Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Шертпе күй және оның аймақтық таралуы

Шертпе күй және оның аймақтық таралуы

Шертпе күй және оның аймақтық таралуы

Шертпе  күй - аты айтып тұрғандай шертіліп тартылатын күй,  мұндағы сөздің түбірі  - «шерту» етістігі, музыкалық сөздікке кейіннен енген  атау (ертеде күйді бөле атау үрдісі жанрлық ерекшелігіне байланысты  болған, мысалы – жыр күйлер, би күйлер, ойын күйлер т.б.). Кейбір  зерттеулердегі «шер» сөзінен шыққан, іштегі шерді қозғайтын күй деген анықтаманың көңілге қонуы қиын, төкпе болсын, шертпе болсын, қазақта  шер қозғамайтын күй бар ма? 

Қысқасы, шертпе - тарту техникасы көбінесе бір ішекті саумалай шерту  әдісіне құралған күйлер. Мінезіне келсек – жалпы ұлтық күйшілік дәстүрге  ортақ қарекеттің барлық белгілері бар, біржақты «жуас» деу жаңсақ ұғым, себебі – шертпе мектебінен шыққан екпіні төкпеге барабар күйлер толып жатыр (мысал үшін - «Салкүрең», «Дайрабай», «Ыңғай төкпе»,  «Көкбалақ» т.б.). Сондықтан, шертпе күйдің табиғатын танудың бір  амалы – аймақтық мектептерін анықтау.

Қазақтың тамаша күйшілік мектептерін орнықтырып кеткен ұлы күйшілердің шығармашылығын барлағанда - әуені мен тартысына қарап, қай өлкенің тумасы екенін анықтауға әбден болады, өйткені, ғасырлар бойы  қалыптасқан белгілі бір сарындар тобы сол топырақтың ғана меншікті мақамына айналып кеткен, күй қай аймақта, қай уақытта туса да, қазақтың құлағы оны жазбай танитыны содан. Әрбір аймақтың тілінде, киімінде,  қолөнері мен тұтынатын заттарында сол жерді мекендеген елдің қауымдық ерекшелігіне тән айырмашылықтар болатынын этнографтар да жоққа шығармайды, алайда, бұл факторлардың ұлт мұрасының тұтастығына  нұқсаны жоқ, керісінше, мәдениетіміздің байлығы мен байтақтығы болып  саналады.

Қазақ тарихын түркі заманынан бастап зерттеген орыс ғұламасы – Л.Н.Гумилев шығыс өркениетінің Алтай жерінен бастау алғанын жазады,  қазіргі кезеңге дейін жетіп отырған алтайлық әндер мен күйлерді тыңдағанда  олардың көне түркілік сазға құрылғанын аңғару оңай. Музыкатанушы-ғалым П.Шегебаев бұл мектеп туралы мынадай пікір айтады: «...Шығыс аймақта  дамыған аспаптық үлгі қазақ музыка мәдениетіндегі ерекше құбылыс. Мұны тарихи тағдыры бір түркі-мұңғұл халықтарынан қалған мәдениет деп тануға әбден болады. Аспаптық шығармаларының обертонға бай, тембрлік бояуларының қою (қоңыр) болатыны соның әсерінен». (Шығыс Қазақстандық аспаптық музыканың стильдік ерекшеліктері. Мақала. Музыкальное искусство: Наука и образование. Ғылыми еңбектер жинағы, Астана-2004.) Шертпе өнерінің белді өкілі - Байжігіттің күйлерінен тек Шығыс өлке емес, қазақтың барлық күй мектептеріне ортақ қайырымдарды кездестіруге болады. Айтпағымыз, қазіргі шертпе күй мектептерінің қалыптасуының басы - қасиетті Алтай жерінен бастау алады деген тұжырым.

Қазақтың шертпе күйлерінің аймақтық ұяларын былайша тарқатуға болады:

         1.Шығыс Қазақстандық (Алтай-Тарбағатай) күйшілік мектеп; 

         2.Арқа күйшілік мектебі;        

         3.Жетісу күйшілік мектебі;

         4.Қаратау күйшілік мектебі.

Жеке тұлғалардың орындаушылық мектептері:

        1.Байжігіт мектебі;

        2.Тәттімбет мектебі;

        3.Қожеке мектебі;

        4.Сүгір мектебі;

Өнерде ерекше ізі қалған күйшілердің мәнерлік мектептері:

       1.Әбікен  мектебі; 

       2.Жаппас  мектебі;

       3.Мағауия  мектебі;

       4.Төлеген  мектебі;

       5.Нұрғиса  мектебі;

       6.Уәли  мектебі.

Әлбетте, осы аттары аталған күйшілердің тартыс үлгілері қазақ музыкасының алтын қорында сақтаулы, сондықтан кейінгі орындаушылардың шертпелік өнерде бірден-бір бағыт алар бағдары болып  отыр. Оның үстіне осы үлгілерге еліктеп өскен бір қауым күйшілер буыны өсіп жетілді.

Қазіргі уақытта шертпе дәстүрін дамытып, аймақтық күйшілік мектептердің салтын сақтап жүрген домбырашылардан – Боранқұл Қошмағамбетов (марқұм), Мұхаметжан Тілеуханов, Таласбек Әсемқұлов, Дәулетбек Садуақасов, Білал Ысқақов, Секен Тұрысбеков, Рымхан Әбілханов, Базарәлі Мүптекеев, Саян Ақмолда, Сәрсенғали Жүзбаев, Мұрат Әбуғазин, Қайрат Айтбаев, Арман Қадырбектердің есімдерін атауға болады.

Шертпе күй туралы арнайы кітаптар жазып, ғылыми зерттеу жүргізген  ғалымдарымыз – А.Жұбанов, У.Бекенов, М.Айтқалиев, А.Сейдімбек, Ә.Мұхамбетова, П.Шегебаев, Р.Малдыбаева, Т.Әсемқұлов.

Шертпе күйшілердің өмірі жайлы әдеби деректер қалдырған  жазушыларымыз – Т.Әлімқұлов, С.Бегалин, М.Мағауин, Ж.Алтайбаев, К.Салықов, І.Жақанов, Т.Әсемқұлов, К.Жүнісов, Ө.Кәріпұлы, Я.Амандықовтар.  

 

Автор: Жүзбай Жанғали

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: baike.com

6171 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 12 наурыз 2013, 16:10
Пікірлер
+0
12 наурыз 2013, 18:29

Маған ұнайды осылай тартылған күйлер, кейбір әндерді тартқан кезде де кездеседі ғой сондай ұнайды көбіне көңілді боп келеді ырғағы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...