Ғылыми фантастика классиктерінің туындыларын тегін оқыңыз

Ғылыми фантастика классиктерінің туындыларын тегін оқыңыз
Фото: vk.com

Ғылыми фантастика классиктері ағайынды Стругацкийлердің барлық туындысын енді тегін оқуға болатынын Борис Стругацкийдің ұлы Андрей фейсбук парақшасында хабарлады.

Жазушылар мұрагерлерінің айтуынша, олар бірнеше уақыт бойы Стугацкийлер туындыларын заңсыз жариялаған сайттармен күресіп келген. Бірақ, бұл күрестің шегі болмасын білген балалары енді шектеу қоюдың қажеті жоқ деп шешіп, барлық сайттардағы жариялынымдарға рұқсатын берді. Қазір жазушылардың барлық шығармалары, тіпті, бұрын жарық көрмегендерін де кез-келген сайттан оқи аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, ағайынды Стругацкийлер: Аркадий Натанович 1925 жылы 28 тамызда, ал Борис Натанович 1933 жылы 15 сәуірде дүниеге келген. Олар – Совет Одағы мен Ресей жазушылары, сценаристер, ең бастысы, ғылыми және әлеуметтік фантастика классиктері.

Теңдессіз режиссер Тарковский шығармашылығында ағайынды Стругацкийлер сынды фантаст жазушылардың алар орны бір төбе. Себебі, олардың романдары негізінде түсірілген "Сталкер" фильмі философиялық ой-толғамдар бағытына әсер етіп, пікірталастар туғызды. Көпшіліктің жазушылар шығармашылығына қызығушылық танытуына әсерін тигізді.

А. Оралқызы