Ожырай шешеннің айтқандары

Ожырай шешеннің айтқандары

Қазақта «Сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр» деген ұғым күні бүгінге дейін халық санасына сіңіп, сөз құдіреті ел қорғаған батырмен тең деңгейде ұсталған. Сондай сөз ұстаған шешендердің бірі ХІХ ғасырда Тарбағатай өңірінде жасаған Ожырай шешен екен.

Ожырай шешен жиеніне былай деген екен: «Қойы көпке сөйлесең, қонақ той мен бойдағын айтады. Түйеліге сөйлесең, өркеші биік тайлағын айтады. Сиырлыға сөйлесең, айраны мен қаймағын айтады. Жылқылыға сөйлесең, жорғасы мен саңлағын айтады. Мұңлы жанға сөйлесең, қайғы-қасірет арманын айтады. Жақсыменен сөйлессең, тауып сөйлеп ойдағыны айтады, жаманмен сөйлессең, шатып- бұтып қайдағы айтады.

* * *

Ожырай шешеннің кемпірі қайтыс болып, ұл-келінінің қолына қарап қалады. Сонда бұрын сүт алып тұратын кедей көршісінің баласы және сүт сұрай келіп, ыдысын жасырып тұра қалады. Оны байқап қалған Ожырай:

«Сиырдың сүті желінінде,

Ожырайдың билігі келінінде.

Екі қатын өлтірген сұм Ожырай,

Өлсе билік айтпайды келініне, – деген екен.

* * *

Ожырайдың келіні бір күні сырттан жүгіріп келіп:

- Ата, жел шығып отты шалқытып тұр, қалқаны қай жағынан қояйын? – депті. Сонда Ожырай:

- Балам, Қалқаны жел жағына қой да, Ожырайды ық жағына қоя сал, - деген екен.

Сөйтсе, Ожырайдың әкесінің аты Қалқа екен.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: namys.kz

M. Auelkhan