Бүгін – халықаралық балаларға арналған кітап күні

Бүгін –  халықаралық балаларға арналған кітап күні
Фото: Yernar Almabek

Бүгін – халықаралық балаларға арналған кітап күні. Аталған мереке әр екі жылда бір рет 1956 жылдан бері бейресми түрде балалар жазушысы Ханс Кристан Андерсеннің туған күніне орай аталып өтіледі.

Ханс Кристиан Андерсенге деген терең құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі ретінде Халықаралық кеңестің бастамасы және шешімі бойынша 1967 жылы 2 сәуір күні Халықаралық балалар кітабы күні деп ресми түрде жарияланды.

Балалар авторлары үшін бұл марапат – ең беделді халықаралық сыйлық, ол "Кіші Нобель сыйлығы" деп те аталады. Сыйлық белгілі балалар жазушылары мен суретші иллюстраторларға ғана беріледі.

Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізіледі. Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады. Оларға бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылып, кішкентайлардың санасын ояту мақсатында түрлі дәрістер де оқылады.

Әлемнің ұрпақтары білімді де, саналы болып өсу үшін қай мемлекет болса да, жай қарап жатпасы анық.  Осы күнге орай көптеген белді компаниялар балаларға арналған кітаптардың жарық көруіне ат салысады. Өздерінше қолдау көрсетіп, демеушілік етер ұйымдардың саны артады. Жыл сайын әлем елдері мерекенің тақырыбын алдын ала белгілеп, арнайы атақты авторларды қонаққа шақырады. Осы арқылы балалардың көңілін білім мен танымға арттырады.

1956-2018 жылдар аралығында бұл сыйлықты алған балалар жазушыларының тізімі:

2018 ж. Eiko Kadono (Жапония)
2016 ж. Cao Wenxuan (ҚХР)
2014 ж. Nahoko Uehashi (Жапония)
2012 ж. Мария Тереза ​​Андруэтто (Аргентина)
2010 ж. Дэвид Алмонд (Ұлыбритания)
2008 ж. Юрг Шубигер (Швейцария)
2006 ж. Маргарет Махи (Жаңа Зеландия)
2004 ж. Мартин Уодделл (Ирландия)
2002 ж. Эйдан Чемберс (Ұлыбритания)
2000 ж. Ана Мария Мачадо (Бразилия)
1998 ж. Кэтрин Патерсон (АҚШ)
1996 ж. Ури Орлев (Израиль)
1994 ж. Мичио Мадо (Жапония)
1992 ж. Вирджиния Гамильтон (АҚШ)
1990 ж. Тормод Хауген (Норвегия)
1988 ж. Анни М.Г. Шмидт (Нидерланды)
1986 ж. Патриция Райтсон (Аустралия)
1984 ж. Кристина Нестлингер (Аустрия)
1982 ж.Лигия Божунга Нунес (Бразилия)
1980 ж. Богумил Риха (Чехословакия)
1978 ж. Паула Фокс (АҚШ)
1976 ж. Сесил Бёдкер (Дания)
1974 ж. Мария Грипе (Швеция)
1972 ж. Скотт О'Делл (АҚШ)
1970 ж. Джанни Родари (Италия)
1968 ж. Джеймс Крюсс (Германия)
1967 ж. Хосе Мария Санчес-Силва (Испания)
1966 ж. Туве Янссон (Финляндия)
1964 ж. Рене Гийо (Франция)
1962 ж. Майндерт ДеДжонг (АҚШ)
1960 ж. Эрих Кестнер (Германия)
1958 ж. Астрид Линдгрен (Швеция)
1956 ж. Элеонора Фарджон (Ұлыбритания)

Т. Раушанұлы