Disney адам келбетіндегі робот құрастырып шықты

Disney адам келбетіндегі робот құрастырып шықты

Disney компаниясының инженерлері түрі адам бетіне ұқсас робот құрастырып шықты. Адам келбетіндегі роботтың негізгі міндеті өзіне лақтырылған допты үлкен дәлдікпен қағып алып, оны адамға қайтарып беру. Ал егер доп жерге түсіп кеткен жағдайда, ол адам эмоциясына сәйкес кейіп көрсете алады. 

Қозғалыстағы допты қағып алуға роботтағы бірнеше камералар жүйесі көмектеседі. Сонымен қатар, қозғалысты дер кезінде реттеу үшін роботқа бірнеше датчиктер орнатылған. 

Бір қызығы, егер робот допты ұстай алмай қалса, ол адам сияқты иығын көтеріп, басын шайқап, құлап қалған допқа үңіліп қарап, орын алған жағдайға түсінбестік танытады. Инженерлер роботты алдағы уақытта көңіл көтеру парктеріне қойуды жоспарлап отыр.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetshot.ru

Б. Қосмағамбет