Apple теледидарды басқаратын жүзік дайындауда

Apple теледидарды басқаратын жүзік дайындауда

Apple компаниясы ағымдағы жылы iRing  жүзігімен басқарылатын 60 дюймдік теледидар шығарады. Ғаламторда мұндай ақпарат компания мәліметтерді «сыртқа» шығарып алғаннан соң пайда болды. Алайда, осыған  байланысты компания өкілдері әлі ешқандай мәлімдеме жасамады.

Кеңістікте орын ауыстыруды анықтай алатын қызметі бар жүзік әдеттегі қашықтықтан басқару пультін алмастырады. Кейбір мамандардың болжамы бойынша, жүзікті iPad экраны секілді басқа да қосымша құрылғымен бірге қолдануға болады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: oxyxo.ru

А. Құлтай