iPad планшетінің жұмыс уақыты Props Power Case есебінен ұзаратын болды

iPad планшетінің жұмыс уақыты Props Power Case есебінен ұзаратын болды

Ендігі жерде iPad планшеттерінің жұмыс уақытына көңілі толмайтын оның иелері оны Props Power Case қабы есебінен ұзартуына болады. 

Props Power Case планшет қабын iPad 4, iPad 3, iPad 2 және iPad mini құрылғыларына пайдалануға болады. Аталған қап екі түрлі нұсқада нарыққа шықты. Біріншісі сыйымдылығы 12000 мА/сағ болатын аккумуляторға арналған болса, екіншісі 8000 мА/сағ арналған. Одан бөлек, Props Power Case қабында құрылғының қалған қуаты жөнінде көрсететін индикатор орналасқан.  

Қап өзінің USB-интерфейсі арқасында басқа да гаджеттерді қуаттандыра алады. Нарықта сыйымдылығы жоғары қап бағасы 100 доллар тұрса, кішкенесі 90 доллар. Ал iPad mini құрылғысына арналған түрі 80 доллар болады.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет