Газды сусындар жылына 180 000 адамды өлтіреді

Газды сусындар жылына 180 000 адамды өлтіреді

Бүгінде тәттілендірілген газды сусындар жүз мыңдаған адамдардың өліміне себепкер болып отыр. Мамандар сөзіне сенсек, олардың әсерінен қантты диабеттің екінші типі жедел түрде дамитын көрінеді. Таяуда әлемнің халық ең тығыз орналасқан 15 елінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Мексикада 1 000 000 адамның 318-і (ең жоғарғы көрсеткіш), Жапонияда 1 000 000 адамның 10-ы (ең төменгі көрсеткіш) газды сусындардың әсерінен қаза болатындығы анықталды. Бұл - бір.

Ал Бостондағы гарвардтық мектеп жанындағы қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының мамандары қант қосылған "Кока-кола" және "Фанта" сынды газды сусындар ұзақ уақытқа созылатын аурулардың (хронические заболевание) таралу қаупін тудырады деп отыр. Мәселен, диабет, жүрек аурулары және қатерлі ісік ауруларының пайда болуы ғажап емес. Мамандар жүргізген зерттеу жұмыстың өзектілігі өте маңызды болғанымен, өлім себепкері сусын болып отырғандығы туралы нақты дәлелдер әлі күнге дейін ұсынылмай келеді. Сондықтан, мұндай сусындар әлі де сатылымға шығарылатын болады. Қалай болғанда да, аталған сусындардың дұрыс тамақтануға жатпайтындығын мойындау керек.


Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева