Сапалы оқырман бола біліңіз

Сапалы оқырман бола біліңіз

Ақпарат дәуірі адамдарды күн сайын кітап оқудан алыстатып бара жатыр. Бірақ, ғылым жолы мен үйрену кітаптан, кітап оқудан қол үзе алмайды. Ендеше, әрі тез, әрі көп кітап оқуда басты назарға алатын түйіндерге тоқталып көрейік:

  1. Үлкен мидың түсіну жылдамдығы оқу қарқынынан тез болады. Сондықтан, миыңыздың көздің құлы болып қалуынан сақтаныңыз. Керісінше, көз түсіну қуатына қозғаушы күш болуы керек.
  2. Көз көрмегенді ми жаңарта алады. Бір әріптің мазмұнын оның формасы, алды-артындағы жазулар арқылы тауып алуға болады. Егер сіз өзіңіздің бүкіл қуатыңызды іске қоссаңыз, она сіз жақсы оқисыз, жазуларды тек сана елегінен өткізсеңіз болғаны.
  3. Егер бір сөз немесе бір сөйлемнің мағынасы анық болмаса, ал сіз оны қайта оқу қажет деп қарасаңыз, ең жақсысы жалғастырып оқи беріңіз. Барлық автор бірнеше сөйлеммен бір идеяны бейнелейді. Қайтадан оқудың қажеті жоқ. Ол тек сіздің оқу қарқыныңызды баяулатады. Әуелі автордың не айтпақшы болғанын ойланып алу керек.
  4. Көз аясын ашыңыз. Бір әріп-бір әріптен оқу тым жалығарлық құбылыс. Бір уақыттың ішінде бірнеше сөзді оқу керек.
  5. Есте сақтау қуатыңыздың қалай жұмыс істейтінін бақылаңыз. Еске ұстау қабілетіңізді жиі бақылаған сайын есте сақтау қуатыңыз жақсы бола түседі.
  6. Жазушы да адам, оның да міні бар. Оның жазу стилін жақсы көрмеу, тіпті сынауға құқылысыз. Көңіл-күйіңізге әсері мен түйсікке назар аударыңыз. Кітап осылармен сәйкес келсе, сіз белсенді, талғамды оқырман боласыз.
  7. Түрлі кітапты түрліше жолмен оқыңыз. Тек қана кәсіби салаға қатысты кітаптарды оқи беру мәдени жақтан тоқыратуы мүмкін, бәрін кезегімен оқуға тырысыңыз.
  8. Кітаптың бәрі Нобель сыйлығын алған шығармалардан тұрмайды. Оның құрылымы да дұрыс болмауы мүмкін. 
  9. Бір кітапты оқуға кететін уақыт пен оны түсініп жету дәрежеңіз жайлы өзіңіз бағыт пен нысана белгілеп, өзіңізбен сайысқа түсіңіз. Уақыт өлшемі де маңызды рөл атқарады.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: guardian.co.uk 

M. Auelkhan