Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / SMS туралы қызықты деректер

SMS туралы қызықты деректер

SMS туралы қызықты деректер

Қазіргі таңда әр адамның қалтасында бір, не болмаса екі, тіпті кейбіреулерінде үш ұялы телефон бар. Заман талабына сай әр адам мобильді болуы керек, яғни жылдам қозғалып, барлық жүріс-тұрыстарын, ойдағы жоспарларын іске асыруы қажет.

Иә, адам мобильді болуы үшін оған кішкентай көмекші қажет. Ол көмекшінің аты - ұялы телефон. Дәлірек айтсақ, ұялы телефонның көмегімен қысқа хабарламаларды жіберу мүмкіндігі. Күніне жақындарымызға бірнеше SMS жібермесек, өзімізді бір шаруаны бітірмегендей сезінеміз. Қысқа хабарламаларды қабылдап/жіберу дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың күнделікті әдетіне айналып кеткен. SMS хабарламалары жайлы шағын ғана деректер топтамасын сізге ұсынамыз.

"SMS" ағылшын тілінен (Short Message Service) "қысқа хабарламаларды жіберу қызметі" деп аударылады.

Nokia телефондарына қысқа хабарлама келіп түскендегі құрылғының шығаратын дыбысы Морзе коды болып табылады. Бұл дыбыс «SMS» дегенді білдіреді.

GSM стандартындағы қысқа хабарламаның максимал өлшемі 140 байт болғанымен, бір тілден екінші тілге кері кодтау айырманың кесірінен бір хабарламаға кириллица қаріпінде 70, ал латын қаріпінде 140 таңба теруге болады.

Статистика бойынша, барлық ұялы телефон қолданушыларының тек 40%-ы қысқа хабарламалар жіберу қызметіне жүгінеді.

Психологтардың пайымдауынша, SMS хабарламалар мен виртуальды әлеуметтік желілердегі белсенді қарым-қатынас адамды өтірік айтуға итермелейді.

АҚШ тұрғындары SMS жіберу бойынша дүние жүзінде алғашқы орынды иеленіп отыр. Олар жылына шамамен 830 миллиард қысқа хабарламаларды жібереді екен.

Алғашқы SMS 1992 жылы 25 желтоқсан күні компьютерден Vodafone желісінде жұмыс істеген ұялы телефонға жіберілді. Хабарламада: «Merry Christmas!» деп жазылды. Бір жылдан кейін қысқа хабарламаларды жіберу қызметін бүкіл Еуропа пайдаланды.

Португалия азаматы Педро Матиас (Pedro Matias) LG enV3 телефонымен 264 таңбалы хабарламаны 1 минут 59 секунд ішінде теріп, Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Virginia Tech Transportation Institute жүргізген ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, жолда көлікпен келе жатып, SMS оқып, не болмаса жазып тұрған адамның қарапайым жүргізушіге қарағандағы жол апатына түсу ықтималдылығы 23 есе көп.

Сурет: oskemen.info

5904 35
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 13 наурыз 2012, 18:00
Пікірлер
+0
13 наурыз 2012, 19:08

Нокиадағы "ты-дыт-ты дыт" смс дегенді білдіреді екен ғо))))

+0
13 наурыз 2012, 19:09

айтпа

+0
13 наурыз 2012, 19:12

ал ана тыры-тың-тың тыры-тың-тың тыры-тың-тың тыры-тың-тың дегенші?

