Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Мо Янь. Романның иісі

Мо Янь. Романның иісі

Мо Янь. Романның иісі

(Франция Париж кітапханасында сөйленген сөз)

Наполеон Бонапарт кезінде: «Менің көзімді таңып тастаса да, иіс түйсігіме сүйеніп, ата мекенім Корсиканы таба аламын» деген екен, себебі, Корсика аралында біртүрлі өсімдік өседі екен, оның хош иісі желмен бірге таралатын көрінеді.

Жазушы Шолохов «Тынық Дон» романында өзінің елден ерек иіс түйсігін әйгілеп бақты. Ол Дон өзенінің иісін, жайлаудағы алуан түрлі (көк, қураған, шіріген) шөптердің және жылқының денесіндегі тер иісін суреттеді. Әрине, мұнда казак еркектер мен әйелдер денесіндегі иістер бар. Ол өз романының алғы сөзінде: «Тынық Дон, біздің әкеміз! Донның иісі – казак сахарасының иісі» дейді. Әсілі бұл оның ата мекенінің иісі еді.

Қытай мен Ресей шекарасындағы Уссури өзенінде туылып, терең теңіздерде өсетін салмон балығы уылдырық шашатын кезде, неше миллиондаған шақырым жол басып, сансыздаған қатерлі бөгеттерді бұзып өтіп, өздері туған жерге барып ұрпақ өрбітеді екен. Біз балықтардың осы бір ойға сыймас қабілетін түсіндіруге шарасызбыз. Жақынғы жылдары, балық зерттеуші ғалымдар бұл сауалдың шешімін тапқандай, балықта адам сияқты көрнекі мұрын болмаса да, төтенше жетілген иіс түйсігі және иісті есте сақтау қабілеті болады екен. Осы қабілетке және есіндегі туып-өскен ана өзеннің иісіне сүйеніп, олар ұлы теңіздегі сұрапыл толқындарды жеңіп, ағысқа қарсы жүзеді. Сансыз құрбандықтар беріп, тұла бойы жарақатқа толы азғантай тобы ғана ата мекеніне оралады. Осы топ уылдырық шашып, міндетін ада еткен соң, өлімге алаңсыз жол алады. Ана дарияның иісі оларға бағыт сілтейді, қиыншылықты жеңетін қуат дарытады.

Енді бір мағынадан алғанда, балықтың өмірі жазушының өміріне тіптен ұқсас. Жазушының жасампаздығы шын мәнінде, есіндегі ата мекенінің иісіне сүйеніп, ата мекенін іздеу барысы.

Магнитафон, видео, интернет түгел толық бүгінгі таңда, романның заттарды бейнелеп, көріністі суреттеу, сөзбен сурет салу қызметі қатаң сынаққа тап келді. Сенің жазғаның қаншама көркем, дәл болғанымен, кескін аппаратынан бәрібір аса алмайды. Тек иісті ғана видеокамера бейнелеуге амалсыз. Бұл біз осызаман роман жазушыларының ең соңғы табан тірер тиянағы, бірақ менің межелеуімше бұл да ұзаққа бармайды, көп өтпей, анау бір тынышсыз зерттермендер иісті сақтай алатын құрал ойлап табатын болады, сонымен иіс тарататын кино және теледидар дүниеге өзі-ақ келеді. Бұл аспаптар тапқырланбай тұрған орайды пайдаланып, біздер тіпті бай, тіпті мол иіске толы романдарды дереу жазып шығуымыз ләзім.

Мен иісі бар романдарды оқуға қызығамын. Иісі бар роман – жақсы роман, өзіне қас иісі бар роман – ең жақсы роман. Өз романын иіске бөлеген жазушы – жақсы жазушы, өз романын аңқыған иіске бөлеген жазушы – ең жақсы жазушы.

