Ғажап алма

Ғажап алма

Естімеген елде көп демекші, Ұлыбритания тұрғыны Донна Вуд дүкенге барып, бала-шағасына жеміс-жидек алмақшы болады. Үйіне келіп, балаларына сатып алған алмалардың арасынан ерекше біреуін тауып алған әйел аң-таң.

Оның себебі, алмалардың арасында бір жарты бөлігі қызыл, екінші жағы жасыл данасы табылған. Табиғаттың тылсым күштері ме, әлде генетикалық ауытқу ма, ешкім жауап беруге асығып тұрған жоқ. Екі түрлі түсті алмаларды қақ ортасынан қосқандай. Алмадағы екі түстің қосылған жері түп түзу. Бір қызығы, сатып алған алмалардың қалғаны әдеттегідей еді.

Сарапшылардың айтуынша, бұл табиғатта өте сирек кездесетін жағдай. Бұл генетикалық ауытқу ауа райының қолайсыз жағдайынан, жәндіктердің жеміске келтірген зиянды бактерийлердің нәтижесінен де пайда болу мүмкіндігінен дейді. Қақ ортасынан екі түске боялған алма табиғатта миллион жағдайдың біреуінде ғана кездеседі. Міне табиғаттың ғажап күші деп осыны айт.

Сурет dailymail.co.uk

Форумда талқылау