, батырып айтып, «мүрде» десе де артық емес. Бұл ақиқатты тынысына баламаған жазушы қарғыс қаһарының қармағында күн кешеді, ондай жазушы махаббат емес зинақорлық хақында жазады, туы жығылмаған жеңіліс, үзілген үмітті жалғары  жоқ, назары пәс жеңіс хақында  жазады; адамгершілікпен, аяугершілікпен қоңсы қонып көрмеген ондай жазушы есіл жүректің нала-мұңы хақында емес, нәпсі бездерінің безгегі хақында жазады:

Ондай жазармен толқыны  толассыз уақыт фәнидің  жағасына қол қата алмақ емес.

Осынау ақиқат-айғақты ұқпаған жазушы аталуы адамның ақыр-соңының  енжар-марғау бақылаушысы, қалыс куәгері болып қала береді.  Мен адамның ақырына мойынсұнбақ емеспін. Шыдамын жігермен, жігерін шыдаммен шыңдаған адам өлмейді деу оңай күрмеу; адам, демі бітер, дәмі бітер тұсында сөніп-семіп бара жатқан намазшамның қаналау бояуына малынған тас құзардың басынан үзілер үнмен қарғыс айтқанның өзінде һауа-көкте бәрібір бір тербеліс қалады, ол тербеліс әлгі адамның талма дауысының дірілі деу де қиын күрмеулерден емес. Мен бұл ұғымнан түбегейлі бас тартамын. Тірліктің тепкісінен тірі қалғаны өз алдына – адам жеңеді. Адамның өлместігі: оның ұлан-ғайыр ғаламдағы жаны барлардың ішінен өзек өртер дауысты өзіне еншілегені емес. Адамның өміршеңдігі: онда, құрбандыққа дайын, басқаның азасы мен қазасын бөлісуге дайын жан бар, мейір бар, рух бар.

Ақынның борышы да, парызы да, міндеті де осыны жазу, осы хақында жазу. Суреткердің басқадан, басқалардан оқ бойы озықтығы да осында: оның, адам жүрегіне медет бере  тұрып, ерлікті , рахым-мейір мен бас тігер мәрттікті – адамзаттың өткен тарихтағы бар қазына-даңқ, сес-айбарын қайта оятып, адамның тізе бүкпеуіне қол ұшын береді.

Ақын адам ғұмырының жылнамасын түзеумен , тізіп-хаттаумен шектеле алмайды. Оның жүрекжарды перзенті – шығармасы, жарыққа шырқырап келіп, түнекке шыңғырып кетер адамның тәркіне төтеп беруіне ғана емес, оның жеңуіне көмегі тиер іргетас орнына, ұстын-арқа орнына жүруі бек мүмкін.

1950 жыл

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:liderstvo.org.ua

2423 2
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 14 қаңтар 2013, 11:23
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2013, 12:04

Тамаша дүние, рахмет Фара!

+0
14 қаңтар 2013, 12:32

Еее деп жамбастап жатып тыңдау керек екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...