Түркияда адамға екі қол мен екі аяқ тігілді

Түркияда адамға екі қол мен екі аяқ тігілді

Қазіргі кезде медицинаның дамығаны соншалықты, бұрын мүмкін емес болған операцияларды жасау еш қиындық туғызбайды. Оған дәлел ретінде Түркия астанасы Анкарада жасалған операцияны айтуға болады. "Анкараның хирургтары әлемде алғаш рет адамға екі қол мен екі аяқты қайта тікті"- деп хабарлайды Daily Mail.

Британдық Daily Mail-дың хабарлауынша, адам сенгісіз операцияның ұзақтығы 20 сағатты құрып, бұл іске барлығы 50 медицина қызметкері жұмылдырылды. Операцияны басқарған басты дәрігер Мурат Тунчер (Murat Tuncer) пациент жайлы ешқандай мәлімет таратпаған.

Оның тек жас жігіт екендігі ғана белгілі. Екі ай бұрын оның аяғына сәтсіз трансплантация жасалғандықтан, дәрігерлер оны кесіп тастауға мәжбүр болды.

Бұған қоса, Мурат Тунчердің командасы жақында адам бет терісіне сәтті операция жасады. Бұл Түркия тарихындағы екінші сәтті өткен операция.

Мурат Тунчер дәрігер

Форумда талқылау

Сурет dailymail.co.uk, yenisafak.com.tr сайтынан