Ең кішкентай әрі ең жеңіл телефон

Ең кішкентай әрі ең жеңіл телефон

Willcom  атты жапондық ұялы байланыс операторы жақында Phone Strap 2 WX06A ұялы телефонын көпшілікке таныстырды. Бұл телефонды компания өкілдері қазіргі телефондар ішіндегі ең кішкентайы және ең жеңілі деп есептейді. Құрылғы экраны бар болғаны 3 сантиметр, көлемі - 32×70×10,7 мм, ал оның салмағы 32-ақ грамм (аталған телефон iPhone 5-тен шамамен 4есе жеңіл).

Өкінішке орай, әзірге Phone Strap 2 телефонында камера жоқ, алайда, аппарат ИК-порт-пен жабдықталған екен. Телефонның көлеміне байланысты, оған үлкен батарея орнату мүмкін болмаған, ал құрылғыға орнатылған қазіргі батарея 2 сағат сөйлесуге және тосу режимінде 300 сағат болуға жетеді.

Жапон нарығына мұндай телефондардың 12 мың данасы шығарылады деп күтілуде. Оларды үш түсте сатып алуға болады: алқызыл, ақ және қара. Телефонның бағасы қанша болатыны әзірге белгісіз.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM