Нобель сыйлығының иегері Боб Диланнан бір өлең

Нобель сыйлығының иегері Боб Диланнан бір өлең
Фото: adebiportal.kz

Әдебиет саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығы белгілі америкалық музыкант Боб Диланға бұйырды. Боб Диланның бір өлеңін танымал ақын Ерлан Жүністің тәржімасында оқып көрейік.

***

Жүрер екем қанша жол тағдыр кешіп əрқилы,
Бір тоқтамға келгенше,
Қанатымның астында қанша теңіз толқиды,
Қара жерді көргенше,
Қанша жарылыстардың оты бізді шарпиды,
Соңғы сарбаз өлгенше?!
Жарығым-ау, бір сөзді қайдан ғана табамын –
Жел əкеткен жауабын.
Қанша ғасыр тұрады мына таулар – тірі аңыз,
Толқын шайса – құла түз,
Қанша ғасыр жылаймыз?
Еркіндікті сұраңыз!
Сұрар болсаң, солардың аяғына құлаңыз!
О, адамдар қашанғы көзімізді жұмамыз –
Көрінбестей кінəміз?!
Əлі қанша шұңқырға мойын созып қараймыз,
Ал аспанды көрер кім?
Есту үшін – бір басқа қанша құлақ жамаймыз,
Зарлы дауысын əлемнің?
Жер бетінен біз əлі қанша өлікті санаймыз,
Келгенінше келер күн?!

Н. Айдархан