Apple 128 Гб-тық iPad шығарды

Apple 128 Гб-тық iPad шығарды

Apple компаниясы ішкі жады 128 Гб-қа тең келетін iPad планшетін шығарды.

Жаңа девайс 6.1 нұсқасына жаңартылған iOS операциялық жүйесі бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ планшеттің экраны, жүйелік блогы, жедел жады және басқа да қосымшалары iPad-тың 2012 жылдың 23 қазанында шыққан төртінші ұрпағындағы планшеттердікіндей.

Бұл планшеттер ақпан айының бесінші жұлдызынан бастап сатылымға шығады деп күтілуде. Тек Wi-Fi қондырғысы ғана бар девайстың құны 799 доллар тұрса, ал Wi-Fi және LTE- сымсыз байланыс желісі бар планшеттердің бағасы 929 доллар болмақ.

Айта кетейік, Apple компаниясы 2010 жылдан бастап 16, 32, және 64 Гб iPad планшеттерін шығарып келген болатын. Жаңа девайс iPad тарихындағы есте сақтау қабілеті ең жоғарғы планшет болмақ. 

 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: yablochno.com

Ю. НИКУЛЛИН