Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қатерлі ісік жасушаларын анықтайтын құрал

Қатерлі ісік жасушаларын анықтайтын құрал

Қатерлі ісік жасушаларын анықтайтын құрал

 Бірнеше жыл бойы қажырлы еңбек пен ғылыми зерттеу жұмыстарының жүздеген тәжірибелері нәтижесінде NASA агенттігінің инженерлері қатерлі ісік жасушаларын анықтайтын құрылғыны ойлап тапты. Құрылғы смартфонға қосылатын мобильді қондырғы негізінде орындалған. 

 Амес ғылыми зерттеу орталығының ғалымы Цзин Ли бұл ноу-хау жайлы былай дейді: "Осы құрылғы өлшемдері пошта маркасымен пара-пар келетін чип негізінде құрастырылған. Чипте орналасқан 32 сенсордың әрқайсысы әр түрлі наноматериалдардан жасалғандықтан, әр сенсор қатерлі ісік жасушаларының химиялық құрамын анықтай алады"

 Қазіргі уақытта құрылғы сынақтан өтуге толықтай дайын. Модуль смартфонға бекітілетін пластик корпуста орналасқан. Қатерлі ісік жасушаларын анықтайтын қондырғы қандай смартфонмен жұмыс істейтіні жайлы NASA ғалымдары айтпағанымен, суреттен аңғарғанымыздай бұл iPhone болмақ. Егер де бұл жоба ойдағыдай дамып кетсе, құрылғыны басқа да кең қолданыстағы смартфондарға бейімдеуге болатыны анық.

 Алғашқыда бұл технология зымыран отынының ауаға төгілу орындарын анықтау мақсатында ойластырылған. 2008 жылдан бастап зымырандарда ауа сапасы мен құрамындағы формальдегидті анықтау үшін қолданылып келеді. Келешекте технологияның зерттеу аймағы бұдан да кеңейе түспек. Мысалы бұл технологияны қант диабетімен ауыратын адамдардың қан деңгейін анықтауда қолдануға болады.

Егер жоғарыда айтылған қондырғының тиімділігі мен жұмыс істеу дәлдігі ойдағыдай болса, жақын арада қатерлі ісік ауруына шалдыққан көптеген адамдардың өміріне араша болары анық. Тек ғалымдар осы жолдан таймасын деңіз.

Сурет: 3dnews.ru

5760 8
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 12 наурыз 2012, 11:00
Пікірлер
+0
12 наурыз 2012, 11:55

рас па???

+0
12 наурыз 2012, 12:03

техниканың дамығаны соншалылықты, неге сенеріңді білмей қаласың

+0
12 наурыз 2012, 11:56

Мұндай құрал отандық емханалардан табыла ма екен?

+0
12 наурыз 2012, 11:58

))уақыт өте келе пайда болар біздің емханаларда

+0
12 наурыз 2012, 13:55

Жаңалықтың басы ғана сияқты ғой-ау.

+0
12 наурыз 2012, 15:17

Жақсы ғой мынау

+0
13 наурыз 2012, 01:27

Ракты анықтау үшін ауырудың зәрін арнайы үйретілген иттерге искетіп те анықтайды екен. Өте сенімді дейді.

+0
13 наурыз 2012, 12:12

толығырақ, айтып берсеңіз, қызық боп кетті

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...