Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Михаил Булгаков. Естелік...

Михаил Булгаков. Естелік...

Михаил Булгаков. Естелік...

Михаил Булгаковтың бұл әңгімесі 1924 жылы 21 қаңтарда В.И.Лениннің қайтыс болғаны жайлы қаралы хабар келген кезінде жазылған. Әңгімеде автордың өз өміріндегі жағдаяттар көрініс тапқан. Бүгінге дейін қазақ қоғамында өзекті мәселе болып отырған «үйлі болу» мотиві әбден толысып, кемеліне келген кезі ХХ ғасырдың басы болғанын айтсақ та артық емес. Десек те, «Көптердің Владимир Ильичпен байланысты естеліктері бар, менде де біреуі бар еді» деген сөзінен-ақ өткен ғасырдың көсемін тіпті танымаған адамдардың да ол туралы естеліктер жаза бастағанын сынағанын байқаймыз. Әңгімеден көсемнің атағы кей тұстарда қауесеттерден де таралып жатқаны белгілі болады. Оның орнына автор шығарма соңында «Ульянова» деп анық атап кетеді. Ленинге емес, одан басқа да адамдардың мінсіз болуы кеңестік идеологияда қайбір салада болсын қудаланғанын еске сала кетейік. Сол заманда Булгаковтың ирониясын түсінбеген редакторлар әңгімені сол қалпы шығарады. Шындық қашанда шырылдап тұрады емес пе, шындығы бар шығарманы алдарыңызға қойдық, ендеше...

***

Көптердің Владимир Ильичпен байланысты естеліктері бар, менде де біреуі бар еді. Бұл естеліктің санамда жатталып қалғаны сондай, оны еш ұмытуға болмайды. Егер әр кеште жылылықпен үйлесе құйылып, сосын ұнамды бір толқын бөлме ішіне енетін болса қалай ұмытарсың, тіпті есіме тағы бір түсетіні менің жазған атақты арызым, Надежда Константинованың тозығы жеткен көкірекше киімі...

Бұл ойдан қалай арыларсың, егер әр кеште шамнан ұзына бойына құйылып, шыра қалпағының күрең көк көлеңкесінде тек жазып я оқи алатын болсам, және сыртта 18 градус аяз болып тұрғанда мен үйде болсам, үйім жып-жылы болса қалай ұмытарсың...

Басымды көтерсем үйдің төбесін ғана көретін болсам қалай ұмытармын. Бірақ сол үйдің төбесі өте аласа, сөгілген, қақталған, бір сөзбен айтқанда ұсқынсыз, бұл төбе Пречистенский бульварының төбесіндегі жұлдызды көк аспан емес, онда ғылымның есептеуінше 18 градус емес, 271 градус аязға дейін барады екен. Ал менің әдебиет төңірегіндегі еңбек жолымды аяқтау үшін мұндай естеліктер болмауы тиіс. Менің мына қарңғағыр фестонын өрмекші өрмегін құрған бөлмемде 12 градус нөлден жоғары, жарық, кітаптар, және тұрғын үй серіктестігі ғана. Бұл дегеніңіз үй қанша ғұмыр кешсе мен де сонша уақыт тірі боламын деген сөз. Өрт те болмайды – және мен тірімін.

Бәрін де ретімен айтып берейінші.

1921 жылдың соңы болатын. Мен Мәскеуге келген едім. Жүгім аз болғандықтан көшіп-қону мен үшін аса бір қиындық тудырды демей-ақ қояйын. Бар заттарым қол шабаданына сыйып кеткен. Иығыма қой жүнінен жасалған шолақ тон ілгенмін. Оны сипаттамай-ақ та қояйын. Бұл түкке алғысыз жүнді көрсем ашуым тізгінін қалай босататыны жайлы көп айтып, оқырманның жеккөрушілік сезімін қоздырмайын.

Тверь көшесімен келе жатқан бірінші рейсімде-ақ қасымнан өткен адамдардың алты рет (!) «Мына шолақ тонды-ай!» деген сөзді есіткенімді айтсам жетер. Мәскеу көшелерін екі күн бойы шарлап жүріп, әйтеу дегенде орын таптым. Енді бір жарқырап тұрмаса да өзгелердің үйіндей-ақ тең қатарлы болды: дәл осылай жарманы да таратып, дәл осылай тамызда төленетін жалақыны желтоқсанда беріп жататынын айтатынбыз. Қызмет істей бастадым.

Осы бір ұсқынсыз жерде менің алдымда бір сұрақ тұрды... бөлме туралы. Адамға бөлме керек. Тіпті бөлмесіз өмір сүре алмайды. Менің шолақ тоным шапанның да, көрпенің де, асжаулықтың да, тіпті төсектің де орнын ауыстырды. Бірақ ол да, шабадан да бөлме бола алмайды. Оны қойып, тіпті өзім де адам шабаданда өмір сүрер болса әбестік болар еді деп ойлаймын.

