Бұл не?

Бұл не?

Қарапайым жексенбілердің бірінде Жеральдин Варгас есімді азаматша өзінің зайыбымен аризоналық шөл далада серуендеп, суретке түсіп жүреді де, күн көзіне жылтырап жатқан ашық күлгін түсті беймәлім дүниеге тап болады.

Ерлі-зайыптылар көз алдарында жатқан жабысқақ, сұйық, күңгірт түйіршіктерді көргенде аң-таң болады. Түйіршіктерді сығатын болсаңыз шапалаққа ұқсас дыбыс шығарады екен. Адам аяқ баспайтын құла далада мұндайдың болуы ғажап нәрсе емес пе?

Олар мұндайды бұрын-соңды көріп-естімегендіктен өздерінің зоолог достарына хабарласып, қолдағы суреттерін жібереді. Достарының талпынысынан нәтиже шықпағанын көрген соң, Варгас ханым суреттерді телевидениеге жібереді.

Телевидение қызметкерлері оқиға орнына келіп, арнайы сюжет дайындайды. Оқиға бір сәтте дүниені дүр сілкіндірді. Ақырында ботаниктер бұл түйіршіктердің шырышты саңырауқұлақтар екендігін жария етті. Сондай-ақ, бұлардың гүл сауыттарын декорациялауға қолданылатын гельді түйіршіктер болуы мүмкін екендігі айтылып жүр. 

Бірақ мың ба? Және шөл даланың қақ ортасында? 

Қысқасы, бұл дүниенің не екендігін ешкім нақты айта алмай отыр. Бұл не? Сіз қалай ойлайсыз?

 

Суреттер: byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева