Ақылға қонбайтын 20 ғасырдың гаджеттері

Ақылға қонбайтын 20 ғасырдың гаджеттері

Көзілдірік – теледидар, 1963. Бүгінгі 3D-көзілдіріктердің арғы атасы деуге болады.

Адам қиялы шексіз және әрқашан солай болып қала беретіні сөзсіз. Бұл жолы біз болашаққа емес, керісінше өткен күндерге сапар шегуді жөн көрдік. Нақтырақ айтар болсақ, 20 ғасырдың өнертапқыштары мен ғалымдар ойлап тапқан қызықты гаджеттер мен техникалық құрылғылардың топтамасын ұсынбақпыз.  

Жылжымалы сауна, 1962. Оңтайлы әрі үнемді!

Велосипед шинасынан жасалған «суға батырмайтын жилет» (Германия, 1925)

Жатып ойнайтын пианино. Бұл төсек тартып қалғандарға арналған (Ұлыбритания, 1935)

Радио-бас киім (АҚШ, 1931)

Жатып оқуға арналған көзілдірік (Англия, 1936)

Фототапанша. Қарудың шүріппесін ағытқанда суретке түсіреді (АҚШ, 1938)

Газды шабуыл болған жағдайда қолдануға арналған бесік арба (Англия, 1938)

Бораннан қорғануға арналған бетперде (Канада, 1939)

Мастықтың алдын алуға арналған мұзды компресс. Бұл 1947 жылы Max Factor қызметкерінің Голливуд әртістеріне арналған өнертабысы.

Қос мекенді велосипед. Ол көлік жер де, суда да қатынай алады. Оның судағы максималды жүк көтерімділігі 120 килограмм (Франция, 1932)

Бір дөңгелекті мотоцикл, максималды жылдамдығы сағатына 150 шақырым (Италия, 1931)

Жаңбырлы күнде қолдануға арналған шылым мүштік (1931)

Жүргізушілерге арналған оятқыш. Бас иген кезде қосылады (1936)

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: tech.obozrevatel.com.

Ж. FM