Содан пәтер-үй бөлімін басқаратын мекемеге бардым да кезекте 6 сағат тұрдым. Соңғылардың қатарында жетінші сағат басталғанда кабинетке кіріп бардым, ондағылар бөлмені тек екі айдан соң ғана ала алатынымды айтты.

Екі ай болғанда, менің ең қиын мәселем 60 түн еді, мен сол уақытта қайда қонып шықсам екен деген сұрақ. Бұл түндердің бесеуін алып тастауға болады, себебі Мәскеуде менің 5 таныс адамым болды. Екі түнді кушеткада, тағы да екі түн орындықта өткіздім және бір рет газ плитасының үстінде ұйықтадым. Алтыншы түнге қарағанда Пречистен бульварына бардым. Бульвар өте әдемі, қараша айында, әрине, мұнда бір түннен артық түнеуге болмайды. Қалаған адам болса оған көз жеткізуіне болады. Таңертең абажадай күмбездердің төбесінде аспан ағараңдап еді, сол бойда шабаданымды қолыма алдым да күміс қырау жамылып алып Брянский бекетіне аяңдадым. Бұл түннен кейін Мәскеуден безіп кеткім келген. Қапшықтағы сарғыш жарма мен ақпанда берілуі тиіс қарашаның жалақысын қиып-ақ кетер едім. Мына күмбездер де, шатырлар да, терезелер де, тіпті мәскеуліктер де маған өшпенділікпен қарап тұрды, ал мен Брянский бекетіне аяңдап барамын.

Дәл осында бір керемет бола кетті, оны тіпті ғажап демеске болмас. Бекетке таяп қалған кезде өзімнің досымды кездестірдім. Мен оны өліп қалдыға балап келіппін. Өлу-өлмеуді былай қойғанда, ол Мәскеуде тұрады екен, және оның жеке бөлмесі бар болып шықты. О, менің жақсы досым! Бір сағат өтпей-ақ мен оның бөлмесінде болдым.

Досым бүйдейді:

- Түней бер. Бірақ сені мұнда тіркемейді.

Мен түнде келіп қонып жүрдім, ал күндіз үй басқармасына барып мені сонда тіркеп беруін сұрап әлектендім. Үй басқармасының төрағасы, өзі бір семіз, қозы тымақты, тіпті жеңі де қозы жүнінен жасалған, шынтағына сүйеніп алып, шолақ тоныма қарап отырды да қойды. Басқарманың қозытымақ киген мүшелері болса басқарушыға қарап қалған.

- Өтінемін, мені тіркеп беріңіздерші, - деймін мен, - бөлме қожайыны онда тұруыма еш қарсы емес қой. Мен өте сабырлы адаммын, шуламаймын. Ешкімге кедергі жасамаймын. Маскүнемдікке салынып, есіктерді қаға бермеймін...

- Жоқ, - деп жатты төраға, - тіркемеймін. Сізге бұл үйде тұруға болмайды.

- Енді қайда тұрамын, - деймін мен, - қайда? Бульварда өмір сүруге болмайды ғой.

- Ол менің шаруам емес, - деді төраға.

- Тығынға ұқсап ұшып кетіңіз! - деп жатты төрағаның жақтастары.

- Мен тығын емеспін... мен тығын емеспін, - деп жаттым сасқаннан, - қайда ұшып кетемін? Мен – адаммын. Амалсыз күйден әбден теперіш көрдім.

Дәл осылай 5 күн жалғасты, ал алтыншы күні керосин құйылған құтысын арқалап әлдебір ақсақ адам келді, егер өзім кетпейтін болсам милиция келіп алып кететінін мәлімдеді.

Ашу-ыза кернеді.

Түнде алтын бұрандасы бар неке балауызын жақтым. Электр тоғының істен шыққанына бір жеті болған, досым тек шырақ жағып жүрді. Ағасы мен әпкесі дәл осы шырақ жарығында некелескен екен. Шырақ балауыз жасымен жылап жатқандай.

Үлкен бір таза қағаз алдым да мына бір сөздермен басталатын бірдеңелерді жаза бастадым: Халық Коммисарлар кеңесінің төрағасы Владимир Ильич Ленинге. Бұл қағазға бәрін де түсіріп жаздым: қызметке қалай келгенім, тұрғын үй басқармасына қалай барғаным, Құдайдың шіркеуі алдында 270 градус аязда жұлдызды аспанға қарағаным, «Тығынға ұқсап ұшып кетіңіз!» деп маған қалай айғайлағандары...

