Тезірек браузеріңді тексер!

Тезірек браузеріңді тексер!

Интернеттегі жұмысың ұнамды да өнімді болсын десең, мына ережені есте сақта: бір браузерде тек тоғыз парақша ғана ашылуы керек. Тоғыз парақшалардың бірінде ашылған бұл жазба «неге» деген сұраққа жауап береді.

Мәселен, сен осы жазбаны, YouTube-тегі әзілдерді, mail.ru-дағы қыздардың суретін ашық ұстай алмауға мүмкіндігің жоқ екенін елестетейік. Осылайша, сенде жұмыс жасауға әлі 6 парақша бар. Неге бұлай? Неліктен парақшалар саны тоғыздан аспауы керек? Жауабы мынада: браузер жасап шығарушылардың айтуынша, парақша санының дәл осы мөлшерде болуы интернет қолдануды барынша оңтайландырады.

Сен парақшаларда не жазылғанын бәрібiр де көре алмайсың

Қазір қандай браузердің сәнде екені немесе монитордың көлемі маңызды емес. Chrome, Firefox, IE, Safari және Opera бір уақытта ашылған парақшалар санына бірдей әсер етеді: олар тақырыпты жалпайтып тастайды, артық парақшаларды жасырады не болмаса бұрын ашылған парақшаларды жүктеуді тоқтады (егер сен парақшаны кеше ашып, содан бері оған кірмесең –  құр ашып қойғанның пайдасы қанша?). «Иә, бірақ мен әрқашан қызықты бетке оралу мүмкіндігіне ие болғым келеді!» дерсің сен. «Шынымен бе? Онда дәл қазір мониторға қарамай 37-парақшада не ашулы тұрғанын айтшы? Айта алмайсың ба? Жарайды, енді қарап көрші... Не деп тұр екен? М деген әріптен бастала ма? Ол не тағы? Өзіңді-өзің алдаушы болма: парақша саны көп болған сайын, браузерлер терезелері одан да өнімсіз бола бастайды.

Браузер бәрібір де сенің іздегендеріңді сақтап отырады

Браузер сен қолданған сайттар тізімін есте сақтай алады. Көптеген браузердің тарихы тікелей мекенжай сілтемесіне жібереді.

Сен бәрібір де мұндай ақпарат көлемін игере алмайсың

Жүздеген парақша ашу сенің әрқашан тыным таппайтын еңбекқор екеніңді емес, керісінше әрдайым сенің жинақы еместігіңді, ойыңды бір нәрсеге шоғырлай алмайтыныңды көрсетеді. Өзіңді бір тақырыпқа байланысты бірнеше ақпарат көзімен ғана жұмыс істеуге, содан соң ғана ары қарай жүруді үйрет. Бұл анағұрлым тиімді. Егер саған бір уақытта бірнеше жобамен айналысу керек болса, үш терезе ашып, әрқайсысын 9 парақшадан қылған жөн.

Әрине, неге 9 парақша болуы керектігін сұрарсың. Жауап: әрбір заманауи браузер Ctrl-1, Ctrl-2 осылай Ctrl-9 дейінгі комбинациялармен жабдықталған. Аталған комбинациялар парақшадан-парақшаға жылдам ауысуға мүмкіндік береді және өзің біліп тұрған саннан кейін мән-мағынасын жоғалтады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: yandex.kz

Ж. FM