Жазушы сезімтал мұрынды қажет етеді, әйтсе де сезгір мұрны бар адамның жазушы болуы да екіталай. Тазының танауы ең сезгіш, бірақ тазы жазушы емес. Көптеген жазушылардың мұрны қабынған, бірақ бұл олардың ерекше иісті романдар жазуына бөгет болған емес. Менің айтпағым, жазушыда иіс туралы өте бай қиялдау қуаты болуы тиіс. Жасампаздық күшке ие жазушы, шығарма жазғанда, қаламынан туған кейіпкер мен көрініске өзінің иісін сіңіруі керек. Ешқандай иісі жоқ зат болса да, қиялға сүйеніп, оған иіс бітіруі қажет. Мұндай мысалдар өте көп.

Германиялық жазушы Суиышкинд өзінің «Иіс су» романында, мүлдем бөлекше жаратылған иіс түйсігі бар ғажайып жанды жазады. Ол иістерді жинайтын, иіс су жасайтын сұмдық дарын иесі болатын. Мұндай дарын тек қана Парижде туылуы тиіс. Ол өзінің ми қамбасына әлемдегі барлық заттың иісін жинаған еді. Ол сол иістерді салыстыра келіп, дүниедегі ең жұпар иіс – жас қыздардың иісі деп табады. Сонымен жаннан асқан иіс түйсігіне сүйеніп 24 сұлу қызды өлтіреді де, олардың денесіндегі иісті алып, соңында бір түрлі иіс су жасап шығады. Осы ғажап иіс суды өз денесіне шашқан сәтте, адамдардың барлығы оның сиықсыздығын ұмытып, бойларында оған деген шексіз сүйіспеншілік туындай бастайды. Бұлтартпас айғақ-дәлелдері бола тұрса да, оның қатыгез жендет екеніне сенгісі келмейді. Қастандыққа ұшыраған қыздың әкесі де оған беріледі, оған деген сүйіспеншілігі қызына деген махаббатынан асып түседі. Осы бір ғажайып жан: «Кімде-кім адамзаттың иіс түйсігін меңгере алса, сол адам ғаламды билейді» деген мызғымас шешімге тоқтайды.

Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романындағы кейіпкердің «желі» гүлдерді солдырып кетеді, тас қараңғы түнде өзінің иіс сезгіштігімен қайсы бұрышта болса да ұнатқан әйелін дәп басып тауып алады.

Уильям Фолкнердың «Даңғаза және дүрбелең» романындағы бір кейіпкер қақаған суықтың иісін сезе алады. Шын мәнінде суықта иіс болмайды, бірақ, Фолкнер осылай жазды. Біз оның жазғанын әбес көрмедік, қайта терең әсерге бөленіп, бас шұлғыдық, өйткені суықтың иісін сезетін бұл кейіпкер ақымақ біреу болатын.

Жоғардағы мысалдар және қарапайым талдау арқылы романда екі түрлі иістің сақталатынын, яғни романдағы иісті жазудың шындығында екі түрлі тәсілі болатынын байқаймыз. Бір түрі-шындықты жазу тәсілі. Жазушының тұрмыс тәжірибесіне, әсіресе ата мекеніндегі тәжірибесіне негізделіп, өзі суреттеген заттарға иіс сіңіруі, немесе иіс арқылы жазбақ болған заттарын бейнелеуі. Енді бір түрі – жазушының қиял күшінің көмегімен иіссіз заттарға иіс беруі, иісті заттарға бөгде иістерді сіңіруі. Қақаған суықта иіс болмайды, сондықтан ол әсте нақты зат емес, десе де Фолкнер оған жүректілікпен иіс сыйлай білді. Өлім нақты зат емес, өлімде иіс болмайды, бірақ Маркестің кейіпкерлері өлімнің иісін түйсіне алады.