Ал бірде көмір қара түнде, аязда (жылу беру де істен шыққан) көң-тозы шыққан диванда ұяйықтап кетіп түсімде Ленинді көрдім. Ол жазу үстелінің алдында шам жарығында маған қарап отырды. Мен болсам оған қарама-қарсы орындықта шолақ тонымды киіп отырған күйде бульвардағы жұлдызды түн туралы айтып, ал бірде неке шамшырағы мен төраға туралы сөйлеппін.

- Мен тығын емеспін, жоқ, тығын емеспін, Владимир Ильич.

Көзімнен жас парлап кеткен.

- Сосын... содан... сосын... - деуменен отыр Ленин.

 Сосын ол бір жаққа телефон соқты.

- Оған досымен бірлесіп тұруға жеке ордер беріңіздер. Бөлмесінде отырып алып қай-қайдағы бір жұлдыздары туралы өлеңдерін жаза берсін. Сосын анау қозы қалпақты сұрқияны шақырыңдар. Мен оған бірлесіп тұруды көрсетейін.

Төраға шақырылған. Қарны қабақтай болып ап ал кеп жыласын:

- Енді қайталанбайды.

Балауыз шамның жарығымен жазылған мәтінді көре салып, елдің бәрі ду күлкіге басты.

- Сіз оған жете алмайсыз, қымбаттым, - дейді меңгерушім.

- Ендеше мен Надежда Константивовнаға жете аламын, - деймін мен сасқанымнан, - енді маған бәрібір. Пречистенский бульварына мен енді бармаймын.

Мен ол әйелге жете алдым да.

Күндізгі сағат үште оның кабинетіне кіріп бардым. Жазу столының үстінде телефон аппараты тұр екен. Надежда Константиновна жүнді көккірекше киімін киген бойда стол жиегінен асты да менің шолақ тоныма қарады.

- Сізге не керек? – қолымдағы қағазға бір қарап алды.

- Маған бұл өмірде бір ғана нәрсе керек, ол – бірлесіп тұруға ордер. Мені қуып шыққалы жатыр. Менің Халықтық Коммисарлар кеңесі төрағасынан басқа үмітім қалмады. Осы хатты оған жеткізіп беруіңізді өтінемін.

Қолына ұстата алдым.

Оқып көрді:

- Жоқ, - деді ол, - Халықтық Коммисарлар кеңесінің төрағасына мынадай дүние беру дегеніңіз, енді?

- Енді не істеймін, - деп жатып бас киімімді қолымнан түсіріп алдым.

Надежда Константиновна менің қағазымның бір бұрышына қызыл түсті сиямен жаза бастады:

«Бірлесіп тұруға ордер берулеріңізді сұраймын».

Сосын қол қойды: Ульянова.

Нүкте.

Ең бастысы, мен оған алғыс айтуды ұмытыппын.

Ұмыттым.

Бас киімімді қисайта кие сала шығып кеттіпін.

Ұмыттым.

Темекі түтінімен ысталған тұрғын үй басқармасына сағат төртте кіріп бардым. Бәрі жиналып отыр екен.

- Қалай? - деді бәрі. - Сіз әлі осындасыз ба?

- Ұшып кет...

- Тығын құсап па? – дедім мен қаһарыма мініп. – тығын құсап па? Солай ма?

Қағазды шығардым да столға қойдым, сосын құрметті сөздерді саусағыммен нұқып қалдым. Қозытымақтар қағазға үңілді де бір уақытта сал меңдегендей қатты да қалды.

Қабырғада ілінген сағатқа қарап олардың бұл қалыпта қанша тұрып қалғанын да айта аламын:

Үш минут.

Сосын төраға жан біткендей мүләйімсіп қарады да:

- Улья?.. - деп сұрады.

Тыныштық тағы да жалғасты.

- Иван Иваныч, - қозытымақты төраға сөйлеп жатыр, - оларға бірігіп тұруға ордер берші, достым.

Досы Иван Иваныч кітапты қолына алған, кейін сілтідей тынған бөлмеге қауырсын даусын шығара ордер жаза бастады.

Мен сол қақталған төбесі бар бөлмеде тұрып жатырмын. Кітаптарым бар, лампа жарығынан құйылған сәуле стол үстінде домалақ кескін жасап тұр. 22 қаңтарда ол қызыл түске боялды, дәл сол сәтте түсімде көрген келбет шыға келді – шоқша сақалды, дөңес, шығыңқы маңдайлы келбет көз алдыма келді. Сол келбетте қамығу мен торығу бар, ағарған шаш, үстінде тозған кацавейка. Сосын көз алдыма сөз келді

Ульянова.

Ең бастысы, оған алғыс айтуды ұмыттым.

Міне, қандай ыңғайсыз жағдай...

Сізге алғыс айтамын, Надежда Константиновна.

 

Орыс тілінен аударған: Ардақ Құлтай

Сурет: telegrafist.org

1588 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 26 маусым 2013, 18:42
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...