Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Youtube - "Өзіңді әлемге мойындат!"

Youtube - "Өзіңді әлемге мойындат!"

Youtube -

Заманауи адамның өмірі ғаламтормен тығыз байланысты болғандықтан, онсыз адам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Ғаламтордың көмегімен жер бетіндегі миллиондаған адам өз жұмыстарын шешіп қана қоймай, ойын-сауық сайттарында "түнейтінін" сіз бен біз жақсы білеміз. Дүниежүзіндегі ең танымал ойын-сауық бейне порталы ретінде "Youtube" сайтын атауға болады. 

Арамызда "Youtube"-қа кіріп, бірде-бір бейнені көрмеген адам қалмаған шығар. Ал кейбіреулеріміз бұл сайтқа күн сайын кіреміз. Бір сөзбен айтқанда, "Youtube" интернет қолданушылар өмірінде маңызды рөл атқарып отыр.

Жер бетіндегі миллиондаған адамдардың сүйікті сайттарының біріне айналған "Youtube" -тың шығу тарихы жайлы сөз қозғауды жөн санап отырмыз. 

Сайттың негізін ертеректе "PayPal"-да жұмыс атқарған 3 дос қалады. Бейне-сервисті құру барысында, Чад Хёрли дизайнды "Indiana University of Pennsylvania" университетінде зерттеп оқыған болса, Стив Чен мен  Джавед Карим "University of Illinois at Urbana-Champaign" университетінің компьютерлік ғылым факультетінің студенттері еді.

"Youtube"-тың "туған күні" жайлы ғаламторда түрлі дау-дамайлар әлі бітер емес. Бірақ осы сайтқа байланысты бірнеше хронологиялық даталарды атап берсек:

  • 2005 жылдың 14 ақпанында Youtube домені іске қосылды.
  • 2005 жылы 23 сәуірде бейне-сервисте ұзақтығы 15 секунд болатын Джавед Карим түсірген  алғашқы бейне пайда болды.
  • 2005 жыл, мамыр айы - сайтты бета-тестілеуден өткізді.
  • 2005 жылдың қарашасында сайт ресми түрде ашылды.

Сонымен, бұның бәрі неден басталды? Алып-қашпа әңгімелер күндердің бір күнінде Чад пен Стив ұйымдастырған шағын той-томалаққа Джавед келе алмапты дейді. Жігіттерге Джаведпен қызықты кеште түсірілген бейнемен бөлісу қиындық туғызды. Және де бұл жайт Youtube бейнепорталының пайда болуына түрткі болды. Сол кезде бейне порталдың негізін қалаған жігіттер студент болғандықтан, олар сайтты бейне-танысу құралы ретінде қалағысы келген.

Ең басында сайт ұйымдастырушылары күніне бір рет кездейсоқ қолданушыға Ipod плейерін сыйға тарту арқылы сайт қолданушылар санын ұлғайтты. Википедияның ақпаратына сенсек, Sequoia Capital қоры 2005 жылдың қарашасынан 2006 жылдың сәуіріне дейінгі уақытта бейне-сервиске барлығы $11,5  миллион доллар инвестиция жұмсады. 2005 жылдың мамыр айында сайттың бета-тестілеуі басталып, бір жылдың ішінде порталдың бейне қоры 65 мың бейнемен толықты. Ал қолданушылар бейнелерді 100 миллион рет көріп үлгеріпті. 2006 жылдың қазан айында Google корпорациясы Youtube порталын 1,65 миллиард долларға сатып алу процесін бастап, қараша айында  сайтты толықтай иемденіп алған.

Форумда талқылау

Сурет  macinews.ru 

6091 27
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 29 ақпан 2012, 13:00
Пікірлер
+0
29 ақпан 2012, 14:15

үш студент негізін қалаған дейді? керемет екен ))

+0
29 ақпан 2012, 14:18

біз де жиналып алып, бірдеме қаламаймыз ба?

+0
29 ақпан 2012, 15:21

идея барма?

