Роберт Кийосаки. Бай әке, кедей әке. VII БӨЛІМ

Роберт Кийосаки. Бай әке, кедей әке. VII БӨЛІМ
Фото: getbg.net

Роберт Тору Кийосаки – американдық кәсіпкер, инвестор, жазушы, мұғалім. 26 миллион данамен тараған он бес шақты кітаптың авторы. 47 жасында «Бай әке, кедей әке» бестселлерін жазды. Сол кітаптан үзінді ұсынамыз.

Бай әке, кедей әке

V-VI БӨЛІМ
VII БӨЛІМ

6 сабақ. Ақшаға емес, ақша сізге жұмыс істеу үшін жұмыс істеніңіз

Өмірдің заңдылығы бойынша адамға тек үлкен дарынның өзі жеткілікті емес. Мені таңғалдыратыны  дарынды адамдардың аз ақша табуы. Қаржылық даналық өзіне бухгалтерлік істі, инвестицияны, маркетингті, заңды қосып алады. Осы төрт факторды біріктірсеңіздер, ақша табу оңайға түседі. Алайда іс ақшаға келіп тірелгенде, көпшілік адамдар – бұл күш-қуатты толығымен салу деп ойлайды.

Жұмысшылардың көбісі ештеңеге талпынбайтыны заңдылық. Олар өздеріне үйреткен нәрсені істейді – тұрақты жұмыстың артынан жүгіреді. Мен жастарға бірдеңе үйренетін жұмысқа кіріңдер деп кеңес беремін, тек жалақы алатын жерге емес. Мамандықты таңдамай жатып, кейін күн көруге септігін тигізетін білім мен дағдыны иеленіңіздер. Мен студенттерімнен: «МакДональдстен гамбургерді қайсысың жақсы жасай аласыңдар?» - деп сұрағанда, барлық студент қол көтерді. Содан кейін: «Егер көпшіліктерің одан жақсы жасай алсаңыздар, неге МакДональдс сендерден көп табады?»  Жауабы анық: МакДональдстің бизнес жүйесі мықты.

Дарынды адамдар жақсы гамбургер дайындауда шеберлік танытып, алайда БИЗНЕС ЖҮЙЕНІ білмегендіктен кедей! Табысқа жету үшін мына салалар бойынша мықты дағды керек:

1. Ақша ағынын басқару;

2. Жүйелерді басқару (өзіңізді және отбасыңызды қосқанда);

3. Адамдарды басқару.

Сауда және маркетинг жөніндегі сұрақтар да өте маңызды. Коммуникацияның мына дағдылары: жазу, риторика, келісімдер жүргізу табысқа жету үшін көмегін тигізеді. Әр кез жұмыс істеу керек, өзіңізбен жұмыс істеу керек. Курстарға қатысып, білімділік деңгейін көтеретін таспалар сатып алып, білімді барынша жоғарлату керек. Мен өзіме екі әкемнің де ерекшеліктері мен сипаттарын алдым. Менің ішімде ақшадан ақша жасайтын капиталист жатыр. Сонымен бірге адамдар алдында жауапкершілікті ұстаз да бар. Құрдымға бара жатқан мектептерге ескіріп кеткен білім беру жүйесі жауапты деп ойлаймын.

zhanaoi.kz

@. @assel_assanova