Биоинженерлер жасанды адам құлағын жасап шығарды

Биоинженерлер жасанды адам құлағын жасап шығарды

Корнелль университетінің зерттеушілер тобы 3D баспасы мен тірі жасушалар құрамын пайдалана отырып, жасанды құлақ жасап шығарды. 

Мамандардың сөзінше, жасалған құлақтың шын түрінен еш айырмасы жоқ көрінеді. Жасанды ағза ендігі жерде құлағынан айырылған адамдарға орнатылып, осындай проблемалардан зардап шегіп келгендердің мәселесі түпкілікті шешімін табуы мүмкін. 

1

Осыған дейін оташылар құлаққа зәру адамдарға пациенттің өзінен алынған материалдардан құрастырылған құлақ салып келген еді. Оның үстіне бұл операция ұзаққа созылып, нәтижесінде емделушіге салынған құлақ та шын түріне ұқсамай жататын.

Ал жаңа құлақ болса, ол ең біріншіден 3D принтердің көмегімен жасалған. Бірінші ғалымдар құлақтың формасын принтерден шығарып алып, одан соң оған тышқан құйрығынан алынған коллаген мен сиыр құлағынан алынған 250 миллион хондроцит қосқан. Одан соң оны 3 ай мерзімге арнайы сұйықтыққа салып қойған. Осы уақыт аралығында жасанды ағза табиғи құлаққа айналып үлгеретін көрінеді. 

Ғалымдар ашқан бұл жаңалық болашақта медицинаның басқа да ағза мүшелерін жасап шығуына жаңа бір бағыт пен серпіліс бергендей. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет