Америка миды зерттеуге 100 миллион доллар бөлді

Америка миды зерттеуге 100 миллион доллар бөлді

Ақ үй адам миын зерттеуге бағытталған ерекше жоба туралы айтып берді. Кейбір БАҚ-тардағы ақпарат бойынша, зерттеу жұмысы Альцгеймер ауруын емдеу жолын іздеуді мақсат тұтады.

Жобаға 100 миллион доллар бөлініп қойған. Жұмысқа мемлекеттік ұйымдармен қатар, жекеменшік компаниялар да тартылады.

"Планетамызда өмір сүретін миллион емес, миллиард адамның өмірін жақсартуға мүмкіндік туып отыр. Біз осы үшін еңбектенеміз", - деді АҚШ президенті Барак Обама.

Зерттеу жұмыстары ғалымдарға мидың динамикалық суретін алуға, сонымен қатар, мидың клеткаларының жүйке жүйесіне әсерін толығырақ білуге мүмкіндік беретін көрінеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: warborn.ru