Әрине, иіспен ғана бір романды құрап шығуға болмайды. Жазушы роман жазғанда, өзінің иіскеу, көру, тыңдау, түйсіну сынды барлық сезім мүшелерін, тіпті осы айтылғандардан тыс басқа таңғажайып түйсіктерді қозғалысқа салуы қажет. Осылай болғанда ғана сенің романыңда өмірдің иісі аңқып тұрады. Ол ендігіде бір төбе жансыз әріптердің үйіндісі емес, қайта иісі, дыбысы, жылуы, формасы, сезімі бар тірі нәрсеге айналады. Біз ең алғаш шығарма жазғанда, мынадай қиындықтарға жолығамыз, күнделікті тұрмыстағы істер тым күрделі, жан тебірентерлік болады, оны шып-шырғасын шығармай романға айналдырып, қайтадан оқитын болсақ, өте жасанды, жансыз, әсер-қуатсыз болып қалғандай сезім бағыштайды, ал, көптеген үздік романдарды жазушылар ойдан қиыстырғанын қанық біле тұрсақ та, одан терең әсерлер алып жатамыз. Не үшін мұндай құбылыс туылады? Меніңше мәселенің түйіні мынада, біз өмірдегі нақты істерді жаза бастағанда, өзіміздің жаратушы екенімізді ұмытамыз, иіскеу, көру, тыңдау сияқты сезімдерімізді қозғалысқа келтірмейміз. Ал ұлы жазушылар қиыстырған туындының бізге шын болып сезілетіні олар шығарма жазғанда өзінің барлық сезімін іске қосады, әрі қиял құсын мейлінше шарықтатып, көптеген сырлы сезім халдерін жаратып шығады. Бұл адамның қоңызға айналмайтынын біле тұрсақ та, Кафканың «Құбылуындағы» адамның қоңызға айналған хикаясының оқырманға тым әсерлі сезілетіндігінің түп себебі.

Кино дүниеге келгеннен кейін, адамдар романның болашағына алаңдай бастады. Қытайда 50 жылдың алдында-ақ «Роман құритын болды» деген болжамдар болған, бірақ роман әлі құрыған жоқ. Теледидар әрбір отбасына енгеннен кейін, романның тағдыры тым шіркін-ай еместей сезілді. Роман оқырмандарын телеэкран сүйреп әкеткен болса да, көптеген адамдар әлі де роман оқиды, романның ажал минуты әлі келе қойған жоқ. Интернеттің жалпыласуы романға өте үлкен сайыс болғанымен, меніңше интернет бізді тек қана бір түрлі өзге формадағы жазуы әдісі мен дәстүрлі кітапханаға ұқсамайтын таратылым тәсілімен қамдады.

Қолынан роман жазудан басқа дым келмейтін мен роман тағдырының қиын күндерге тап болғанын көрсем де, оны мойындағым келмейді, тіпті керісінше романның орнын әрқандай бір көркемөнер немесе техникалық форма баса алмайды деп білемін. Мейлі иіс сақтайтын аспап ойлап табылса да, осылай болады, өйткені иіс сақтайтын аспап дүниеде бар иістерді ғана сақтай алады, ғаламда жоқ иістерді сақтауға мүлдем қабылетсіз. Бейне видеокамераның нақты заттарды ғана кескінге алып, дерексіз заттарды кескінге ала алмайтыны сияқты дүние. Белгілі мағынадан алғанда жазушының қиялы жоқтан барды жасайды. Жазушы қиял күшінің көмегімен жоқ иістерді, дерексіз заттарды жаратып шыға алады. Бұл біздің осы кәсіптың мәңгі өлмейтіндігінің негізі.

Заманында, германиялық жазушы Томас Манн Кафканың бір романын Эйнштейнге сыйлапты. Эйнштейн екінші күні-ақ романды Томас Маннға қайтарып: «Адамның миы мұндай күрделі болмайды» деген екен. Біздің Кафка дүниедегі ең ұлы ғалымды жеңді, бұл біздің, осы саладағылардың мақтанышы.

Олай болса, аса ерік-жігермен барлық сезімдерімізді қозғалысқа келтіріп, тынысы, иісі, жылуы, дыбысы бар, оның үстіне ғажайып идеялары бар том-том романдарды жазып шығуға тиіспіз.

