Бұл дүниеде не артық?

Бұл дүниеде не артық?

Бұрынғылар "Бәленнен түген артық" деген тәсілмен біраз аталы сөз қалдырған екен. Мұның бәрі де жұрт жүрегінде жатталып, мақал-мәтелге айналып кетті. Сіздерге соның біразын ұсынайын. Ал қалып қойғандары болса, пікір ретінде жалғай жатарсыздар. 

  • Көр кеуде періштеден, көпті көрген пері артық.
  • Ақылсыз достан, ақылды жау артық.
  • Адамшылығы жоқ адамнан, ессіз хайуан артық.
  • Сұлудан сүйкімді артық.
  • Байламы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық, Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық.
  • Дау кемірген жігіттен, боқ кемірген ит артық.
  • Көрген көзден, берген қол артық.
  • Ортақ өгізден, оңаша бұзау артық.
  • Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
  • Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.
  • Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.
  • Өлген арыстаннан, тірі тышқан артық.
  • Алтын басты әйелден, бақыр басты ер артық.
  • Мың естігеннен бір көрген артық.
  • Қайырымсыз туыстан, қайырымды жат артық.
  • Жаман туыстан, жақсы көрші артық.
  • Сүймей алған сұлудан, сүйіп алған су мұрын артық.
  • Арамнан алған түйеден, адалдан алған түйме артық.
  • Қарау байдан кеуделі кедей артық.
  • Жеті күн жауған жаңбырдан, желіп өткен су артық.
  • Тәтті өтіріктен, ащы шындық артық.
  • Ез тірліктен, ер өлім артық. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: mongolianislam.com 

Қ. Қауымбек