Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Мәннің өзгеруі

Мәннің өзгеруі

Мәннің өзгеруі

Хорхе Луис Борхес - есімі елге таныс Аргентина жазушысы  һәм ақыны. Джон Максвелл Борхес жайлы: "Оның өзгелерге ықпал ету қуатының күштілігі соншалық, оның прозасындағы тіл - Латын Америкасындағы бір дәуірдің ұлы жазушыларына жол салған" деген пікір айтады. Назарларыңызда 1986 жылы өмірден озған жазушының қысқа әңгімесі.

Әлдеқалай дәлізден бағыт көрсеткіш болат белгі көргенім бар. Осы бір түк жазығы жоқ белгіні өз кезінде адамдар мен арыстандардың денесіне қадалып, Фермопилдің аспанын қанталатқан, Харальда Сигурдансон мүрдесіне алты футтық ағылшын жерінің бұйыруына себеп болған шығар, деп ойлағам. Кейінірек менің көзіме салт атты венгрдің де суреті түскен; аттың төсінен әдемілеп өрілген өмілдірік көрініп тұрды. Өз кезінде аспанда ысқырып, көзі шатынаған бұқаларды тәубесіне түсірген арқанның да ең соңында сәндік мәнге ие болғанын ұқтым. Еуропалық моладан мен қызыл мрамордан жасалған руникалық айқыш та көргем. Айқыш-ұйқыш тармақтарының ұшы жуандай келе бір-біріне тиюге шақ қалыпты. Осы бір ауқымы шектеулі айқыш иіні кең басқа бір нәрсені де - Лукан Самосатскийдің қарғысына ұшыраған "күнәһар қондырғыны" - Құдайдың жанын алған дар ағашын да кейіптейтін-ді. Айқыш, арқан һәм жебе құрыған немесе символдық мәнге дейін көтерілген адамзаттың көне құралдары. Өзімді олардың не үшін таңғалдыратынын да білмеймін. Егер жер бетінде болған оқиғаны ұмыттырып, естен шығаратын ештеңе болмаса, олардың түбі қандай мәнге ие болатынын бір де біріміз білмесек, не болар еді?

 

Аударма: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: lib.rus.ec

3808 1
Рейтинг: +4

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 20 желтоқсан 2012, 17:54
Пікірлер
+0
21 желтоқсан 2012, 00:13

Borxesti tusinu ote kiyn magan

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...