Жуырда ұшатын пошташылар пайда болады

Жуырда ұшатын пошташылар пайда болады

Овернь провинциясының La Poste Group пошта қызметі өз блогында Parrot компаниясы жасап шыққан радиомен басқарылатын құрылғы арқылы тұрғындарға газет жеткізіп тұруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Қазіргі таңда 20 пошта қызметкері мен 20 ұшқышсыз ұшатын құрылғы хат-хабарларды таратуды тестілеуде. Пошта қызметкерлері IPod Touch, iPhone және Android құрылғыларына орнатылған арнайы қосымшалар арқылы ұшқышсыз ұшатын аппараттарды бақылай алады.

Поштаны жеткізудің жаңа әдісін ойлап тапқандар аталған әдістің шынымен де пайда әкеле алады деп есептейді. Себебі, 50 метрлік биіктікке ұшатын ұшқышсыз ұшақтар арқылы дуал секілді кедергілерден, тіпті кептелістен оңай құтылып, шалғай орналасқан аудандарға жылдам жетуге болады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: ridus.ru 

Ж. FM