Ғаламтор жайлы не білесіз?

Ғаламтор жайлы не білесіз?

Ғаламтордағы суреттердің 80 пайызы ашық (жалаңаш) әйелдерді көрсетеді.

Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтстің үйі Макинтош компьютерін қолдана отырып жобаланған. 

2012 жылы Интернетпен байланысты шамамен 17 миллиард құрылғы болды. 

Әр ай сайын жарты интернетке миллионнан астам домен аты тіркеледі.

Электронды пошта ғаламтордан бұрын ойлап табылды.

e-Bay интернет дүкенінде әр секунд сайын 680 долларға келісім жасалады.

АҚШ елінде өткен жылы отау құрған әр сегізінші жұп интернет арқылы танысқан.

Орта есеппен алғанда 21 жастағы адам видеоойынға 5000 сағат, ұялы телефонға 10000 уақыт жұмсап, 250 000 электронды хат оқыған екен.

Компьютер қолданушы орта есеппен алғанда минутына 7 рет көзін жыпылықтады. Бұл әдеттегі нормадан 3 есе аз.

Баннерлік жарнама тұңғыш рет 1994 жылы қолданылды.

Тұңғыш компьютер тышқанын Дуг Энджелбарт 1964 жылы жасап шықты. Ол ағаштан жасалынған болатын.

Ең бірінші тіркелген домен аты Symbolics.com болып саналады.

Z1 деп аталған әлемдегі ең алғаш компьютерді 1936 жылы Конрад Цуз ойлап тапты. Ал оның 1939 жылы жасалған келесі өнертабысы - Z2 тұңғыш толықтай қызмет атқаратын электромеханикалық компьютер болды. 

Интернетке күн сайын шамамен  1 319 872 109 адам кіреді.

50 миллион қолданушыны жинауға радиоға 38 жыл, теледидарға 13 жыл қажет болса, ғаламторға небәрі 4-ақ жыл жеткілікті болды. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vk.com

Ж. FM