Көңіл-күйді анықтайтын көзілдірік

Көңіл-күйді анықтайтын көзілдірік

Жақ сүйегі суалған адамның кескін-келбеті психофизиолог мамандарға көп нәрседен хабар беретіндей. Ендігі таңда әр адам өз жақынының, дос-жаранының, әріптесінің немесе тағы басқасының көңіл-күйін, ішкі эмоциясын көзілдірік арқылы көріп білмек.

АҚШ-тың “2AI Labs” зертханасы адамның ішкі дүниесін қан айналым арқылы анықтай алатын “O2Amps” атты бірнеше көзілдірік жасап шығарды. Жаңа қондырғының тұрмыс-тіршілікті айтпағанда, қауіпсіздік қызметі мен медициналық салада үлкен пайда келтіретіні айтылып жатыр. Нейробиолог Марк Чанджидің сөзіне сенсек, адам көзі тері ішіндегі оттек пен қан айналымын көруге қабілетті екен.

"Күнделікті өмірде адамдардың ішінде не жатқанын, неге алаң болып жүргенін көзге қарап-ақ білуге болады" - дейді маман-психофизиолог.

Осы бір теорияға сүйене отырып, Марк бастаған зерттеу орнының бір топ мамандары адамның ішкі-көңіл күйін анық көрсететін бірнеше көзілдірік жасап көрген. Нәтижесі жаман емес. Қазіргі таңда АҚШ-тың қауіпсіздік қызметі қызығушылық танытып отырған көрінеді.


сурет:from-ua.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига