Адам ғұмырындағы қызықты санды мәліметтер

Адам ғұмырындағы қызықты санды мәліметтер

Бір англиялық ғалым адам ғұмырына байланысты қызықты санды мәліметтер есептеп шығарған екен. Бұл есептеулерді мамандар шындыққа ең жақын деп бағалапты. Әрі әзіл болсын, әрі біле жүріңіз.

Дүниежүзіндегі адамдардың орташа ғұмыр жасы 78.5 екен. Ендеше, осы жасқа сүйенсек:

l  Екі жарым жастан бұрын істететін жаялығы 3796 дана.

l  Әйел адам күніне 6400-8000 сөз сөйлейді.

l  Ер адам күніне 2000-4000 сөз сөйлейді.

l  Әрбір адам өмірінде 123205750 сөз сөйлейді.

l  Өмірінде шамамен 7163 рет моншаға түседі.

l  Өмірінде 1700 адаммен кісілік қарым-қатынас орнатады.

l  5272 алма тұтынады.

l  533 кітап оқиды.

l  Өмірінде 4-5 сиырды жеп қояды (Қазақтарды қосты ма екен осыған?).

l  Мөлшерімен 1201 тауық жейді.

l  2327 кг картоп жейді.

l  4.49 тонна дайын азықтық тағам тұтынады.

l  198 дана шаш жуу сұйықтығын тауысады.

l  4.15 милион рет көзін ашып-жұмады.

l  Өмірінде 77000 тал темекі шегеді (20 жастан кейін темекі тартатындар).

l  21 қойды жеп қояды (Ал қазақ болса, 200-ден кем емес).

l  74802 шыны шай ішеді.

l  Жүрек ауруынан 305 танысыңыз о дүниелік болады.

l  Жұқпалы тұмау, өкпе ауруларынан 111 танысыңыз көз жұмады.

l  15464 км жаяу жол басасыз.

l  Туылғаннан бастап, шаш алдырмасаңыз 9.42 метр шаш өседі.

l  Ал сақал 9.14 метр өседі.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: nipic.com

Қ. Қауымбек