Роберт Кийосаки. Бай әке, кедей әке. V-VI БӨЛІМ

Роберт Кийосаки. Бай әке, кедей әке. V-VI БӨЛІМ
Фото: getbg.net

Роберт Тору Кийосаки – американдық кәсіпкер, инвестор, жазушы, мұғалім. 26 миллион данамен тараған он бес шақты кітаптың авторы. 47 жасында «Бай әке, жарлы әке» бестселлерін жазды. Сол кітаптан үзінді ұсынамыз.

Бай әке, жарлы әке

IV БӨЛІМ
V БӨЛІМ

4 сабақ. Салықтың тарихы және корпорациялардың күші 

1874 жылы Англия өз азаматтарына тұрақты табыс салығын салды. 1913 жылы Конституцияның 16-шы түзетуі ретінде Америкада да тұрақты табыс салығы салынатын болды. Америкалықтар салықпен күрескен де болатын. Америка мен Англияға табыс салығын тұрақты ету үшін 50 жылдай уақыт кеткен. Осы табыс салығы Америкаға енгенде, оның мақсаты байларды құлдырату деген сияқты негізде болды. Сондықтан кедей және орта тап, салықтың заңдастырылуына дауыс берді.

Бай әке Майк екеуміздің осыны түсінгенімізді қалады. Салықтар байларды жазалайды деген ертегілер, ақыр соңы кедей және орта тапты да шарпып кетті. Мен адамдармен сөйлескенде зияткерліктің қаржылық коэффициенті 4 саланы білуден тұрады:

1. Бухгалтерлік есеп – бұл менің қаржылық сауаттылық дегенді білдіретін ұғымым. Империя тұрғызғыңыз келсе, санай білу өте маңызды. Қаржылық сауаттылық – қаржылық есептемені оқи және түсіне алу.

2. Инвестициялау – мен бұны ақша табуға болатын ақшаның ғылым саласы деп атаймын.

3. Нарықты түсіну – бұл ұсыныс пен сұраныс туралы ғылым. Нарықтың «техникалық» аспектісін және нарыққа не керегін білу қажеттілігі. Инвестиция жасау кезінде нарыққа қазір керек пе, яғни экономикалық мағынасы бар ма.

4. Экономикалық заңдарды білу, юриспруденция – егер корпорацияда бухгалтерлік есеп, инвестициялау, нарықты түсіну ісі жақсы болса, онда корпорацияны үлкен табыстар күтеді. Ал егер адам өзінің корпорациясы салық артықшылықтарын және корпорацияны қамтамасыз ететін қауіпсіздіктерді білетін болса, онда ол анағұрлым тезірек табысқа қол жеткізеді. Адамға экономиканы реттейтін заңдар туралы білу қажет. Экономиканың заңдарын білетін адам, оны білмейтін адам жерде жүргенде, ол ұшып жүргендей болады.

Корпорациясы бар байлар:

Табыс табады.
Жұмсайды.
Салық төлейді. 

Корпорацияда жұмыс істейтіндер: 
Табыс табады. 
Салық төлейді. 
Жұмсайды.

VI БӨЛІМ

5 сабақ. Байлар ақшаны жасап шығарады

Көпшілік қауым колледжді бітіріп, үлкен өмірге бет бұрады. Алайда, табысқа жету үшін мектептегі, колледждегі білім жеткіліксіз екенін түсінеді. Шынайы өмір академиялық білімнен өте алыс, ол көбірек нәрсені талап етеді. Менің естігенім бойынша көбірек нәрсені бір адам былай айтқан – күш-жігер, табандылық, белсенділік, батылдық, мықтылық, ептілік, ержүректік, алғырлық, ерекшелік. Бұл қасиетердің адам бойында болуы, мектептегі білімге қарағанда болашаққа тигізетін әсері зор.

Тәуекелге бас тігу не үшін керек? Неге қаржылық коэффициенттің зияткерлігін дамыту үшін өзімізге мазасыздық тудырамыз? Жауабы: Өмірде үлкен таңдау жасай алу үшін. Қаржылық данышпандығымызды дамыту не үшін қажет? Бұл сұраққа әр кім өзі жауап беру керек. Менің жауабым: Ақшаны тез тапқым келеді. Істеу керектігінен емес, істегім келгеннен.

Инвестициялау келіп кетеді, нарық жоғарылап төмендейді, экономика өркендеп, дағдарысқа тап болады. Ештеңеге қарамастан өмір бізге сансыз көп мүмкіндік береді, ұлы мүмкіндіктер, әр күн сайын, бірақ осы мүмкіндіктерді көзден таса етеміз. Ал олар бар! Әлем өзгерген сайын, технология өзгерген сайын, мүмкіндіктер де еселеп көбейеді, сол арқылы сіз бен сіздің отбасыңызды асырау мүмкін жағдай болады.

Менің философиям – өз графама «актив» деген дәндерді егу. Бұл менің формулам. Аздан бастаймын және дән егемін. Кейбіреуі өседі, ал кейбіреуі өспейді. Инвестициялау – тәуекелге бел буып ойнайтын ойын, егер не істеу керектігін білсеңіздер. Бұл құмар ойын, сіздер жай ғана ақшаңызды келісімге шашасыздар. Аяқ-асты кедергілерді, тәуекелді айналып өту үшін, техникалық білім, даналық, ойынға деген махаббат керек.

Тәуекел әр кезде де бар. Ал қаржылық сауаттылық қауіп-қатерді төмендетеді. Менің тырысуымның сферасы – жылжымайтын мүлік. Мен жылжымайтын мүлікті жақсы көремін, ол тұрақты және баяу өседі. Көздеріңіз емес, ақыл-ойларыңыз мүмкіндіктерді көреді. Көпшілік адамдар мүмкіндіктерді тануда қаржылық сауаттылығы жоқ болғандықтан, ешқашан байымайды.

Инвесторлардың екі типі бар:

1. Көп тараған түрі – толықтырылған инвестициядан пакетті иеленетін адамдар. Осы адамдар типі жылжымайтын мүлік операцияларымен айналысатын компанияларға немесе биржалық маклерге не қаржылық жоспаршыға хабарласып, бір нәрсе алады: бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар. Бұл инвестициялаудың қарапайым жолы. Қарапайым мысал, сатып алушы дүкенге барып, сөредегі компьютерді сатып алады.

2. Инвестиция шығаратын инвесторлар – мұндай инвесторлар келісімді құрастырады, дәл компьютердің бөлшегін сатып алып, құрастыратын сияқты. Оларды жинап, біртұтас жасайды. Мен компьютерді қалай жинайтынын білмеймін, бірақ әр түрлі қоспалардан бір тығыз мүмкіндік жинай алатын адамдарды білемін. Тәуекел әр кез, әр жерде болады. Одан қашуды емес, күресуді үйреніңіздер.

Жалғасы бар...

zhanaoi.kz

@. @assel_assanova