12 жылдық білім беру жүйесіне көшу 2020-ға дейін созылады

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу 2020-ға дейін созылады

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бір күндік үдеріс еместігін Білім және ғылым минстрі Бақытжан Жұмағұлов айтты. 

Кеше, 30 қаңтар күні Орталық байланыс қызметінде өткен баспасөз мәслихатында министр Қазақстанның 12 жылдық білім беру жүйесіне 2015 жылы ауысқанымен, ауысу процесі кем дегенде 4 жыл уақыт алатынын мәлімдеді.

«Мен 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – бір күнге созылатын процесс еместігін айтқым келеді. Ол 2019-2020 жылдарға дейін жалғасады. Осы жылдар аралығында тек 12 жылдық білімнің ғана емес, 11 жылдық білім беру жүйесінің стандарты да қатар жүреді», - деп түсіндірді Бақытжан Жұмағұлов.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vesti.kz

Ж. FM