+0
29 ақпан 2012, 15:22

шабыт керек

+0
29 ақпан 2012, 15:26

Менде бар! "Аттан.ком" деген сайт құрып видеоларды аттандырайық!!!

+0
29 ақпан 2012, 15:47

Қажке, сен өз мақсатыңа бізді пайдаланып қалмақсыңғо сонда?

+0
29 ақпан 2012, 15:48

Аха, сөйтетін сияқты, арам))

+0
29 ақпан 2012, 16:01

Арам дейтіндей сен кім едің бала??? Идеяң болса айтсаңшы?

+0
29 ақпан 2012, 16:10

Жақсы ата, ренжімей ақ қойыңыз, ақ сақалыңыздан айналайын.)) Идея мынадай: бір сайт құрып аламыз да. Егер біреуге уақытша бір зат керек болса, ол басқа қолданушымен оған керек дүниемен алмасады. Мысалы маған уақытша ноут керек, ал сізге камера. Біз уақытша айырбас жасаймыз. Сізге камера сатып алудың қажеті жоқ, мен туысқандардың үйінде олардың ноуттарына жармаспаймын. Өте тиімді шешім емес пе?

+0
29 ақпан 2012, 16:33

Иә тиімді екен! Бірақ мұны қалай виртуальды істеуге болады екен аа???

+0
29 ақпан 2012, 17:22

қолданушылар бір-бірімен мейл немесе ұялы телефон арқылы хабарласып, айырбас жасайды. Бұл идеяның шикіліктері бар, бірақ сәл миды қосып, бәрін ескеріп, қаражат жағынан қолдау болса, бұдан бірдеме шығатын сияқты

+0
29 ақпан 2012, 22:50

қайдам, рискованный нәрсе екен.

+0
01 наурыз 2012, 17:35

тәуекелге бармайтын адам шампан ішпейді))

+0
01 наурыз 2012, 17:42

оданда қоғамға пайда әкелер бір проект жасаған дұрыс! мысалға: электронды үкімет порталы сияқты денсаулық порталын жасаса, бір база болады, соның ішінде пациенттің барлық историясы жазылатын!

+0
01 наурыз 2012, 17:47

менің идеям жұртқа пайдасын тигізбейді деп тұрсың ба? тигізеді

+0
01 наурыз 2012, 17:50

сонда жұрт сатып алған техникасын саған или болмаса басқа біреулерге бере қояды деп ойлайсыңба? тем более ноутбук сияқты заттарын?

+0
01 наурыз 2012, 17:53

Сен де оның затын аласың ғой, келісім-шартта сынған бүлінген жағдайлардағы өтемақы туралы айтылады. жеке куәліктің нөмірі, мекен-жайы деген ақпараттар да енгізіледі. Бәрі оп-оңай

+0
01 наурыз 2012, 17:54

сенімді болсаң бастап көр)

+0
01 наурыз 2012, 17:56

сайт ашу керек, есіңде бар болса, бірнеше адам болып жиналайық деп ек. Жалғыз адамның қолынан не келеді дейсің, арқа сүйер адамың болмаса

+0
01 наурыз 2012, 17:58

менен қандай көмек?

+0
01 наурыз 2012, 18:01

жөнді іс бастамас бұрын, бәрін ойластырып алған дұрыс. Дөңгелек үстел құрып, барлық болатын келеңсіз жайттарды сараптап шығып, бизнес план құру қажет. Кейін программисттерлерді тарту керек. Ақшалай көмектің де болғаны артық емес.

+0
01 наурыз 2012, 18:03

мимен көмек керек болса аянып қалмаспын) дөңгелек боларда айтарсың)

+0
01 наурыз 2012, 18:14

көресің ғой әлі бізді))

+0
01 наурыз 2012, 18:16

құлшынысың жаман емес))) Аллам сәтін салсын!

+0
01 наурыз 2012, 18:17

әумин, айтқаның келсің

+0
01 наурыз 2012, 12:07

Өзімізді мойындату керек болып тұр ғой.

+0
05 наурыз 2012, 23:48

заң жағынан да қарау керек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...