Әрине, жазушы тіл арқылы ғана өзінің шығармасын жазады. Иіс, көрініс, жылу, форма дегендердің барлығы тіл арқылы жасалады немесе тілді құрал етеді. Тіл болмаса, еш нәрсе болмайды. Тілмен нақтылы мазмұн жазылатындықтан, әдебиет туындысы тәржімаланады. Тәржімаға қолайлы болу тұрғысынан жазушы бар ынтасымен сезімді бейнелуі, сезімі бар өмір әлемін жасап шығуы керек. Сезім болғанда ғана сүйіспеншілік болады. Тірлік тынысы жоқ шығарма жан-жүйеге әсер ете алмайды.

Біз Уссури өзеніндегі салмон балықтар сияқты ана өзеннің иісін іздеуіміз, қаһармандықпен алға басуымыз тиіс.

Біз қадым замандардағы Жер шарының иісін қиялдайық. Ол кезде Жер шарында сансыздаған алып динозаврлар жасаған, олардың иісі төңіректі алып жатқан. Біреулер динозаврлар өзінің сасық иісінен қырылып қалған дейді.

Мен батылдықпен қытайдың Олымпиада ойындарының басталу салтын басқаратындарға: «2008 жылы Олимпиаданың басталу салтында, алау тұтанған мезетте жүз түрлі гүл, жүз түрлі ағаш, жүз түрлі шараптан құралған иісті төңірекке шашайық, бұл реткі Олымпиаданың иісі мұрын жаратын болсын» деген ұсыныс қоймақпын.

Есіміздегі барлық иісті қозғалысқа келтіріп, иіс арқылы өткен өмірімізді, махаббатымызды, қайғы-қасіретімізді, қуаныш-шаттығымызды, жалғыздығымызды, жастығымызды, анамызды... барлығын, бейне Пруесттің жалғыз тал Мадрина прәндігі арқылы өткен күніне барғаны сияқты іздейік!

Біздің елдің атақты жазушысы Пу Сұңлидың өлмес туындысы «Лияужай аңыздарында» сырлы соқыр сопы туралы жазады. Бұл сопы мұрнымен мақаланың жақсы-жамандығын парықтай алады екен. Көптеген кіжүй емтиханына (қытайдың ертедегі орда мансабына қабылдайтын емтихан жүйесі) қатысушылар, мақаласын әкеліп оған иіскететін болыпты. Сопы жарамсыз мақаланы иіскегенде, қатты түшкіреді, ол жарамсыз мақаладан сасық иіс бұрқырап тұрады дейді. Бірақ кейін келе оны түшкірткен мақалалардың барлығы мақтауға ілгіпті де, адамдар иісі мұрын жаратын шығар деп ойлаған мақалалар тасада қалыпты.

Тайваньда мынадай әңгіме таралған, бір қыстақтың астында, иіс түйсігі ғаламат дамыған ру өмір сүріпті. Бұл рудың адамдары ас пісірудің шебері екен, иісі аңқыған дәмді тағамдар пісіре алады екен. Олар пісірген тағамдарын жемей, бір текшеге әдемілеп тізіп, барлық руластар оны қоралай отырып, мұрындарын тынымсыз жыбырлатып, тағам иісін иіскейді. Олар осы иіспен ғана тіршілігін жалғастырады. Жер бетіндегі адамдар, үнемі жер астына түсіп, әлгі рудағылар иіскеп кеткен тағамдарды ұрлап әкетіп тұрыпты. Мен бұл аңызды әлдеқашан шағын роман етіп жазып шыққанмын. Мен романда жер астына түсіп тамақ ұрлайтын кішкене бала едім. Роман жарияланған соң, қатты өкіндім. Әсілі қалыпты адам емес, иісшіл рудың майданында жүріп жазуым керек еді. Өзімді иісшіл рудағы кішкене балаға айналдырып жіберген болсам, романым тіпті де ғаламат болып шығар еді.

Автордың "Менің Гаумиім" атты кітабынан аударған: Құсыман Құмашұлы

Қытай "Жастар" баспасы, 2012 жыл, қараша, 5-басылым

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: 21cbh.com

582 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 16 мамыр 2013, 12:47
Пікірлер
+0
16 мамыр 2013, 11:36

қазақтар да бір аңыз бар ғой Мо Яньның әңгімесіне ұқсас

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...