+0
13 наурыз 2012, 19:14

жәй қоңырау ғо, қайсысын тағы білесің? мынаны тауып көрші: ту-дут-ту-дут-туду-туду-туду-туду-ту-дут)))

+0
13 наурыз 2012, 19:16

бұлда жәй қоңырау болар шамасы)

+0
13 наурыз 2012, 19:17

Асеке, бумердағы рингтон ғой

+0
14 наурыз 2012, 14:40

Екеуің не угадай мелодию ойнап кеткенсіңдер? ))))

+0
13 наурыз 2012, 19:10

есемес ес емес

+0
13 наурыз 2012, 19:10

40 пайызға кіремін мен де )

+0
13 наурыз 2012, 19:13

негізі магам звандай салган онай! бірақ мейрамдарда бір құттықтауды бәріне жібере салам, оның қайсібіріне звондап жатасың))

+0
13 наурыз 2012, 19:25

негізі смс деген ыңғайлы ғо, бір смстың даусы шықса, бітті телепоныма қарай жүгірем))

+0
13 наурыз 2012, 19:30

қарап қасаң, Құрметті абонент деп тұрама)))

+0
13 наурыз 2012, 19:48

құпия деген жетеді ғой...

+0
13 наурыз 2012, 21:32

смс деген турган романтика!!!

+0
14 наурыз 2012, 00:36

Смс жазган маган оте унайды....Шынында романтика гой...Смс-пен талай жигиттин сабаздарын сындырып алуга болады.........)))))

+0
14 наурыз 2012, 10:45

мысалы:

+0
14 наурыз 2012, 08:31

sms!ol romantika!kelisemin!

+0
14 наурыз 2012, 10:01

Телефоным кейде кейде? байланыстан тыс бір жерде?

+0
14 наурыз 2012, 14:36

Абонент байланыс аясынан тыс жерде, немесе ол нанға кетті

+0
14 наурыз 2012, 14:42

Қыздардың приколы бар еді: Активтен смс келсе, Актив жігітім іздеп жатыр дейтін ))

+0
14 наурыз 2012, 14:47

мен смс-ти латын әріптерімен жазамын.Көбірек сияды,тұнып тұрған экономия)))

+0
14 наурыз 2012, 15:09

))) бір смске роман жазып көрген жоқсыз ба?)))))

+0
14 наурыз 2012, 15:48

Сыймай қалған кездері де болған)))))

+0
14 наурыз 2012, 15:49

сонда екіге бөліпстадыңыз ба??)) қақ ортасынан қылышпен бөліп тұрып))

+0
14 наурыз 2012, 16:02

қайдағыыы))) сол кезде ең бірінші қолға ілінгені автомат болды ғой,дрдрдр етіп атып, тас-талқанын шығарып,артынан суық қаруды қолға алып,жанымды жеп созыыыыылатыыын жерлерді қысқарттым ғой,кесіп-кесіп тастап)))Содан көңіл қалды ма қазір смс-терім қысқарып қалды)))

+0
14 наурыз 2012, 15:18

Сол ғой, Экономистпыз ғой енді ))))))

+0
14 наурыз 2012, 15:20

)) дұрыс негізі,)) өткен күннің бүкіл дүниесін жазыпстауға болад

+0
14 наурыз 2012, 15:25

Соны айтсаңызшы ))))

+0
14 наурыз 2012, 15:51

иа мен экономист болам дегенше,Фара балерина болғаны оңайырақ шығар))

+0
14 наурыз 2012, 14:49

Қызық екен

+0
14 наурыз 2012, 16:43

Бір уақыттары билайнда смс жіберу тегін болды ма, әйтеуір, небір-небір есеместер келетін. Бәрі де қазір телефонымда сақтаулы тұр.

+0
14 наурыз 2012, 18:57

сайттан тегін жіберуге болатын

+0
21 наурыз 2012, 13:15

sms jazuga erinemin....

+0
31 наурыз 2012, 01:11

менің операторымда неге екенін білмеймін смс жіберу қоңырау шалғанға қарағанда қымбат. Әлде сондай бір тариф түрін таңдап қойғанмын ба? :D Ана бір жылдары 1000 теңгеге 1000 смс сатып алу деген акция болған еді. Сол кезде ғана армансыз смс жазғанмын. Бірақ соған дейін де, содан кейін де тек қоңырау шалуға тырысам.

+0
31 наурыз 2012, 23:50

ia sms kushti goi)))uialmai angime aitasin, kisilmai!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...