Дельфиндер бір-бірін өз атымен шақырады

 Дельфиндер бір-бірін өз атымен шақырады

Кейде деректерге үңіліп отырып өмірден тұрақтылық тапқандай боласыз. Өйткені, тұрақсыздық бар жерде тұрақтылық бар...

Букингемский сарайына қарасты Макдоналд орталығының қожайыны кім екенін білесіз бе? Әрине, суреттегі адам.

Британдық бір инженер қою кофе арқылы жүріп тұратын көлік жасап шығарған...

Еспе қолтырауындар - керемет жүзгіштер. Олар кейде жағадан біршама қашықтыққа ұзап шығып, акулаларды аулайтын көрінеді.

Осы жылдың 20 ақпанында Швейцарияда мемлекеттің қарамағындағы жалғыз жабайы аюды атуға бұйырды. Өйткен себебі, әлгі бейшара елді-мекендердің қасынан кетпей қойып, терезелердің мазасын алған сыңайлы.

Адамдарды есепке алмағанда, дельфиндер бір-бірін өз атымен шақыратын жер бетіндегі жалғыз жануарлар.

Рэптың шығу тарихы (Америка) 1970 жылдардың басына тұспа-тұс келеді десек, сөйтсек, отызыншы жылдарда олдскульді рэп өнері болған екен.

Сексенінші жылдары жазылған "Дредд қазының" алғашқы нұсқасы қайта қаралып, дамытыла келе "Робоковка" айналған.

Белгісіз бір американдық миллионер бүкіл байлығынан айырылып, нәтижесінде көшеде қалыпты. Содан ең соңғы ақшасына мотоцикл сатып алып, осы күнге дейін біраз жерді шарлап келген. Өз сөзіне сенсек, өзін бақытты санайды.

Бізге дейінгі бесінші ғасырда Үндістанның оңтүстігінде ит басты адамдар өмір сүрген. Оларды сол кездің тарихшысы грек Ктесий "киноцефалдар" деп атапты.

Бірде Рим императоры Калигула өз әскерін Ла-Манш бұғазына алып келіп, қол астындағы бағыныштыларына бақалшық жинауға әмір берген. Ішкі ойы: мұхитты жаулап алу. Ақыры "олжаның" бәрін тиеп, масаттанған күйі Калигула үйіне қайтқан-мыс.

сурет:liveinternet.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига